kz ru en

Авторизация


Оқушыларды химия пәнінен мемлекеттік емтиханға дайындаудың тиімді жолдары

Оқушыларды химия пәнінен мемлекеттік емтиханға дайындаудың тиімді жолдары
 

«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп белгілі қаламгер Жүсіпбек Аймауытов айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап ,кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі – мемлекеттік емтихан болып отыр. Бұл жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы себептен емтиханға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп бітірушілерін қазақ тілінен дайындап шығару мұғалімнің шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген жауапкершілігі қалыптасқан. 

Емтиханға дайындаудың басты тұлғасы – мұғалім. Дайындық жұмыстарын неден бастаған дұрыс?


1)Жылдық жүмыс жоспарын жасау. Жыл бойы жасалатын 
Жұмыстарды алдын ала жоспарлау алудың маңызы зор. Жоспар оқулық материалдары негізінде жасалғаны дұрыс.
2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері. Менде 2012 жылдан бергі барлық тест түрлері жинақталған. Тест оқушылардың білімін салыстыруға, білім беру жүйесінде оқушылармен бірге жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік туғызады.

3) Бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын талдау - Бұл тестпен жұмыс 
жасау кезінде байқағаным оқушының қызығушылығы басым болады екен. Әрқайсы қасындағы оқушыдан көбірек жауап тапқысы келіп мұқият зерттеп қарай бастайды екен. Оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін өте қажет тест түрі.
4) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану. 
Сұрақтармен жұмыс жасағанда, ең бірінші ескеру керек нәрсе оқушының қызығушылығын ескеруіміз керек. Сұрақтарды баланы жалықтырмау үшін түрлендіріп отырған дұрыс. Сұрақтың мазмұнын ғана емес, берілу түрінде түрлі үлгіде жасаған дұрыс.

 5) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар; Деңгейлік тапсырмалар негізін мен «Достық» орталығынан бір оқушының алған журналынан көріп, соның негізінде жасай бастадым.
4) Логикалық тапсырмаларды талдау – емтихан кезінде
берілетін сұрақтардың ішіне логикалық тапсырмаларда енгізіле бастады. Соған орай дайындық кезінде оқушыға осындай сұрақтардың кездесуі мүмкін екенін түсіндіре отырып, логикалық тапсырмаларменде жұмыс жасап үйреткен дұрыс.

5. Тағы бір оқушы емтиханға дайындыққа байланысты төрт дәптерлері бар
1.дәптерлері 10-сыныпта жазғызу керек.

2.Тесті Ереже белгілеу дәптерлері

3.Сұрақ жазу дәптерлері

4.Тест сұрақтарын дайындау дәптерлері

Кейде  олар өздері таңдаған мамандыққа сәйкес емес пәндерді таңдап алады. Оның мынадай себептері болуы мүмкін:

1.Сол таңдаған пәніне қатысты мамандық түрлері көп және оқуға грантпен түсу мүмкіндігі бар деп ойлауы мүмкін;

2. Сол пәнді оңай деп ойлауы мүмкін;

3.Пән мұғалімдеріне қарап таңдауы мүмкін

Бұл қиындық таңдау пәндерінің арасында болатын жағдайлар. Оқушыны өзіміз шатастыратын кездерімізде көп. Мысалы: оқушы биологияны таңдаса, биология пәнінің мұғалім сен физиканы таңда, ол пәнді таңдасаң грантпен оқуға түсу мүмкіндігің көп деп басқа пәнге шығарып салуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біз оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өзіне қажеттісін таңдауға көмектесуіміз қажет.
«Ұстаз ұстаз емес, өз шәкірті үшін күймесе, шәкірт шәкірт емес, өз ұстазын сүймесе»,- деп қазақтың белгілі ұлдарының бірі Жүсіпбек Аймауытұлы айтқандай бұл жетістіктерге ұстаз бен оқушының бірлесе жасаған жүмыстарының арқасында жетіп отыр десем болады.

3
8

Комментарии (3)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Іске сәт!

Шакенов Айбол,
Преподаватель

Сабағыңыз жақсы екен!!!!!

Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Рахмет, ұнады!