kz ru en

Авторизация


Періштенің тілегі қабыл болатыны рас па?

Өткенде дәлізде келе жатсам алдымнан мен сабақ беретін сыныптың бір оқушысы қарсы алдымнан шыға келгені. Ішімнен дұрыс болды ау деп қоямын. Себебі маған сынып жетекшілері керек еді. Сынып жетекшілерің қайда десем "ол кісі декіретке кеткен"-деп мәз болып тұр. Ойпырым ай, кеше ғана мектепте жүрген кісі аяқ астынан қалайша "декіретке" кетіп қалды екен? Декіретке кететін келіншектің жүріс-тұрысы, дене бітімі өзгермеуші ме еді, мектептегі ханым біткеннің барлығы шуласып, бірі ана үшін қуанса, енді бірі сағат үшін қуануы керек еді,асханада, дәлізде, кітапханада сол кісі туралы небір әңгімелер айтылуы керек еді  деп өзімше тон пішім қоям. Әә деп мән бермей әрмен қарай кете бардым. Ертесінде әлгі декіретке кеткен кісі мектепте жүр. Өзіне айтып едім мәз болды. Декіретни дегеніміз бәлнишни болып шықты. Арада біраз уақыт салып әлгі кісі шынымен де декіретке кетті. Сәбиді ұзақ күткен екен. Көптен бері құрсақ көтере алмай жүрсе керек. Кім біледі әлгі оқушының аузына сөзді Алла салған болар. Жалпы балалардың тілегі қашанда қабыл, себебі олар періште сияқты. Оқушыңыз жақсы сөз айта іштен әмин деп қоюды ұмытпаңыз.

2
5

Комментарии (2)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Кім біледі?

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

Алла аузына салған болар! Лайымда перзент тілеп жүрген ата-аналардың тілектері қабыл болып, бесік тербетсін!