“Мамандық таңдаудың 7 қадамы” тренингі
1слайд: “Мамандықтар сыр шертеді” тренингі.
2 слайд: Мен – мамандықты жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Мамандық – кітап, түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім – әрбір бетін ашқаным.
3 слайд: Мамандық таңдау – жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.
Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж. Аймауытовтың “Жан жүйесі және өнер таңдау” еңбегінен де жақсы ақыл – кеңестер алуға болады.
Автор “мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” – дейді.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып,тіпті алдарына жоспарда құрғысы келмейді.
Міне осыған байланысты мамандықты дұрыс таңдау үшін сіздерге көмек ретінде бүгінгі тренингімізді өткізіп отырмыз.
4 слайд: Тренингтің мақсат, міндеттерімен оқушыларды таныстыру.
Білімділік: мамандықтарға сипаттама бере отырып, оқушылардың өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына мағлұматтар беру.
Дамытушылық: әр түрлі мамандықтың қыр-сырын аша отырып, оқушылардың таңдау, іздену қабілеттерін арттырып, белсенділікке іскерлікке баулу.
Тәрбиелілік: мамандыққа қызығушылығын жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу.
5 слайд: Барысы: Топқа бөліну.“Білімді мыңды, білекті бірді жығады” білім сайысы. “Тапқыр болсаң тауып көр”
/мамандыққа байланысты қасиеттерді табу/
Мамандықтар сыр шертеді “Рөлдік ойын”
6 слайд:
Оқушылармен амандасу. Келген қонақтармен танысу, таныстыру.
7 слайд:
Танысу жаттығуы. «Мен болашақта ...... маман иесі боламын деп айтады да, өз есімін айтады.
8 слайд:
Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Қалай десек те, ересек адам өмірінің үштен бірі жұмыста өтеді екен. Сіздің аптасына бес күн, сегіз сағат психологиялық дағдарыс пен сәйкессіздіктен шаршап, азапқа түсу – түспеуіңіз өмірлік тәжірибе жинамай тұрып, не істеу қажет екендігін шешкен таңдауыңызға байланысты. Талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынуды жөн көрдік.
Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
9 слайд:
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
10 слайд:
Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Програмист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
11 слайд:
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
12 слайд:
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
13 слайд:
Топқа бөлу.
Оқушыларға екі топқа бөліну үшін мамандықтар жазылған қағаздар таратылады.
І-топ. Қазіргі замандағы ақшасы көп мамандықтар.
ІІ-топ. Қазіргі замандағы ақшасы аз мамандықтар.
14 слайд:
“Білімді мыңды, білекті бірді жығады” білім сайысы.
1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?
а) 30000 б) 32000 в) 34000 г) 36000
2. Мамандықты Климов неше топқа бөлді?
а) 2 б) 3 в) 4 г) 5
3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек? а) тәрбиелілік б) еңбекқорлық в) шешім қабылдауыш г) барлық жауап дұрыс
4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атаймыз?
а) маман б) мамандық в) кәсіпкер г) іскер
5. Мұғалім дәрігер қандай типке жатады? а) адам – белгі б) адам – адам в) адам – техника г) адам – табиғат
15 слайд:
“Білімді мыңды, білекті бірді жығады” білім сайысы.
1. Адам табиғатқа жататын мамандық?
а) Ұста б) Тігінші в) әнші г) агроном
2. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне тән?
а) суретші б) сатушы в) әнші г) кәсіпкер
3. Малшыға қандай талап қойылады?
а) шебер б) күш иесі в) шыдамды г) ақылгөй
4. Бұл кәсіп иесі екі жақты сауданы нарыққа келістіріп, қызмет еткен, оған екі жақ сіріңке деп ат берген. Бүгінгі заманда бұл кәсіп қайта жанданды, бұл қай мамандық? а) емші б) басшы в) делдал г) кәсіпкер
5. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек? а) үстірт қарау б) әлсіз в) көп сөзділік г) бәрі дұрыс
16 слайд:
“Тапқыр болсаң тауып көр”
/мамандыққа байланысты қасиеттерді табу
Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр:
Тренер Тапқыр
Дәрігер Әділ
Мұғалім Өте ақылды
Журналист Шыдамды
Механизатор Өз мамандығын жетік білу
Құрылысшы Ой өрісі кең
Заң қызметкері Мейірімді
Өнер иесі Мәдениетті
17 слайд:
Мамандықтар сыр шертеді “Рөлдік ойын”
Екі топтан үш адамнан шығып, берілген карточканы таңдап алады.
Берілген тапсырманы тек ым-ишарамен орындап шығады.
Қарсы топтың көрермендері жауабын табады.
18 слайд:
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғы шарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
19 слайд: Бүгінгі сабақты мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер үлкендердің айтқан ақыл кеңестерін жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
Жақсы тренинг
рахмет