Сандық білім беру ресурсы – қазіргі заман талабы
Сандық білім беру ресурсы – бұл замануи оқушысы мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған, графикалық, сандық, тілдік, музыкалық, видео, сурет және басқа да ақпараттан тұратын ақпарат көзі.
Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Сандық білім беру ресурстарын мұғалімдер сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алатын болады. Цифрлық білім беру ресурстарымұғалімге оқытудың әр түрлі мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дұрыс айтылған
Өте жақсы мақала! Заманымыз сандық технологияларда! сандық білім беру ресурстары оқыту сапасын арттырудың қазіргі таңдағы негізгі құралы болып отыр
*Сандық білім беру* сөзі қазір мода десек те болады. Көп қолданамыз осы ұғымды практикада және теория жүзінде. Алайда бала тәрбиесі сырт қалып бара жатқан сияқты .
жақсы айтылған