kz ru en

Авторизация


«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім алушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі жолы» атты семинар

Бүгін,12.04.2017 ж.,  Н.Нұрмақов атындағы ММИ-да оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – білім алушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудың негізгі жолы» атты семинар өтті.

Семинарға облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттары, Қарағанды қаласы мектептері және «Ауыл–қала» жобасына қатысушы Бұхар-жырау ауданының жаратылыстану математика бағытының мұғалімдері қатысты.

Семинарды ҚО ББД ОӘО әдіскері З.И. Тукбаева ұлттық іс-қимыл жоспары облыстық пен мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Қ.Садуова ашты. Мектептің бүгінгі бағыт - бағдары туралы “Қазақстанның болашағы үшін әлеммен жарысқа түстік” тақырыбымен директордың көптілде білім беру жұмысы жөніндегі орынбасары Нурдильдина Клара Хамитқызы таныстырып өтті.

Семинар барысында 8- сыныпта математика пәнінен  Жалмағамбетова Л. М., «Area of a Parallelogram», 9- сыныпта алгебра пәнінен Абулкайыров А. «Sine and cosine theorems», 5 - сыныпта математика пәнінен Қасымова М. Х. «Санның пайызын табу» ашық сабақтар өткізіп, оқушыларға өмірлік жағдаяттарға  құрылған, құзыреттілікке негізделген тапсырмалар жүйесінде жұмыс жасата отырып, сабақтың әр кезеңінде тиімді технологиялар қолдану арқылы нәтижелі сабақ көрсетті.

7- сыныпта физика пәнінен Кенжалиева Ә. Б. «Еnergy. Problem Solving», 8- сыныпта физика пәнінен Омаров Е. С. «Electromagnetism» әріптестерімен өз тәжірибелерін  іскерлікпен практикалық тұрғыда көрсете білді. 7-сыныпта биология пәнінен Махметов А. «Birds» 9 сыныпта биология пәнінен Хамзе Н. « Ecology» және 7- сыныпта география пәнінен Жомартова Г. Ж. « Natural zones of Eurasia.», 5-сыныпта жаратылыстану пәнінен Құрманбаева А. С. «Саңырауқұлақтар мен микроорганизмдер» ашық сабақтар өткізіп әлемдік тандаулы тәжірибелер мен педагогикалық практиканы пайдалану арқылы өз шеберліктерін арттырумен айналысып жүргендіктеріне әріптестерінің көзін жеткізе алды.

 

Семинардың екінші бөлімінде «Болашақ - білімді жастардың қолында» білім көрмесі болды. Онда оқушылар өздерінің ғылыми жоба жұмыстары бойынша ойларын ортаға салды.

Әр оқушының сапалы білім алуы мұғалімдердің қолданатын педагогикалық технологиялар мен заманауи интербелсенді әдіс – тәсілдері және интернет ресурстарына байланысты екендігін көрсетті. Олар: Khan academy, Lectorium.tv, Udacity.com, Edx.com, Kahoot.it, Nearpod.com,  Learning.apps, Quizlet.com, Study Stack, Edmodo.com, Bilimland.

Семинардың үшінші бөлімінде “Жаратылыстану ғылыми пәндерін оқытуда функционалдық сауаттылық негіздерін ғылыми әдістемелік тұрғыда қалыптастыру” атты коучингтер барысында пән мұғалімдері Нипрук Е. В., Сатмолдина Ф. Ә. тұлғаның әлеуметтік қарым – қатынас жасауда, білім, білік, дағдының жиынтығы функционалдық сауаттылық қалыптастыру нәтижесінде оқушылардың теориялық білімді сауатты меңгерумен қатар, жазу машықтарын қалыптастыратындығы жайлы өз әріптестерімен ой бөлісті. Мұнымен қатар семинарға қатысушы мұғалімдер функционалдық сауаттылыққа байланысты тапсырмалар орындады.

 Әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бейімделіп, инновациялық жаңа жүйеге, сапалы, өнімді білім беруге бағыт – бағдар сілтерлік, ғылыми әдістемелік көзқарас қалыптастырар білім берудің жаңашыл парадигмасын жүзеге асыруды көздеген семинар қатысушылардың біліктілігін арттыруға өз үлесін қосары сөзсіз.

Материалды дайындағандар: Н.Нұрмақов атындағы мектеп-интернатының мұғалімдері Секербекова Р.С., Темирова А.А.

13
19

Комментарии (13)

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Семинарыңыз өте тиімді әрі қызықты өткен сияқты. Ісіңізге сәттілік тілеймін!

Сулейменова Аяулым,
Преподаватель

Әріптестер, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет

Курманбаева Анар,
Преподаватель

Айнаш Аскеновна көп рахмет! Мақалаңыз өте әдемі!

Темирова Айнаш,
Преподаватель

рахмет

Садуова Жазира,
Преподаватель

айнаш апай жарайсыздар, нұрмақов ат ММИ алға

Садуова Жазира,
Преподаватель

Айнаш апай семинардың қорытындысын өте мағыаналы жазыпсыз. Мектебіміздің жаңалығының жаршысы бола беріңіз.

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет

Акимбекова Гулзира,
Преподаватель

Әріптестер, шығармашылық тілеймін!

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет

Шәкетаева Майра,
Преподаватель

жарайсын!

Бакыжанова Мейзжан,
Преподаватель

Құттықтаймын

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

құттықтаймын.