Fast food қоғамдық тамақтану орындарына арналған кассалық бағдарлама кұру
Байзакова И., Шащанова М.Б.
Қарағанды «Болашақ» академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
inzhutas2293@mail.ru, maira1@mail.ru
Ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты, профессор Шащанова М.Б.
Қазіргі кезде елімізде, қаламызда да көптеген Fast food тамақтану орындары ашылуда, олардың барлығына кассалық бағдарлама қажет болып табылады. Бүгінгі күні осы секілді бағдарламалар үлкен сұранысқа ие. Осы секілді бағдарламаның арқасында есеп жүргізуге, тауарлардың соммасын есептеуге артық калькулятор секілді құрал қолданып артық уақыт шығындамай тапсырыс қабылдау уақытын үнемдеуге көмек береді. Кассалық бағдарлама құруымның мақсаты Fast food тамақтану орындарында қолданысқа ендіретін бәсекеге қабілетті ыңғайлы бағдарлама құру.
Кассалық бағдарлама дегеніміз- кассалық түйінде кассир (кассадағы ақшаны есептеу, қабылдау, сақтау, кассадан ақша беру міндеті жүктелген тұлға) тапсырыс қабылдауы үшін орнатылатын бағдарлама. Кассир тапсырыс берушінің тапсырысын осы бағдарламаның көмегімен дисплей бетіне енгізіп, осы арқылы сатып алушыларға шыққан сомманы атап, төлемді қабылдайды.
Құрылған бағдарлама қолдануға оңай және қол жетімді болып табылады. Бұл бағдарлама жаңадан жұмысқа тұрған жұмысшыларға бағдарламамен жұмыс жасап үйренуге артық уақыт жоғалтпай тек онымен танысып, бұл бағдарламамен өзіне тиесілі парольмен кіру арқылы жұмыс жасауына болады. Қауіпсіздік сақтау мақсатында әр кассирге тиесілі пароль әзірленеді.
Сурет- 1. Аты- жөні мен пароль енгізу терезесі
Әр кассир өз жеке паролі мен аты- жөнін енгізу арқылы бағдарламаны аша алады. Сонымен қатар қандай да бір жұмыс атқаруға қажетті өзгерістерді енгізуге администратор құқылы. Сонымен қатар құрған бағдарлама чек жасап басып шығара алады. Ол ҚҚС (қосылған құн салығы) секілді қаржылай растама ретінде жүреді. Фискалды регистратормен тіркеуге ыңғайлы.
Құрылған бағдарлама қолдануға қарапайым, кассир оны біренеше минут ішінде игере алады. Бағдарлама әзірі интуитивті мағыналығы жағынан түсінікті етіліп жасалынды. Бағдарлама жалпы категорияларға бөлінген, осы қатегорияларды таңдау арқылы қандай да бір тағам атауына өтуге болады, сусындар пішіндеріне қарай көлемдеріне бөлінеді. Мысалы, үлкен, кіші немесе орташа. Қандай тағам жайлы айтылып тұрғаны белгілі болу үшін сәйкес суреттер көрсетілген. Сонымен қатар, қабылдау, растау, өзгерту немесе өшіруге болады. Бағдарламаны жетілдіруге де болады. Ол үшін бастапқыдағыдай базаға өзгеріс енгіземіз, содан соң базамен байланысқан Delphi бағдарламасындағы батырмаларға көшеміз. Басты артықшылығының бірі болып қарапайымдылығы табылады. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы ретінде мәзірдегі тағам атауларын өзіңізге етіп ай-ти маманды шақырмай-ақ, администратор атынан кіру арқылы өзгерту енгізуге болады. Мысалы, тәтті тоқаш сатылымнан шығарылған болса, оны мәзір қатарынан еш қиындықсыз алып тастауға болады. Бағдарлама интерфейсі барынша қолжетімді. Мәзірдегі тауарды енгізгенде тауар санын көбейтуге немесе азайтуға болады. Егер сатып алушы қандай да бір тауарды алудан бас тартса, оны еш қиындықсыз алып тастауға болады. Саналған тауарлардың барлық соммасы есептеліп тұрады. Сонымен қатар интерфейс көзді ауыртпайтындай етіліп, көзді шаршатпайтындай қоңырқай қалыпты түсті етіліп жасалынды. Кассалық бағдарламамның тағы бір артықшылығы бухгалтерлік есеп жүргізу үшін кез келген күннің есебін тапсырыс санын және соммасын қарауға болады.
Сурет- 2. Жұмыс жасауға арналған басты бет
Сурет- 3. Чекті басып шығару
Кассалық бағдарлама жасау барысында My Sql базаны таңдап және қолданылдық. Жалпы база басқа да салаларда қолданылады. Мейлі ол үлкен немесе кішігірім мекеме болса да, сонымен қатар базалардың көптеген түрлері бар. Барлық әрекеттер осы базамен тығыз байланысу арқылы жүзеге асады. Ал интерфейстік бағдарлама ретінде Delphi бағдарламасын таңдадық. Rad Studio - ның 2010 жылы шығарылған бағдарламасымен пайдаланып жүмыс істедік. Delphi — Коринф бұғазының жағалауындағы ежелгі грек қаласы Дельфы атынан алынған. Delphi жүйесі бүгінгі күнде бағдарламаларды жасауға арналған кең қолданылатын жүйелердің бірі болып табылады. Delphi жүйесін Borland фирмасының бағдарламалаушылары 19 жылдан артық пайдалынып жүр. [1] Delphi жүйесі бағдарламаларды жасаудың визуалды ортасы болып табылады. Оның құрамындағы саймандар мен компоненттердің көмегімен бағдарламалар жобалары құрастырылады. Бірақ қазіргі күні бұл бағдарламаны Rad Studio сатып алып, оны жетіктіріп шығаруда. Delphi бағдарламасын пайдаланып жақсы интерфейс жасап қана қоймай, калькуляция қолдана аламыз. Ал кассалық бағдарламада калькуляция қажет болып табылады.
Қазіргі кезде мұндай автоматизациялаудың көмегімен бизнес иегерлері кіріс табыс пен шығыс шығынды еш қиындықсыз есептей алады. Мұндай бағдарламалардың жоғарыда атап өткендей пайдасы көп. Бірақ осы бағдарламаларды жасап шығарушылардан лицензионды сатып алу үшін олар қомақты қаржы жұмсауда. Жұмыстың мақсаты, шет елдің осы секілді бағдарламасын сатып алу үшін уақыт үнемдеу арқылы табысты арттыруға арналған бағдарламаны құрдым.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
Шумаков П.В., Delphi и создание приложений баз данных, Москва, Нолидж, 2009. -215 с.
интересно
идея хорошая
рахмет
Өте жақсы
рахмет