kz ru en

Авторизация


қазақ тілі

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ

ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

 

Г.Б.Ташетова

№10 жалпы орта білім береу мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

 

         Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификацилау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педогоикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды

қалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану - ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

 

  Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

      - оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми әдістемелік жолын анықтау;

      - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

      - мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби бөліктерін жетілдіру;

      - оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету.

          Бүгінгі күнде оқыту жүйесіндегі алға қойған негізгі мақсат – білімді жай ғана беру емес, оқуға үйрету, шығармашылық әдіс амалын таба білуге үйрету, ізденіс әдістерімен қаруландыру, қабылдау (түйсік) қабілетін жетілдіру, керек хабарды талдап одан қорытынды шығаруды әдетке айналдыру және тәжірбиелік әрекетті тану барысында алынған және жинақталған білімді қолдана білу қабілетін жетілдіру. Ақппараттық технологияны тікелей оқу үрдісіне қолдану мүмкіндіктері интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтар тәрізді интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігі.

          Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудін әртүрлі аспектірлерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өндеудін когнитивті аспектілері, оқытудың мотивация аспектілері, оқытудың коммуникация аспектілер, оқытудың танымдық аспектілері.

Атап көрсетілген аспектілер негізінде ақпараттық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпараттық коммуникативтік қызмет

 

 

Ақпараттық                                педагогикалық                  коммуникациялық

  кеңістік                                  іс-әрекет өрісі                             кеңістік

                                                                       

                                                 

                                                   оқытушы  

 



 

 

 

 

 

ақпараттық                           компьютермен жұмыс              қарым-қатынас

ресурстар                                                                              құралдары

 

 

 







 

 

 

                                                     оқушы

 

 

Мәселен, «Қашықтасың туған жер», «Қағаздың түсіп бетіне», «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» Әбунасыр әл-Фараби өлеңдерін  түсіндіргенде, компьютерлік бағдарламада барлық тақырыптардын теориялық материалдары, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, әр тақырып бойынша орындалатын тапсырмалар, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалар беріледі. Бұл бағдарламалардың ерекшелігі сол, сынып оқушыларының әрқайсысына жеке, жұппен, ұжыммен, топпен нұсқаулар бойыша жұмыс жүргізуге қолайлы.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі :

 

 

- Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;

 

- Алған білімді жүйелеу ;

 

- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

 

- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру

 

- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

 

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Мысалы, сын тұрғысынан ойлау жобасы стратегиялары бойынша оқушылардың флипчартта жұмыс жасау тиімділігі көрсетілуде:

 

«Кубизм» стратегиясы     Алты топқа бөлінеді.

 

 Сутеттеңіз - Әл-Фараби дүниеге келген жер.

 Ойыңызбен байланыстырыңыз - Әл-Фараби   қандай ғылым салаларымен             

                                                        айналысқан?.

 Салыстырыңыз – Ислам дәуір әдебиеті  ақындары мен қазіргі заманғы        

                                  ақындарды  салыстыр.

 Зерттеңіз - Өлеңдерінің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

 Қолданыңыз - Әл-Фараби өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқыңыз.

 Талқылаңыз не қарсы шығыңыз - Әбунасыр әл-Фараби  -  Аристотельден        

                                                             кейінгі  екінші  ұстаз.

«Әдебиет үйірмесі»  стратегиясы.

Сілтеме  табушы : Өлеңді топпен дауыстап оқып негізгі тақырыбын          

                               анықтайды.

Іздеуші:   Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықта.

                  (әдебиет теориясы бойынша)

Қуғыншы: Ақынның өлең жазудағы мақсатын анықтайды.

Дәнекер:  Ақын өлеңін қазіргі қазақ ақындарының

                өлеңдерімен байланыстыру.

Сұрақ қоюшы: Өлең оқу барысында пайда болған сұрақтарды

                         топтарға қояды.

Сөз тапқыш:  Әр топ өлең тақырыбына байланысты

                        мақал – мәтелдер  жазады, дәлелдейді.                 

Реттеуші:  Топ мүшелерінің тақырыптан ауытқымай сөйлеу,

                  сабаққа қатысуын реттеп отырады.                  

Мінездеме беруші: Әрбір топ «Тіршілікте құрыштай бол төзімді

                               өлеңіне мінездеме  беріледі.                                  

Бейнелеуші: Өлеңге қатысты көріністерді ой елегінен өткізіп бейнелейді.

Жазушы: Әр топ талданған өлең мазмұнын қысқаша жазып шығады.

 

Әр топ талқылаған ойларын ортаға салып, ой тұжырымын жасайды.

 

«Түртіп алу»  стратегиясы. Әбунасыр әл-Фараби өмірі мен шығармашылығына байланысты берілген мәтінді оқып, белгімен жұмыс жасайды.

 

«V»-білемін

«-»білмеймін

«+» жаңа мәлімет

«?» тереңірек білгім келеді

Араб, парсы, грек тілдерін меңгеріп, ғылыммен айналысқаны мәлім

Ғылыми еңбектеімен таныс емеспін

Ислам дәуіріндегі әдебиеттің екіге бөлінетіндігі

«Музыканың үлкен кітабы» деп аталатын еңбегімен танысу

 

 

 

 

 

Сөздікпен жұмыс: Трактат - шағын ғылыми еңбек.

                                Бағбан - бақты баптап, күтуші адам.

 

             Осылайша ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:

оқу материалын терен түсінуге;

оқу мотивациясының артыруына;

алған білімінің ұзақ уақыт есте сақталуына;

білім беруге жұмсалатын шығынның азаюына, т.б.

 

Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдірудің моделі.

Оқыту мақсаты: оқушының  дүниеге көзқарасын қалыптастыру

 

Оқыту мазмұны: ғылыми білімдер, тәжірибелік дағдылар жүйесі.

 

Оқыту құралдары  (мультимедиялық, оқу құралдары): электрондық оқу материалдары (мәтіндік, графиктік, анимациялық, дыбыстық, бейнелік).  Инструментальдық бағдарламалар. Тексеру, бақылау бағдарламалары.

Оқыту формалары: дәріс, тәжірибе, тапсырмалар, практикалық жаттығулар, нәтиже.

Оқыту әдістері: түсіндірмелі – иллюстративті (ақпаратты-рецевтивтік). Бағдарламалап оқыту (оқу материалын бөлшектеп ұсыну). Проблемалық оқыту: бастапқы, продуктивті (эвлистикалық), шығармашылық..

 

Нәтиже: өмірде өзіне қоғамға пайдалы, қажетті білімі, ебдейлігі, дағдысы (компетентлік) қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

Н.В. Аппатов. Информационные технологии в школьном образовании. Москва 1994 г.

Ақпараттық технологиялар тиімділігі. // Қазакстан мектебі 6/2008

Ақпараттық технологиялар және білім сапасы. // Қазакстан мектебі 7/2008

Приемы педагогической техники. Москва. 2004г.

8
11

Комментарии (8)

Тлеубергенова Гулзада,
Пользователь

өте жақсы жазылған мақала

Абдыкова Самал,
Преподаватель

АКТ пайдалану бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сабағыңызда қолданатын әдіс-тәсілдеріңіз өте тиімді. Бөліскеніңізге рақмет. Ісіңіз сәтті болсын!

,
Пользователь

Тиімді әдіс-тәсілдер қолданыпсыз. Шығармашылық табыс тілеймін

Серикбаева Шолпан,
Преподаватель

Интересно

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Тиімді әдіс-тәсілдеріңізге рахмет.

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Сізерге шығармашылық табыс тілеймін

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

Жақсы жазылған. Рахмет

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Рахмет.