kz ru en

Авторизация


ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Муканова Н.К.

«Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін орта мектебі»  КММ

 ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

 

Оқыту мен тәрбие – егіз, олар педагогикалық үрдістің өзара тең екі қыры. Адамды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеті адамды дамыту және оны өмір сүруге дайындау болып табылады. Сабақ – өмір сүруге дайындық, ал сабақтан тыс қызмет-сол өмірдің кішігірім моделі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған мақсаттардың бірі-қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын,үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Себебі, білім берудің шынайы мақсаты, адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Тұлға белсенділігін арттырудың негізгі екі жолы бар. Өзін-өзі тәрбиелеу және мемлекеттік,ұйымдық,ұжымдық қолдау. Қазіргі заман талабына сай білім беру үщін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, білім беру саласын арттыру қажеттілігі туындап отыр. Көптеген педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып жүр. Соның ішінде ойын технологиясы. Ойын элементтерін пайдалану немесе ойын сабақтары балалардың жан-жақты дамуына, сана – сезімінің өсіп, жетілуіне және оқу үлгерімінің нәтижелі, әрі балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, қызығушылықтарын дамытуңа ықпал жасайды. Ойын технологиясы қажетті материалды меңгерту үшін - бағыт-бағдарлаушы, орындаушы, бақылаушы-түзетуші қызметтерін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде мұғалім сабақты өткізіп жүрген материалдың мазмұныныа сәйкес әртүрлі ойын ойлап табуына болады. Оқушы бойындағы есте сақтау,ықылас,бақылағыштық сияқты психикалық процестерді, жауапкершілік,ұқыптылық, шыдамдылық  сияқты қасиеттерді дамытуға негізделген ойынның түрлерін мұғалім әрдайым кірістіріп пайдаланып отыруы қажет. Мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі талап-өзіндік ой-тұжырымымен көзқарасы бар,өз пікірін ашық айта алатын,ақпараттар ағымынан хабары бар,өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан оқытудың озык та, тиімді технологияларын пайдалану негізгі міндет болып табылады.

Ойын технологиялары - оқу-тәрбие міндеттерін шғшуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Шетел тілі сабағында қолданылатын ойын түрлерін назарларыңызға ұсынып отырмын.

Шет тілі сабағында пайдаланатын ойын түрлері

 

Шетел тілі сабағында ойын түрлерін оқушылардың білім деңгейіне қарап пайдалануға болады. Төменгі сынып оқушыларына тиімді болу үшін өте жақсы  дайындалған оқушы көмектесуге болады. Қабілеті жоғары оқушы «әділ қазы» рөлін атқаруға болады. Ойынды тиімді пайдалануға тырысу керек.

1 – ойын: Бұл ойын оқушының әрбір зат есімнің пайдалану сапасына тиімді. Әр түрлі сөз тіркестерімен қалай жұмыс істеуге болады, сол үшін пайдалануға болады. «Буратино» және оның достарын алуға болады. Егер жеңілсе, қателесіп қалса круг ашылады.

Was ist das? – Das ist ein Garten.

                                                  Wie ist der Garten? – Der Garten ist gross.        

                                                  суретті ауыстырып пайдалануға болады.         

         Schule, Museum,

         Hund, Klasse,                                          

         Zimmer, Junge,

         Garten,           

 



 

 

 

     

 

           

 

2 – ойын: «Саты» - «Лесенка»

Бұл ойында 3 команда (3 қатар) қатысады. Егер бір оқушы артық болса, судьяның көмекшісі етіп қоюға болады. Егер бір оқушы жетпесе  мұғалім өзі ойнауы тиіс. Үлкендеу 3 карта дайындалады. Суреттер арқылы саты жасау керек. Үш сөйлемнен суретті сипаттап береді.

            Das ist eine Schulerin. Die Schulerin ist klein. Sie rechnet.

«Судья» немесе оқушы тақтаға «+» қатесі жоқ сөйлемге қояды. Сатыдан құламай, сүрінбей өткен команда жеңіске жетеді.

    

                                                                 .                            

 







 

 

 

 

                                                             .

 

                                                          .

 

 

3 – ойын: «Төртінші биіктік»

     Топ 4 адамнан тұрады. Әрбір командаға 4 сурет беріледі. Сурет бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Оң жақ бөлігінде арнайы геометриялық фигуралар бейнеленуі керек. Әрбір топ мүшелері 1 суреттен сипаттап шығуы керек. Кемінде 2 сөйлем сөз тіркестерін пайдалана отырып:

Das sind Kinder.

Die Kinder sind gross.

Sie basteln

Sie basteln in der Schule

Әр топ төменнен жоғары сипаттайды. 16 сөйлемді қай топ қатесіз айтса, сол топ мәреге жетеді. «Судья» есебін беріп отырады.

4 – ойын: «Сыйқырлы үштік»

      Бұл ойын топпен жұмыс істеуге арналған. Әр партада үлкен үшбұрыш қойылады. Әрбір бұрышында геометриялық фигура салынады. Әрбір қағазда суреттер беріледі, яғни геометриялық фигураларға байланысты. Әрбір топ өзіне бастаушы дайындайды. Бастаушы конверттен суретті алып оқушыларға көрсетеді. Олар сөйлем айтуы керек, үшбұрыштағы  геометриялық фигураға қарап:

             Der Junge hilft dem Freund

         Der Sohn hilft der Mutter

 

                                                                     Cөйлем дұрыс айтылса бастаушы

                                                        үшбұрыш үстіне қояды. Арнаулы уақытқа

                                                       байланысты кім көп сурет жинаса, сол топ

      жеңіске жетеді.

 

Die Schule

Eishockey

Rodeln

Schilaufen

 

5 – ойын: «Төртбұрыш»

    Бұл ойын іс-қимылды анықтауға бағытталған. Не істеді? Деген сұрақты пайдалана отырып жасалған. 3 карта дайындалады, әрбір топ үшін. Топ кезек бойынша жарысып отырады. Әр топтың бастаушысы өз жолдастарына сұрақ қояды:

 

 

 

 

 

 

malen

 

 

Wem?

 

 

 

 

Zimmer

                  

 

 

 

 

 

 

 

Schenken

 

malen

 

lesen

 

Wer?

 

 

 

 

machen

 

Was?

 

 

Wer gibt dem Leiter einen Brief Liest der Junge seinem Freund ein Buch?

Was macht der Junge?

Wem schenrt der Junge die Blumen?

Was bringt der Junge dem Grossvater?

Бастаушы дұрыс жауапты тақтаға белгілеп отырады. Арнаулы уақытқа байланысты қай топ көп балл жинаса, жеңіске жетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 – ойын: «Білемін, бірақ жасай алмаймын»

 

 

 

 

 

 Бұл ойын әркім өз ойын еруін жеткізуге арналған. Санына байланысты әр түрлі команда ойнауға болады. Бір біріне кедергі келтірмейтін болуы керек. Бастаушы өте жақсы оқитын оқушы болуы керек. Ойын басталмас бұрын суретті көрсетіп алады. Сосын суретті көрсетпей таратып береді. Сурет іс-қимылды білдіру керек.

Willst du malen? – Ich will malen. Aber ich kann leider nicht.

Ich habe jetzt keine Zeit. Willst du fernsehen?- Ich will fernsehen.Aber ich kann leider nicht. Ich habe jetzt keine Zeit. Willst du Ball spielen?-Ja, naturlich. Ich kann jetzBall spielen.Ich habe eine Zeit.         

Ойын әріқарай жалғасады, дұрыс жауап берген оқушы шығып отырады. Ойынды пайдалану оқушының шетел тіліне деген қабілетін арттырып, сөйлеу мүмкіндігін көрсетеді.

Шетел тілі сабағында қолданылатын ойындар

Шетел тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат- оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуге үйрету. Ойын арқылы оқушылар арасындағы достық  қарым – қатынас нығая түседі, ұйымшылдықтары артады, сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды. Сонымен бірге ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына септігін тигізеді.

«Суретке қарап әңгіме құр». Бұл ойынды кез келген тақырыпқа қолдануға болады. Тақтаға сурет ілінеді. Әр оқушы суретке байланысты сөйлемдерді кезектесіп айтады. Кімнің суреттеген сөйлем ең соңғы болса, сол оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойын оқушылардың өз ойларынан көбірек  сөйлем құрауын талап етеді.

«Кім келесі?» Ойынға қатысушыларға карточкалар таратылады. Әр каточкада бұрынғы оқылған не тыңдалған мәтіндердің, диалогтардың сөйлемдері жазылған. Әр оқушы өз карточкасындағы  сөйлемді ретімен кезектесіп, мәтінін мазмұнына сай оқып шығады. Бір оқушы ойын барысын қадағалап, бағалайды. Бұл ойын ортаңғы сынып оқушылары үшін тиімді және өте қызықты.

Тыңдап түсінуге арналған ойындар.

«Шығармашылық диктант». Мұғалім немесе бір оқушы жеке сөздерді, фразаларды немесе сөйлем не әңгіме оқиды. Оқушылар не істеді, не түсінді, соның суретін салады. Салған суреттерінің астына атын немесе сол суретке сәйкес сөздерді, фразаларды не сөйлемдерді жазады. Ойын арқылы оқушылардың дұрыс сөйлеуі жақсарады, сөздік қоры, тіл байлығы артады, сабақтың кез келген бір кезеңін ойын түрінде өткізуге болады. Әсіресе төменгі сыныптар үшін белгілі бір тақырыпқа өтілген жаңа сөздерді қайталағанда қолдану тиімді.

1. Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші оқушы не мұғалім ортада тұрады. Ол тақырыпқа байланысты бір сөзді ағылшынша не қазақша айтып, қолындағы допты кез-келген оқушыға лақтырады. Допты алған оқушы сол сөздің баламасын ағылшынша не қазақша атап, жүргізушіге қайта лақтырады. Ойын осылайша жалғаса береді, сөздің аудармасын білмеген оқушы ойыннан шығады. Соңына дейін қатысқан оқушы жеңімпаз атанады.

Ағылшын тіліндегі сабаққа қатысты кейбір ойындар

Шетел тілін үйретуде көптеген шаралар жүргізіп, оқушылардың  қызығушылығын арттыру қажет. Сондықтан шетел тілінде ойындардың атқаратын маңызы зор.

1 ойын: Тақтада «Bingo» деген сөз жазулы тұрады. Мұғалім оқушылармен дөңгелене жылжи отырып, өлең шумақтарын айтады.

            The farmer’s dog is at our door

              And Bingo is his name

              Bingo, Bingo

             And Bingo his name

Оқушылар name деген сөз айтылғанда тоқтап, бір оқушы тақтадағы  сөздің бірінші әріпін, солай кезектесіп айтылып отыруы тиіс. Соңынан сөзді оқушылар хормен айтады. (Rex, spot, Berry ).

2 ойын: Мұғалім алдын – ала әкесіне газет, шешесіне алжапқыш, әжесіне орамал, атасына көзілдірік, сіңлісіне қуыршақ, інісіне сумка, апайына қалпақ, ағатайына дипломат т.б. дайындап қояды.

А) Оқушы семья мүшелерімен толық таныстырады. This is my mother. Her name is …

Б) Есік қағылады. Отбасы мүшелері үйде. Кім кіретінін табу керек. This is his (her) uncle. This is  his (her) grandfather

В) Сол жағдай, оқушы хабарлап тұрады. This is a man. This is a woman. This is a boy. Тапқан оқушы жүргізуші рөлін атқарады.

3 ойын: Сыныпқа жұмбақты айтпас бұрын, өз отьасы туралы әңгімелеп береді. My family is large. I have mother, father, sister, grandmother, grandfather.I have uncles, aunts too. Guess my riddle:

His name is John                                        His not my grandfather

He is not my uncle                                      Who is he?

He is not my father                                    (He is my brother)

4 ойын: Мұғалім алдын –ала қаламсап, дәптер, сызғыш, т.б. оқу құралдарын тығады. Семья мүшелерінен шешесі, әкесі, апасы, шығады. Марат таңертең тұрғаннан кейін заттарын іздейді. Ол сұрайды: Where is my pen? (pencil, rubber, ruler) Шешесі: It is on the table Әкесі: It is on the book-shelf. Апасы: It is under the table . Мұғалімнің нұсқауымен әкесі, шешесі, апасы іздейді. Кім іздеген затты тапса, сол жеңімпаз.

5 ойын: Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Қолдарына 10-ға дейінгі сан. Жүргізуші 2 санды атайды. Айтылған саны бар екі оқушы орындарын ауыстырады. Шеңбердің ортасына тұруына болады. Балалардың қорғауына болады. Егер де жүргізуші нің қолы тисе ойыннан шығарылып, жүргізуші міндетін атқарады.

6 ойын: Қапшықта 10 зат болады. Саны оқушыға белгісіз. Оқушылар затты табуға тырысады. Егер ойыншы 7-ні, 8 затты тапса 10 балл жинайды. Қалғаны -3,-8 деп есептеліп отырады.

7 ойын: Тақтаға 4 оқушы шығарылады. Олар таңертең, түсте, кешке, мектепте не жасайтындары туралы әңгімелейді. Қалған оқушы тастап кеткен жерлерін тауып, айтып отырады. I get up at 7 o’lock . I wash my face, hands and neck. I have breakfast and go to school. Балалар: He doesn’t clean his teeth. He doesn’t do morning exercises.

8 ойын:  Сынып екіге бөлінеді. Тақтада жануарлардың басы тұрады. Одан бөлек – көз, ауыз, аяқ, қол, мұрын – суреттері болады. Осыдан қандай сурет шығаратынын ойлануы қажет.

What kind of ears does he have?

What color eyes does he have?

What kind of nose does he have?

      I have a plate of porridge?

      Can I run will?

      Do I like winter?

 

 

 

 

 

Шетел  тілі сабағында ұлттық ойындарды пайдалану тәсілдері.

 

Тәрбие және білім беру үрдісінде ұлттық ойындарды пайдалану өте тиімді. Кез-келген сыныпта ойынның әр түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың оқып жатқан шетел тілдеріне деген қызығушылығын арттыра түседі. Төменгі сыныпта ойындардың нәтижесі мол. Қазіргі көрнекі құралдардың тиімділігіне байланысты  да әр ұстаз өзінің сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. 5 сыныпта «Сандар» бөлімін өткенде оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту үшін «Алма ағашы» ойынын қолдануға болады.Бұл ойынды топқа бөліп, жеке оқушылармен ойнауға болады.Ойынның шарты алманы сілкіп, ағашты жеңілдету керек. Ол үшін алмалар артындағы тапсырмалар толық орындалу қажет.1 ден 10 ға дейінгі сандар,қосу,азайту,көбейту,бөлу амалдарын орындауға болады.

«Бинго» ойыны да сандар мен амалдарды орындау үшін тиімді.Оқытушы тақтаны екіге бөліп бірдей сан жазады.Сандар бірдей болуы тиіс.Шетел тілінде айтылған сандарды екі оқушы бірдей белгілеп отыруф керек.Қай оқушы бірінші болса «Бинго» деп жауап беруі тиіс.

«Өзен» - бұл ойынды топпен,жеке оқушылармен, сыныппен ойнауға болады.Өзеннің жағасына шығып қалған балықтарды өзенге жіберу керек.Балықтарды өзенге жіберу үшін берілген зат есімдерді дұрыс айту керек.

«Орамал тастамақ» - бұл ойынды сыныпқа қолдануға болады. Орамал тасталған оқушыға бір родтың зат есімін айту керек. Келесі оқушы алдыңғы оқушыны қайталап,яғни айтылған зат есімді қайталап,өз зат есімін айту керек. Соңғы оқушы барлық зат есімді қайталап шығады. Оқушылардың есту, есіне сақтау іскерлік қабілетін дамытады.

«Арқан тартыс» - сыныпты екі топқа бөледі. 10 оқушы болса 5 тен, сыныптағы оқушы санына байланысты.Тақтаға арқан керіліп,10 адам бейнесі ілінеді артына тапсырма жазылған.Бұл ойынды грамматикалық тапсырмалар үшін қолдануға болады.

1.Wir gehen                          1. in die Schule

2. Ich gehe zuerst zu             2. Versammlung dann 

3. einen Schneemann            3. gehen wir ins Kino,die Kinder bauen

«Көкпар» -ойыны етістікті  жіктегенде өте тиімді.Сыныппен және топпен ойнауға болады.Тақтада жіпке тізілген лақтар тапсырмаларымен тұрады.Сол лақтарды ауылдарға апару керек

Ich gehe                  Wir gehen

Du gehst                  ihr geht  

Er,sie,es geht           sie gehen 

                                 Sie gehen   

«Хан талапай» - жеке оқушы,топпен ойнауға болады. Тақтада 10 асық тұрады. Бәрі бірдей, біреуі ғана қызыл. Ол 11ші сақа болып саналады. Топтың екі капитаны асықты күлдіреді,кімдікі алшысынан түссе, сол топ ойынды бастайды. Қызыл асыққа ұл бала жетсе «Хан», қыз бала жетсе «Ханша» болады. Асықтың артындағы сөздерден сөйлем жасап,мәтін құрастыру керек.

«Жасырынбақ» - Тақтада сыныптың сыртқы сызбасы бейнеленген.Осы сыныптағы жасырынып тұрған заттарды дұрысайтып, орналастыру керек.Орналастырып болғаннан кейін «Сынып», «Оқушы», Мұғалім», «Менің сөмкем» т.б.тақырыптар туралы өңгімелеп беру керек.

«Мойын тартыс» - екі оқушыға арналған. Екеуара сөйлесу немесе диалогты пайдалаған дұрыс.

«Домино» -сандар мен есеп шығару кезеңіне қолданған жөн.

«Таңба салу» - Топпен,жеке оқушымен жұмыс жасағанда өте қолайлы.Белгілі бір аңның бейнесін суреттеу үшін сандарды пайдалана отырып кескінін бейнелейді.Бұл ойында сан, сөлем жасауға болады.Ұлттық ойындар шетел тілі сабағында үлкен рол атқарады.Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып,демеп отырады.

«Бас қатырғыш» - оқушылар үйден сөзжұмбақ, ребус, домино, лото, сұрақ-жауап т.б. орындап келеді. Тапсырмалар берілген материалдарға сәйкес болуы керек. Жеке,  топпен жұмыс жасайды. Қосымша материалдарды пайдалануға мүмкіндік беріледі.Жетекші жақсы жұмыс жасаған жеке оқушы мен топты сипаттап береді.

«Эстафета» - Бастаушы сыныпты үш топқа бөледі. Топтарға мәтіндерді таратып береді.Топтарға дайындалуға 5-7 минут уақыт беріледі. Бастаушы топтарға нөмерленген қағаз таратады.Топтағы оқушылар кезекпен мәтіндегі оқиға,дәйек,атаулы күндер т.б. қайталамай жазып отырады.Топқа 3 минут уақыт беріледі.Ойынның қорытындысы қай топта оқиғалар мен дәйек-дәлелдемелер, айтулы күндер т.б. мәліметтер толық қамтылса сол топ жеңімпаз атанады. Егер ойынды екеуара сөйлесу арқылы аяқтайтын болсақ «3», «4», «5» деген бағамен немесе балдық жүйемен бағаланады.

«Дөңгелектегі әңгіме» - оқушылар дөңгеленіп отырады.Мұғалім белгілі бір мәтінді оқуға береді.Ортада  тұрған жүргізуші көэін жұмып,айналады да,кез-келген бір оқушыны көрсетеді. Сол оқушы мәтінді әңгімелекді бастайды. Қалған оқушылар мәтінді әрі қарай жалғастырады.Оқушылар мәтінді тағы қайталап оқып шығады.Оқушылар сұрақ – жауап бергендегі,мәтінді толықтырғандағы,сөйлемдегі қателермен жұмыс жасайды. Көлтің көңілінен шыққан оқушы жеңімпаз болып саналады.

Білім беру үрдісінде ойын түрлерін пайдалану оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы артып,сол тілде сөйлеп үйренуге,оның тілін білуге қызығады. Шетел тілін оқытуда ойын түрлерін мынандай мақсатта қолдану тиімді.

Алфавитті дұрыс меңгерту.

Орфографияны дұрыс оқыту.

Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.

Грамматикалық құрылымды меңгерту.

Оқушының сөйлеу, жазу.ойлау іскерлік дағдысын дамыту.

Түрлі  ойындарды сабақ барысында пайдалану оқушыны психологиялық кедергіден арылуға,өз күшіне сенуге көмектеседі. Сондықтан ойын түрлерін қолдану тілдік қатынас жасау үлгілерін меңгеруге жағдай туғызады. Шетел тілдері сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың бірден бір жолы.

Дегенмен, ХХІ ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Бүгінгі жастардың өмірден үйренері өте көп.Сондықтан олар мұғалімге,оның өткізген әрбір сабағына сын көзбен қарайды.Оларды таңдандыру,қызықтыру үшін  әрбір сабақ жаңалық болуы керек.Сабақтарда ойын технологиясын қолдану оқушылардың білім алуға қызығушылығын оятып,танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамытып,белсенділігін арттыратын,жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған әдіс деп қарастырылады.

9
11

Комментарии (9)

Т Арай,
Пользователь

жақсы екен

Омарова Айман,
Преподаватель

Бастауыш сыныптарда  ойын технологиясын пайдаланған өте тиімді деп ойлаймын. жақсы екен. 

,
Пользователь

мұғалімге қажетті Әдістемелік көмек

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Өте қызықты және сабақта қолдануға тиімді ойындар. Рақмет!

Абельдинова Ардак,
Преподаватель

Мұғалімге көп көмегі тиеді!

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Тәрбиелей отырып білім беру мұғалімнің шеберлігі. Өте жақсы екен.

Серикбаева Шолпан,
Преподаватель

Очень интересно


Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Мұғалімге пайдасы бар екен.

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

Жақсы, маған ұнады. Еңбегіңіз жана берсін