БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС ТӘСІЛДЕРІН САБАҚТА ТИІМДІ ҚОЛДАНУ
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту.
Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:
-баланы оқи білуге үйрету
-баланы ойлауға үйрету
-баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.
«Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модульі немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен. «Сын тұрғысынан ойлаға үйрету» модуль өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлаға үйрету модульінің сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ .
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда Сын тұрғысынан ойлаға үйрету модульінің көптеген әдіс- тәсілдерін қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс / эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Вендиаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/ • Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/ • Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең/ Мен үшінші деңгейлік оқыту курсынан өтіп, өзімнің іс-тәжірибемде «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдерін» қолданып жүрмін. «Сын тұрғысынан ойлаға үйрету» бағдарламасының модулдерін ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұнын түсінікке сын тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлау» немесе сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе,толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған модульдердің қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы әдіс-тәсілдер білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту модульі ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін – өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету, дамудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына негізгі деңгейлерді білу қажет: 1.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек. 2.Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 3.Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 4.Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс – әрекетін қолдану. 5. Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 6.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульдерін пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының: - Сабаққа қызығушылығы артады; - Нақты өз деңгейінде бағаланады; - Жеке қабілеті айқындалады; - Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді; - Даму мониторингі айқын көрінеді; Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет. Тек сонда ғана олар: - Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе? - Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті, -деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары: - Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау; - Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау; - Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыр:
Сабақтарды мынандай кезеңдерден құруға болады:
1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Қысқы мезгілдегі табиғаттағы тіршілік
3.Жылқышының еңбегі
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
«Қыс мезгілі» сөзін оқушылар қағаз бетіне түсіреді.
4-ші «Әдебиет үйірмесі»
• Шағын әңгіме «Қыс мезгіліндегі тіршілік»
• «Қызықты қыс еліне» суретті аяқта
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бірі -бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше .Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір- бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды.
Қорыта келгенде, Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай оқу керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын ,олар жұмыс істеуінде жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым.Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып,топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде- бір оқушы тақырыпты талдаудан тыс қалып қоймайды. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Өте жақсы!!!