Ұстаздық – киелі де қасиетті кәсіп, жауапкершілігі зор мамандық. «Бұлақ көрсең көзін аш» дейді атам қазақ. Нағыз ұстаз – білім мен тәрбие беріп қана қоймайды, шәкірт бойындағы қабілет пен дарынды тани отырып, оған дұрыс бағыт-бағдар береді, жөн сілтейді. Мұғалім – шәкірт тәрбиелеуші ғана емес, ұлтының, халқының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби, мәдени дамуына басты ықпал жасаушы негізгі тірек. Ұстаз болу – ұлы міндет. Ұстаздар қауымын дайындайтын біздің институтымыздың осынау зор міндетті абыроймен атқарып келе жатқанына жарты ғасыр болды.
«Елу жылда ел жаңа» демекші, осынау елу жыл институт тарихына ғана емес, ел тарихына елеулі із қалдырғаны белгілі. Тамырын тереңге жайған, өзіндік салт-дәстүрі қалыптасқан білім ордасы бүгінде өңір педагогтерінің қара шаңырағы болып саналады.
№74 орта мектеп – тарих пен шежіреге толы білім ордасы. Оқу орнынан түлеп ұшқан сан мыңдаған шәкірттеріміз осы жылдар ішінде отанымыздың білім беру саласына орасан зор үлес қосуда.
Біздің ұстаздарымыз Отан игілігі үшін қызмет етуде өз әлеуетін арттыра отырып, білім берудегі өз салт-дәстүрлерін сақтап, еліміздің оқу орындары арасындағы биік тұғырынан түспей, бәсекеге қабілетті, білімді шәкірттер даярлай беретініне кәміл сенемін.
ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕН ӘРІПТЕСТЕР!!!
Ел болашағының кемел болуы бүгінгі сіздер мен біздерге байланысты. Осынау ұлы мұрат жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын! «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дейді. Ендеше, абыройымызды асқақтатар талантты шәкірттеріміз көбейе берсін! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!
рахмет