kz ru en

Авторизация


Қауіпсіз интернет

Қазіргі ақпараттық технология дамыған заманда, интернеттің пайдасы мен зияны теңбе тең екендігін барлығымыз білеміз. Оқушы болсын мұғалім болсын кез-келген бағыттағы мамандық иесінің бір күн интернет желісінсіз елестету мүмкін емес. Көбінесе қазіргі жастар интернеттің пайдасынан гөрі, зиянын көбірек шегіп жатқан секілді. Сондықтан бірінші орында интернет пайдаланушыларының қауіпсіздігі маңызды. Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін ұйымдастыру үшін, міндетті түрде ата-анамен тығыз байланыста болу қажет. Күнделікті қандай сайтқа, қандай ойындар ойнайтындығын, әлеуметтік желідегі достарын кіммен сөйлесетіндігін қатаң бақылауға алу қажет. Оқушыны белгілі бір уақытқа ғана отырғызу қажет. Компьютерді барлық жанұя мүщелеріне ортақ бөлмеге орналастырып, интернет жайында оқушымен талқылау керек. Компьютердің қолданылуы туралы көбірек біліп, интернет жүйесін ата-ана бірге пайдалану керек. Ата-аналарға басты талап ғаламтор пайдаланудың ішкі ережесін білу. Мұғалім ата-анамен тығыз байланыста болғанда ғана оқушының интернетті қалай пайдалана алатындығын біле аламыз. Сондықтан оқушыларға сақ болайық!

2
4

Комментарии (2)

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

сізбен келісемін!

Головина Светлана,
Пользователь