Ғаламтор бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет пен әлеуметтік желілердің алатын орны жоғары көрсеткіште тұр. Демек, әлеуметтік – халық, адамдар, топ болса, желі –байланыс, қарым-қатынас. Енді осы жерде «желі» сөзі – интернеттегі сайт болса, «әлеумет» – бұл сол сайттың тұтынушылары, яғни сіз бен біз. Біз осы жайында өз ой – пікірімізді таразыға салып көрейік. Әлемдік сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, 50 миллион аудиторияны баурап алу үшін радиоға – 38, теледидарға – 13, ал ғаламторға бар болғаны 4 жыл қажет екен. Демек, бүгінде ақпарат тарату саласында интернет басым күшке ие.
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Психологтар Интернет–тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді дей келе 4 кезеңге бөліп қарастырған.
1 Жеңіл қызығушылық кезеңі.Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды.
2.Қызығушылық кезеңі.Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады – компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі.
3.Тәуелділік кезеңі.Мұнда баланың құндылықтық–мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады
4. Құштарлық кезеңі.Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі.
Осы жазбаға байланысты қауіпсіздік әліппесі жайында мына ссылкаға өтіп көре аласыздар.