kz ru en

Авторизация


Интернет пайдасы

Алдыңғы блогта  интернеттің зияны туралы айтылса, ал осы блогта пайдасына тоқталатын боламыз. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге, күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға,кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға;,алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге, қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға, электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға, дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады. Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа түрлері жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. «Білім туралы Заңның» 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. ХХІ ғасыр адамзаттың ақпараттық кезеңге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты қажетті ақпаратты ала білу, оны өңдей білу және күнделікті істе пайдалану өркениетті дамудың және кез-кеоген маман иесінің қажетті шарты болып табылады.Сондықтан да қазіргі заман талабы болып саналатын Электронды есептеуіш машиналар операторын жетік меңгеру керек. Себебі компьютерлік сауаттылық-екінші сауаттылыққа жатады.



2
4

Комментарии (2)

Т Арай,
Пользователь

Пайдасы да көп,тек бала көп отырмау керек. Әйтпесе айтады ғой "Интернет-зависимый" болып кету каупі бар.

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

екі жақты мәселе. Пайдасы мен зияны қатар. балаларымызға дұрыс бағдар беруіміз керек