Пән: Қазақстан тарихы
Өтілетін класс:10 «Б» класс
Тақырыбы: §23.Түрік қағанатының құрылуы,дамуы,ыдырауы
Мақсаты: Түрік қағанатының құрылуы, дамуы,мемлекеттік дәрежеге көтерілуі, саяси тарихы,билеушілері туралы мағлұмат беру.
Міндет:
• Тарихи оқиғаларды жүйелеп, жіктеп айтуға үйрету
• Тарихи оқиғаларды қорытындылауға дағдыландыру
• Ізденіске, шығармашылыққа,елжандылыққа баулу, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру өз ойын жеткізе білу дағдыландыру .
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: оқушыны іздендіру, сұрақ-жауап, тірек - сызбалар, кестемен, оқулықпен жұмыс, топтау, сто,өздік жобалау.
Көрнекіліктер: видео ,слайд, карта, кесте,сызбалар,суреттер
Сабақтың барысы: I.Үйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгендеу
2.Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІI.Үй жұмысын сұрау: Кесте бойынша,
1.Түрік қағанатының тариқы кімдердің еңбектерінде айтылады және қандай деректерден білеміз?
2.Алғаш Түрік қағанатын зеттеген ғалымдар
№
Ғұламалар
Еңбектері
1
Рашид ад-Дин
“Жылнамалар жинағы”
2
Ибн Хордадбектің
“Жолдар мен мемлекеттер кітабы”
3
Ата-Малик Жувейни
“Әлем жаулаушысының тарихы”
4
М.Қашғари
“Дивани лұғат ат-түрік”
5
Ж.Баласағұн
“Құтадғу білік”
6
Ә.Баһадүр
“Түрік шежіресі”
2. В.Томсон; Н.Я.Ядринцев; В.Радлов;В.Васильев т.б
III. Жаңа тақырып 1.Картамен жұмыс
2. Кестемен жұмыс. 1-ші топқа. Түрік қағанаты (552-603 ж)
Аумағы
Астанасы
Билеушілері
Қоғамдық құрлысы
Этникалық құрамы
Әлсіреу себептері
Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейіңгі аралықты алып жатты
Суяб
Бумын
Қара-Еске
Мұқан
Тобо
Иштеми
Жоғарғы билеуші:Қаған
Түрік қағанатының негізгі құрамы түркі тілдес халықтардан тұрды. Олардың ішінде басым көпшілігі теле (тирек)тайпалары құрады. Теле-түрік тайпаларының ортақ атауы
-Қағанат ішіндегі қарама қайшылықтардан 581 жылы қағанатта өзара соғыс басталды -Қытайдың шапқыншылығынан. Түрік қағанаты 603 жылы екіге Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді
Саяси тарихы
Болған оқиғалар
542 жылы
-«Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында атала бастады
545 жылы
-Түрік қолбасшысына, қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында қарым-қатынас орнады
552 жылы
-Түріктер мемлекттік дәрежеге жетті, Жужан қағандығын талқандап Бумын қаған«елхан» деген атақ алды
552-554 жылдары
-Бумын қаған қаза болып оның інісі Қара-Еске қаған болды, Қара-Ескенің бастауымен түріктер Орхонның жоғарғы жағында -Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді
-Қара-Ескенің інісі Мұқан қағанның тұсында жужандар мүлде бас көтере алмастай болып жеңілді. Осы кезден бастап түріктер Ұлы даланың Шығыстағы қожасына айналды
570-580 жылдары
Түріктердің шығыстағы саяси ықпалы күшті болды
555 жылы
-Түріктер Арал теңізіне дейін жеткен
-Қытайдан,Амударияға,Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулап алды
563-567 жылдары
Эфталиттерді жаулап алды
ҮІ ғ 70 жылдары
-Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің Солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті
ҮІ ғ ІІ жартысында
-Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды
2-ші топқа . Шығыс Түрік қағанаты (682-744 ж)
Аумағы
Билеушілері
Қоғамдық құрлысы
Этникалық құрамы
Әлсіреу себептері
Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан, Оңт Сібір жерлерін алып жатты
Құтылық (Елтеріс)
Қапаған
Білге
Күлтегін
Тоныкөк қолбасы
Жоғарғы билеуші:Қаған
Түркі тілдес тайпалар
-Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті дәуірлетті. -Қытаймен тиімді шарттарға қол қойды. 741 жылы -Білге қаған өлгеннен кейін қағанат әлсіреп ыдырай бастады.
Саяси тарихы
Болған оқиғалар
679-689 жылдары
-Шығыс түріктері Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді
646ж
Тоныкөк Қытайда дүниеге келген
752ж
Таң империясының 50мың қолын талқандады, әскербасын тұтқынға алды.
691ж
Құтылық (Елтеріс) дүниеден өтті
709-710ж
Солтүстік Қытай, Енисей қырғыздарын бағындырып,түргештерді жеңді.Қапаған Орта Азияның қожасы болды.
711ж
Тоныкөктің тұсында түргештерді өзіне қаратты
716ж
Білге қаған тұсында Қытай әскерлеріне соққы берді
686-731ж
Білге,Күлтегін қағандар Қытаймен соғыста жеңіске жетіп,шекеаралық саданы жақсы дамытты.
734жылы
-Білге қаған дүниеден өткеннен кейін мемлект ыдырай бастады
744-745 жылы
Орхон ұйғырлары мен қарлұқтар талқандады.
3-ші топқа. Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж)
Аумағы
Астанасы
Билеушілері
Қоғамдық құрлысы
Этникалық құрамы
Әлсіреу себептері
Жетісу
Оңт шығысында:Іле, Шу өзендерінен бастап
Солт-батысында:Еділ мен Кубан өзенінің төменгі ағысына дейін
Оңт-батысында:Тарым, Амудария өзеніне дейінгі аралықты қамтыды
Суяб
Жазғы ордасы Мыңбұлақ
Тардуш (Дато)
Шегу (610-618 )
Тон (618-630)
Жоғарғы билеуші: Қаған
Қаған сайлау Ұлықтыңқолында берілді.
Қаған руынан шыққандар-Ябғу, Шад,Елтебер
Ябғу-қаған мұрагері
Шад-тайпа көсемі
Елтебер-ру басы
Сот ісін-бұйрықтар мен тархандар
Тархан-қала әкімі
Түменбасы-қолбасшы
Бектер-жергілікті жердегі қағанның тірегі
Селиф-салық жинаушы жергілікті адамдар атқарды
Қара бұдындар-қарапайым халық
Тат-құлдар
Будун сөзі-ел, халық деген мағынаны білдіреді. Негізгі этникалық саяси ұйытқысы-«Оң оқ Будун»немесе «оң тайпа»
Нушебилер мен дулуларды-Іле, Шу өзендері бөліп тұрды
-Ішкі-талас тартыс. --Қытай империясының қысымы
Саяси тарихы
Болған оқиғалар
610-618 жж.
-Шегу қаған билік құрды
618-630 жж.
-Тон қаған билік құрды
627 жылы
-Тон қаған Византияға көмек беру үшін өзінің қалың қолын аттандырды
630 ж.
-Билік үшін күрес басталды (дулулар мен нушебилер)
634 жылы
-Нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алды
640-657ж.
-Дулулар мен Нушебилер арасындағы соғыс қағанатты әлсіретті
659 жылы
-Елдегі өзара тартысты көріп отырған Қытай Жетісуға басып кірді Ешбар қаған қолға түсіп соғыста, қаза болды
699 жылы
-Түргеш тайпалары күшейе бастады
704 жылы
-Қытайлықтармен соғыста түргеш тайпасының қағаны Үшлік жеңіске жетті
3. Видео «Күлтегін»
4. Сабақты бекіту: тапсырмалар орындау.
І тапсырма сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№
Сұрақ
Дұрыс жауабы
№
Жауабы
1
Түрік империясы құрылған жыл
4
1
Чжоу мен Цин империялары
2
Түрік империясының негізі қаланды
5
2
Мұқан
3
Түрік империясының құрылды
2
3
Сасанилықтар
4
Мұқан кезінде жылына 100 000 юань төлеген.
1
4
552жыл
5
Түріктерге жылына 4000 рим ақшасына тең салық төлеген
3
5
Бумын
2 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№
Сұрақ
Дұрыс жауабы
№
Жауабы
1
Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі
5
1
Қара теңізге дейін
2
Шығыста шекарасы басталады
4
2
Суй
3
Батыста шекарасы
1
3
VI ғ.80ж
4
Алым-салық төлеуден бас тартқан қытай империясы
2
4
Хинган тауы
5
Саяси бытыраңқылық басталды
3
5
603жыл
3 топқа тапсырма. Сәйкестігін тап. Бағалау критериі 5 балдық
№
Сұрақ
Дұрыс жауабы
№
Жауабы
1
Жазғы ордасы
4
1
Тон
2
«Он оқ будын»
5
2
Суяб
3
Ауғанстан мен Үндістанның сол-бат. басып алды
1
3
Тархан,бұйрық
4
Шу бойындағы орталығы
2
4
Мыңбұлақ
5
Сот істерін жүргізген
3
5
Дулу, нушеби
1-топқа тапсырма.Есіңе түсір, кестені толтыру
Қашан?
Қайда? Кім?
Не болды?
552-603жж
Алтайдан Каспий теңізі аралығы
Түрік қағанаты құрылды
545 ж
Түрік қағаны
Қытаймен бейбіт
байланыс орнатты
563-567 жж
Түріктер
Эфталиттерді жаулап алды
552-554
Мұқан қаған
Жужандар бас көтерместей болып жеңілді
VIғ. 70ж.
түріктер
Солтүстік Кавказ,Қара теңіздің солтүстік жағалауына үстемдік етті
2-топқа.Шығыс түрік қағанаты
Қашан?
Қайда? Кім?
Не болды?
679-689
Шығыс түріктері
- Қытаймен жүргізген соғыстың нәтижесінде Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді
691ж
Шығыс түріктері
Таң империясының 50мың қолын талқандады, әскербасын тұтқынға алды.
716ж
Білге қаған
Қытай әскерлеріне соққы берді
711ж
Тоныкөктің
түргештерді өзіне қаратты
734ж
Білге,Күлтегін қағандар
Қытаймен соғыста жеңіске жетіп,шекеаралық сауданы жақсы дамытты.
3-топқа тапсырма.Есіңе түсір, кестені толтыру Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж)
Қашан?
Қайда? Кім?
Не болды?
627 жылы
Тон қаған
Византияға көмек беру үшін өзінің қалың қолын аттандырды
630жылы
дулулар мен нушебилер
-Билік үшін күрес басталды
634ж
Ешбар Елтеріс қаған
-Нушеби тайпасының қолдауымен билікті өз қолына алды
659ж
Қытай
Елдегі өзара тартысты пайдаланып Жетісуға басып кірді Ешбар қаған қолға түсіп соғыста, қаза болды
704ж
Үшлік қаған
Қытайлықтармен соғыста түргеш тайпасының қағаны жеңіске жетті
Қорытынды: бүгінгі сабақтан әр топ қандай ақпарат алғанын пысықтап,топтың балдарын санап,белсенді топты анықтау.Әр топ бүгінгі сабақтан алған материалдарын төмендегі кестеге түсіреді.
1-ші топқа
Шығыс түрік қағанаты
Батыс түрік қағанаты
2-ші топқа
Түрік қағанаты
Батыс түрік қағанаты
3-ші топқа
Шығыс түрік қағанаты
Түрік қағанаты
Бағалау:
Ұйге тапсырма: §23 оқу,хронологиялық кесте жасау