«Қала-Ауыл» бағдарламасына сәйкес
ұйымдастырылған ауыл мектептерінің инновациялық қызметін дамытуға көмектесу
іс-шараларын лицейіміздің ұжымы Нұра ауданының 12 орта мектебімен бірлікте желілік қоғамдастықты бастады. Осы мектептердің басшылары мен орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктер
жетекшілері шақырылған семинар-кездесу сәтті өтті.
Үш деңгейлі оқудың нәтижелерін жеткізу
мақсатында Ғ.Мұқатова мен М.Жапабаева «Желілік қауымдастық және Көшбасшылық»
тақырыбында, А.Игенова, Г.Егінбаева және Е.Жақсымбетовтер «Жеті модульді», «Сын
тұрғысынан ойлаудың элементтерін», жаңа технологияларды, АКТ-ны тиімді
пайдалану жолдарын көрсетті.
Меруерт, желілік қоғамдастық арқылы Нұра мектептерімен жұмыс жасап жатқандарыңыз өзінің жемісін береді деп ойлаймын. Өйткені іргелі облыстағы осындай мектептемен іс-тәжірибе алмасу көп өзгерістер әкелетіні сөзсіз. Біздің ДБМ "Дарын" мектеп-интернатына 26-31.0314 аралығында Бұқар-Жырау ауданының мектептерінен мектеп директорлар, оқі ісі меңгерушілері мен пән мұғалімдері келіп, біраз іс-тәжірибе алып кетті. Біз маусым айында тек мұғалімдермен ғана емес, оқушылармен де біршама жұмыстар ұйымдастырамыз деп жоспарлап отырмыз. Істеріңізге сәттілік тілеймін.
рахмет, Гулжан! Сіздердің мектептеріңізде жаксы игі шараларды қолға алып жатканын байқадым. Қала-ауыл қоғамдастығы өз жалғасын тауып, береріміз бен аларымыз, үйретеріміз бен үйренеріміз көп болғай!
Меруерт, жақсы жұмыс жасап жатыр екенсің. Әсіресе алыс аудан, ауыл мектептерінің мұғалімдерімен бірлесе жұмыс жасау, оларға көмек көрсету оңай жұмыс емес. Болашақта қоғамдастық мүшелерімен қалай байланыс жасайсың?
Меруерт, жұмысыңа сәттілік тілеймін. Жұмыстарыңа мүмкіндік болса бізді де шақырыңдар
Махажанова Айзат, рахмет хабарласып бір жақсы желілік қоғамдастықтағы жұмыстарымызды жоспарлап алсақ қайтеді?
маусым айына дейін бірлескен жұмыс жоспарларын құрдық. Мамыр айында біз нұра ауданында барып, іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз