Lesson Study-ді өткізу жоспарына сәйкес сәуір айының 15 сәуір күні қазақ тілі, орыс тілі, биология, физика пәндерінің мұғалімдерінен құрылған топ биология пәнінен 8 «В» сыныбында Lesson Study-дің 2 бөлімін откізді.
Тақырыбы – «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру».
Мақсаты – топтық жұмыстың сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын дамытуына ықпалын зeрттeу. 2-ші зерттеу сабағы барысында да зерттеуге қатысушы мұғалімдер арнайы зeрттeу картасы бойынша оқушыларды бақылап, нәтижесі талқыланды. Оқушылардан сұхбат алынды.
Талқылау барысында С деңгейлі оқушының белсенділік танытпағанына, қолданылған стратегияның С деңгейлі оқушыға тиімсіз болғанына көз жеткізілді. В деңгейлі оқушының біршама белсенділігі, қызығушылығы артқанын, ал керісінше А деңгейлі оқушының жекелеген тапсырмаға аса қызығушылық танытпағаны байқалды. Алдағы өтілетін 3-сабақты қайта жоспарлауда осы оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып құру мақсат етіледі.