kz ru en

Авторизация


Осакаров ауданындағы № 1мектептегі коучинг

2014 жылдың 27 – наурызында Қарағанды облыстық білім басқармасының «Ауыл – қала» бағдарламалық жобасының аясында Қарағанды қаласындағы облыстық мамандандырылған Мұрагер мектеп – интернатының мұғалімдері Осакаров ауданының № 1 мектебінде біліктілікті артырудың жаңа жүйесінің негізгі, түйінді идеялары мен бағыттарын түсіндіру, енгізу, насихаттау мақсатында коучинг – семинар өткізді. Коучинг барысында №1 мектептің қазақ тілінде оқытатын мұғалімдер арасында Мұрагер мектебінің математика пәні мұғалімі Жекебаев Саян Шайкенович «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының үш деңгейлік құрылымы» атты тақырыппен әр деңгейдің арасындағы негізгі өзгерістерді айқындайтын факторлар, ойлау жолдары, жұмыс әдістері, мен құралдары толық, жан – жақты түсінік беріп өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Төлеп Күлзада Әбікенқызы «Әлем елдеріндегі білім саласындағы реформалар» тақырыбын «Джигсо» стратегиясын қолдана отырып ашып көрсетті. Мұғалімдер топтарға бөлініп, өз топтарына берілген мәтінге сәйкес әрбір елдегі білім реформасына талдау жасады, топ жұмысы спикерлер қорғауы арқылы бекітілді. Коучинг барысындағы келесі қадам «Сергіту сәті» болды. Бұл сәтте іс – шараға қатысушылар Қара жорға биін билеп, бір серпіліп алғаннан кейін, Мұрагер мектебінің тарих пәні мұғалімі Балтабаев Құлжанбай Байдильдинович «Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер» тақырыбын ашу үшін «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясын қолданды. Коучингқа қатысушылар 6 топқа бөлініп, өз топтарына берілген қалпақ түсіне сәйкес тақырып мазмұны мен мәнін ашуға тырысты. Топтардағы жұмыс жалпы топтағы талқылауға ұласты. Коучингтегі қызықты сәттердің бірі Баспасөз конференциясы болды. Әр топтан қалпақ киген бір мұғалімнен шығып, олар Қазақстандағы білім беру жүйесіне жауап беретін кәсіби мамандар ролін атқарса, қалған әріптестеріміз журналистер ролін атқарып, маман тұлғаларға сұрақтар қойды. Сұрақтар танымдық тұрғыдан жоғары, әрі қызғылықты қойылып, Осакаровтық әріптестеріміз үшін бұл сәттер сергіту бағытында әрі танымдық, әрі рольдік ойын түрінде өтті. Коучинг соңындағы рефлексия кезеңі «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асты. Өткізілген іс – шараның нәтижесінде «Ауыл - қала» жобасының мақсатына сәйкес, Осакаровтық мұғалімдер мен Мұагер мектебінің ұстаздары арасында кәсіби тұрғыда ынтымақтастық, сенімділік пен өзара түсіністік, жаңа тұрпаттағы мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту жұмыстары қолға алынды.

4
13

Комментарии (4)

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Әріптестер!Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Туякова Бибигуль,
Преподаватель

Әріптестер ! Тамаша болған екен Ауыл- қала" байланысы !  Әрі қарай жұмыстарыңыз жемісті болсын , демекпін! 

Балтабаев Кулжанбай,
Преподаватель

Бибігүл, Зәуре! Тілектеріңізге көп рахмет!!!  Қалдарыңыз қалай, өздеріңнің жұмыстарың қалай жүріп жатыр? 

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Құлжанбай!қалың қалай?Жаңа оқу жылын табысты өткіз.Коучинг туралы не айтар едің?Бәріңдікі бірдей болып кетті деген сияқты сөздер болып жатыр...