Мұғалімдерге арналған тәжірибелік кеңестер. Олар үшін жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың маңызы қандай?
Төменде мұғалімдерге оқытуды жетілдіруге, оқушылардың ойдағыдай дамып келе жатқандығына және олар әлеуеттерін толық іске асырып жатқандығына көз жеткізуге көмектесетін пайдалы ақпарат пен ұсыныстар, кеңес пен ұсынымдар көрсетілген.
Мамандардың бөлімде қарастырылатын тәжірибелерді түсінуі және мұғалімдерді оларды модельдеуге ынталандырып отыруы өте маңызды, себебі бұл шаралар мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының неізгі ерекшеліктері болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін мұғалімдер осы тәжірибелік кеңестерді ұстануы керек. Сол сияқты, жаңартылған білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде мұғалімдерге қолдау білдіру үшін мамандар мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында оларға қойылған талаптарды түсініп, педагогикалық тәсілдер мен негізгі тақырыптарды жүзеге асыру жолдарын білуі қажет. Оқыту мен оқу Оқыту мен оқу екі түрлі жекелеген әрекет түрлері емес, бір үдерістің өзара тығыз байланысты екі элементі екенін түсіну маңызды. Мұғалімдер оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы түсініп, өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартқан сайын, олардың балаларды тиімді оқуға жетелеу қабілеті соғұрлым арта түспек.
Ауқымды зерттеу жүргізу арқылы оқушылардың үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсілдер ретінде төмендегі стратегиялар анықталды:
• Белсенді оқу;
• Кері байланыс;
• Сенімін нығайту;
• Оқыту сапасы. Мұғалімнің рөлі Мұғалімдер:
• барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ахуалын қалыптастыруға;
• сенімді, жауапты, ойшыл, жаңаға ұмтылатын және іске немқұрайды қарамайтын оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
• оқушылардың дағдыларын дамыту мақсатында тиісті шара қабылдап, лайықты жаттығуларды қолдануға;
• алға қойылған оқу мақсатына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және құралдарды пайдалана отырып; бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, жеке жұмыс түрлерін құру және уақыт жағынан басқаруға;
• оқушыларды мақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде, мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді пайдалануға;
• оқушыларды бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс. Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлау Жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыруды жоспарлау барысында мұғалімдерге көптеген тармақтарды ескерген жөн. Мұғалімдер оқуды «жандандырып», оқушылардың оқуға деген уәжін өсіріп, олардың дағдыларын дамыту амал-тәсілдерді анықтау қажет.
Сонымен қатар, мұғалімдерге қалыптастырушы бағалауға арналған жаттығулар 7 орындалатын сабақтарды анықтап алу керек. Жоспарлау кезінде оқу бағдарламасын, оқу жоспарын және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты пайдалану Оқу бағдарламасында, оқу жоспарларында және қалыптастырушы бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта бірдей оқу мақсаттары ұсынылған. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Сабақ жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылуы керек. Орта мерзімді жоспар құру Оқу жоспары көптеген орта мерзімді жоспарлардан, яғни бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға мүмкіндік береді. Орта мерзімді жоспардың бірінші парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығумен бірге беріледі. Белгілі бір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы болмақ. Бұл ретте өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, жаттығуды сіздің жағдайыңызға анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығуға ауыстыру). Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатындығын ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, жолсілтер көмекші ретінде қараған маңызды екенін айта кеткен орынды болар. Оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу – өз қолдарыңызда.
Оқу жоспарында белгілі бір тақырып аясында ұсынылған барлық жаттығулармен танысып шыққан соң, бірінші тоқсаннан бастап Критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сәйкестігі тұрғысынан қарастырып шығу қажет. Бұл қай оқу мақсатын қалыптастырушы бағалаудың көмегімен бағалауға болатынын анықтауға көмектеседі. Қысқа мерзімді жоспарға қалыптастырушы бағалау жаттығуларын енгізу үдерісі Критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықта әр тоқсан үшін іріктелген оқу мақсаттары мен әр оқу мақсатына арнап таңдалған табыс критерийлерінің тізімі ұсынылған. Мұғалім өзінің орта мерзімді жоспарын жасаған кезде, бұл қай оқу мақсатын қалыптастырушы 8 бағалау әдісімен бағалауға болатынын анықтауға көмектеседі. Тоқсандық жоспарда барлық оқу мақсаттары көзделуі керек (тек қалыптастырушы бағаланатындары ғана емес). Себебі пән бойынша оқу үлгерімін жақсарту үшін басқа оқу мақсаттарының да маңызы зор. Ішкі жиынтық бағалау барысында оқу бағдарламасына енгізілген барлық оқу мақсаттары бағаланады. Оқу мақсаттары оқу жоспары мен критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтың екеуінде де ұсынылған, бұл екі құжат арасында өзара байланыс орнатуға септігін тигізеді.
Төменде соның бір үлгісі берілген.
1. Критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулыққа сүйеніп, қалыптастырушы бағаланатын оқу мақсаттарының тізімін жасау. Мысалы, «Ғаламдық перспективалар және жоба жұмысы» пәнінің 10-сыныбында 1-тоқсанда қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланатын оқу мақсаттарының тізімі: Бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтағы оқу мақсаттарының тізімі Жобаның әлеуметтік маңыздылығын түсіну Зерттеу тақырыбын әр түрлі редакцияда ұсыну Басқа оқушылардың зерттеу тақырыптарының тұжырымдамасын бағалау Гипотеза мен зерттеу тақырыбының тұжырымдамасына түзетулер мен нақтылаулар енгізу Ақпарат көздерін сыни бағалап, əртүрлі ғылыми басылымдардан жəне ғаламтордан ақпарат іздеуді жүзеге асыру Ақпарат көздерінің мәнмәтінін түсіну Оқу кезінде тіркеу жүргізу Зерттеу тақырыбы бойынша фактілерге сипаттама беріп, оқу барысында ескертпелер жасау Дəйексөз алу жəне өзгертіп айтуды қолдану Зерттеу барысында əр қатысушының қосқан үлесін мойындау (алғыс білдіру)
2. Оқу мақсаты оқу жоспарының қай жерінде орналасады. Бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтағы оқу мақсаттарының тізімі Оқу жоспары Бөлім Жаттығу Жобаның әлеуметтік маңыздылығын түсіну
10.1 Жастар арасында жұмыссыздықты жоюға арналған шағын жоба Зерттеу тақырыбын әртүрлі тәсілдермен ұсыну
10.1 Отбасы немесе демография тақырыптары бойынша ынталандыру материалдары негізінде зерттеу сұрақтарын құрастыру Басқа оқушылардың зерттеу тақырыптарының тұжырымдамасын бағалау
10.1 SWOT – талдауды пайдалана отырып, өзін-өзі бағалау
3. Мұғалім бір оқу мақсаты оқу жоспарының бірнеше жерлерінде қолданылған болса, ол оқу мақсатын қай кезде бағалайтынын шешеді (сол тоқсанда ма, әлде тоқсан бойы ма). Бұл ақпаратты өз орта мерзімді жоспарына қосады. Қысқа мерзімді жоспар әзірлеу Қалыптастырушы бағалау мүмкіндіктері қарастырылған орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындауға көңіл қояды.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ол сабақтардың сабақ мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі / мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс 9 екені туралы жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз.
Бұл: • сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға;
• сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
• оқуды бағалауды жеңілдетуге;
• оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі. Сабақты жоспарлау Сабақ мақсатын анықтап болған соң, мұғалім бұл мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екенін шешеді. Дәстүрлі оқыту әдістері оқушылардың мінез-құлқы, олардың уәжі, арман-тілектері мен қызығушылықтары, дағдылары, оқу стильдері әртүрлі болатынына немесе әлеуметтік жағдайына онша көңіл бөле бермейді. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөле отырып, біздің оларға қол жеткізудегі қажеттіліктеріміз оқудың сапасы мен көлеміне түбегейлі әсер ете алатындығын жіті назарға алады. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс екені түсінікті, алайда оқушылар оқу үдерісінде өте аз үйренетін болса, жалғыз мұның ешбір мәні болмас. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындап, сонымен қатар оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау қажет. Сонымен бірге оқыту барысында төмендегідей бірқатар мәселелерді ескеру пайдалы болмақ:
• Сабақта көптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысыңыз. Бір сабақта Сіз төрт, бес немесе одан да көп жаттығу түрлерін қамти аласыз. Қысқа уақыт алатын, айталық, 10 минуттық жаттығу дайындаңыз. Әдетте баланың назары бір нәрсенің төңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын естен шығармаңыз.
• Бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, оқушыларға сабақтың басты мақсаты туралы ұдайы ескертіп отыратыныңызға көз жеткізіңіз. Жаттығуды әртүрлі тәсілмен түсіндіруге дайын болыңыз. Мысалы, сіз жаттығуды тақтаның алдында ауызша көрсетіп, сосын оқушылардан дәл сол тапсырманы жазбаша орындауды сұрай аласыз. Бұл оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп көше отырып, тапсырманы түсінуге көмектеседі, өткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
• Сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отырыңыз. Сабақ барысында өзіңіздің қанша сөйлейтіңіз туралы ойланыңыз. Егер сіз тым көп сөйлесеңіз, оқушыларда пікір таластырып, бір-бірінен үйренуге уақыт аз қалады. Қол көтергендерден сұрай немесе оқушыдан жауап беруін сұрай отырып, жауаптарын анықтау арқылы сыныптың нені түсінгенін бағдарлаңыз. Жеке, жұптық, топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолданыңыз. Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуге тиісті бірқатар мәселелер:
• Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушының мақсатқа жетуіне жетелей ме?
• Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олар не істейтінін және олар қандай нәтижеге қол жеткізу керектігін қалай түсіндіремін?
• Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
• Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, бұның бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға көмек көрсетіле ме / жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ала ма?
• Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы, дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін? 10 • Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты, оны қалай жіктеп, жазып және талқылаймын? Сабақ жоспарына қалыптастырушы бағалауды енгізу Барлық сабақтың аясында нәижелері жазылып отырылатын қалыптастырушы бағалау жүре бермейді. Оқушылар баға алмас бұрын, оқытылатын пәнді түсініп, ондағы дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алуы керек. Оқу мақсатының күрделілігіне қарай оқыту мен бағалау бір сабақ барысында немесе бірнеше сабақтың бойында өтуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау үшін қолданылатын жаттығуды таңдаған соң мұғалім бағалау жөніндегі нұсқаулыққа сүйене отырып, оқушылардың оқу мақсатына «жеткенін» немесе әлі де «талпынуда» екенін анықтауға арналған табыс критерийлерін анықтайды. Оқу мақсатына «талпынудағы» оқушылар үшін бұл өте пайдалы ақпарат болмақ. Себебі күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылар сол ақпараттың негізінде бұдан кейінгі сабақтарды бейімдей алады. Сабақты өткізбес бұрын бұл ақпаратты жинақтап, жазбаша жоспарда қарастыру – пайдалы шара болмақ.
Рефлексия жасау кезінде бұл жоспарды үнемі көз алдыңызда ұстап, оған түсініктеме жазып отырған да мұғалімнің жұмысын жетілдіруге септігін тигізеді. Бұл мұғалімге келесі сабақты жақсартып, онда қолданылатын ресурстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өзіндік рефлексия мен өзіндік бағамдауға негіз етіп ала отырып, ескертпелер жазылған осы жоспарды сабақтан кейін оны қадағалаған маманмен сабақты талдауда пайдалануға болады.
Сабақ жоспарында мұғалім:
• тиісті оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауға;
• сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бөлшектерін қамтуға (оқу жоспарындағы сабақ жоспарының үлгісін қараңыз);
• логикалық жағынан реттелген және оқушылар мен сабақ мақсаттарына сай келетін кезеңдер, жаттығулар мен тапсырмалар туралы толық ақпарат ұсынуға;
• мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті стратегияларды анықтап, проблемаларды алдын ала көре білуге және анықталған дағдыларға қатысты шешім ұсынуға;
• тиісті материалдар мен ресурстарды пайдалануды жоспарлауға тиіс. Оқушыларды уәждеу Кез келген мұғалімнің алдында тұрған басты міндеттердің бірі оқығысы келмейтін оқушыны оқу үдерісіне қатысатындай етіп қызықтырып, қолдау көрсету болып табылады. Оқуға құлқысы жоқ оқушылардың уәжін қалай оятуға болады? Осы салада кеңінен қолданылатын әдістер негізінен мадақтау және жазалау жүйесін қолдануға негізделуі мүмкін. Олар, әдетте, «сыртқы» уәж немесе «оқу керек» деген талаппен байланыстырылады. Оқушыларды мұндай жолмен уәждеу стратегияларын пайдалануға сақтықпен қараған жөн. Асылы оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді, күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. Жасы кіші оқушылар ойын және өздерінің танып-білуге деген табиғи құштарлығының арқасында өздерін жандандырса, ересек оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде қолдануға болатынын көргенде оқуға деген ынтасы артады. Сондықтан олар шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты тапсырмаларды ұнатады. Мұғалімдер төменде аталған бірқатар маңызды мәселелерді ескерсе, оқушыларының уәжін арттыруда тиімділікке қол жеткізеді:
• оқушылардың қызығушылықтарымен, қажеттіліктерімен және ұмтылыстарымен ұштасып жататын, олардың қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған жаттығуларды әзірлеу және қолдану;
• оқыту мен оқудың жаңа әдістерін қолданып, оқушыларды сізбен бірге экспериментке қосылуға шақырыңыз. Бұл мұғалім мен оқушылардың арасындағы байланысты нығайтып, жағымды оқу ортасын құрып, оқушыға толыққанда кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді;
• жағымды мәнерде сөйлеп, дене қимылдарын пайдалану;
• ынталандыру – зор уәждеуші фактор, алайда ол үнемі табысты бола бермейді;
• оқу материалдарының мазмұнын түрлендіріп тұрыңыз. Кей мұғалімдер сабақтың басым бөлігін өздері сөйлеп, сабақты «жаулап-төстеп» алады, бұл ретте оқушылар тыңдап, тақтадағы жазылғандарды көшіріп қана отыруға мәжбүр болады – бұл уәждің өсуіне еш ықпал ете алмайды. Оқушының оқуға құлқының болмауы негізінен мұғалімнің оның уәжін оята алмауының кесірінен болады. Мұғалім қызметінің аса маңызды қыры – оқушылар уәжделген бе, жоқ па екенін анықтауға көмектесетін көптеген факторларды түсінуі. Төмендегі кестеде мұғалім жұмысының оқушының уәжін өсіретін немесе керісінше өшіретін кейбір элементтері ұсынылған. УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар белгілі бір мағынасы бар және бұның алдында өткен тақырыппен байланысты жаттығулар күңгірт, түсініксіз және бұның алдында өткен тақырыппен байланыспайтын жаттығулар сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе жоғары қабілетті оқушылардың қабілеттері ескерілмейді оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжау мүмкін емес оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжап білуге болады оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді әр оқушыға жеке қолдау көрсету оқушылар мұғалімнен көмек күтеді көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы мақтау айтылмайды және мұғалім дене қимылдарын, ымды тиімді қолданбайды оқушылар сабақ мақсатын және олардан не күтілетінін біледі оқушылар сабақ мақсаты мен олардан не күтілетінінен хабарсыз Оқушыларға пәнді толығымен түсінуге көмектесу Мұғалімдер өз пәнінен сабақ беру кезінде бүкіл курс бойы қарастырылған ақпарат түпкілікті бағалау кезеңіне дейін әр оқушының жадында қалатындығы кепілдік беруі тиіс. Бұған көмектесетін бірнеше тәсілдер бар.
Олар: • оқушылардың қазіргі уақытта оқып жатқан пәндік салалар, бүрын қозғалған тақырыптар арасында байланыс орнатуына үнемі ықпал етіңіз (мұны түрлі тәсілдермен жасауға болады, мысалы, бүгінгі тақырып бойынша ауызша сұрақ қоюға және 12 оқушылармен бұрынғы өткен тақырыпты қозғауға болады немесе оқушылар өткен және ағымдағы тақырыптардың идеясына сүйенетін тапсырмалар беру. Бұл өткен тақырыптардың оқушылардың жадында сақталуын қамтамасыз етіп қоймай, олардың пәнді толығымен түсінуіне көмектеседі).
• сабақты «спиральді білім беру бағдарламасына» сәйкес жоспарлау, яғни тақырып курстың басында қарапайым деңгейде қозғалып, ал кейін жоғары деңгейде қайта қаралуы тиіс. Оқушылардың тақырыпты түсінуі оларға осы тақырыпты қайта қарау мүмкіндігін берген кезде жетілде түседі. Бұған бірнеше тәсілдермен қол жеткізуге болады:
• басқа сұрақтарды және бастапқы қарастырылған кезде қойылған сұрақтарды пайдаланып, тақырыпты қайта қарастыру;
• тақырыпқа қайта оралу арқылы оның басқа тақырыптармен байланысын зерттеу;
• оны жоғары тұжырымдамалық деңгейде (оқушыларда түсінік қалыптасып, дағдылары шыңдалған кезде) және көптеген жағдайлардың көмегімен зерттеу.
Рахмет
Жаңартылған білім мазмұны бойынша осы деректеріңіз маңызды.
рахмет