kz ru en

Авторизация


Рухани – адамгершілік білім беру

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы.
С.Сейфуллин атындағы  ЖОББ мектепте

 

 

 

 

 

 

Баяндама атауы:   Рухани – адамгершілік  білім беру

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Қазақстан тарихы пәнінін мұғалімі:                   Алиакбарова Айгерим Алдашкеевна
ұялы телефон: 87757857855

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І.    РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Рухани – адамгершілік білім беру және тәрбие

1.2. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері.........................................................

1.3. Адамгершілік тәрбиесінің әдістері.............................................................

ІІ.   тарау. Адамгершілік ұғымының ғылыми - теориялық негіздері..............

2.1. Ата-анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке тәрбиелеу туралы

2.2. Адамгершілік –сана сезімді және мінез-құлықты қалыптастыру бірлігі.

2.3. Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу – басты міндетіміз

2.4. Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбиесі......................................................

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ................................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз  - мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-қатынаста болуды талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесі балаларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті ой әсемдігі мәселелерін қамтиды. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты қасиеттерді қамтиды. Балабақшадағы адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Бала қаншалықты білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетпей жатса, оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды. Олай болса, балабақша қабырғасында балаларға берілетін рухани адамгершілік дағдыны бірер жылдың ішінде балалардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ жылдың жемісі.
Балалар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық (қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік адалдық және т.б) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік -  танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше мән беруіміз керек.
Мақсаты: Рухани – адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, рухани бай, жаны таза, ұлттық салт – сананы бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:  
1. Әдептілік, мейірімділік, имандылық, қайырымдылық, ізеттілік, қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру
2. Өз ойын еркін, жетік жеткізе білуге үйрету.
3. Балаларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру
                         1.1. Рухани – адамгершілік білім беру және тәрбие
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі

                                                                                         Ыбырай Алтынсарин  
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу. Рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз – өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан – тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым – қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізгі мінез – құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың  іс – қылықтарының, мінез –құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым – қатынастарды бақарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай – ақ тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл- сананың сезімдердің мінез – құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық – экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан – жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке,ізгілікке ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге,көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен  шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте – бірте қалыптастырады. Әр баланың жеке басты – оның моральдық даму үшін қамқорлық жасау бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан – жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда басты рольді атқарады. Оның тәртібі, іс – қимылы, балалар және үлкендермен қарым- қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан – жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани – адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым – қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міңдетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу,сондай – ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т,б қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым – қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымды қарым –қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін,оның ережеге деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі» аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажети нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты – денісау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық, деп атап көрсеткен. Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез – құлқы қалыптасады, ар –ұят, өзін – өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

 

 

2.1. Адамгершілік ұғымының ғылыми - теориялық негіздері
Рухани – адамгершілікке тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін – өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқы мен іс әрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасуына, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге  мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа....» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» - деген мақалдардан көруге болады. Мақал – мәтелдер,жұмбақ, айтыс, өлеңдер, адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс – әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік – адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен  сапалы қарым – қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты  белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез – құлқы, іс – әрекеті, қарым – қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу оған сену, әдептілік, кішіпеілділік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б Адамгершілік ең жоғары құндылық деп қарайтын  жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес.

                                          Әдістемелік нұсқау

Қиыншылыққа шыдап, ұзақ уақытқа күш – жігер қажет болса да көздеген мақсатына жетуге тырыс.

Топтағы балаларға ілтипатпен қараңыз.

Әділетсіздікпен белсенді түрде күрес.

Балаларға шамаң келгенше көмектесуге тырыс.

Үлкен кісілерді құрметтеуге, сәлемдесуге айтқан ақылын тыңдауға үйрен.

Сіз өз ортанызды сыпайы, мейірімді, адал, қарапайым, болуға тырысыңыз.

Сіз өзбетіңше жауапты шешімдерді қабылдай білуге үйрен.

Сөзің мен ісінді әрдайым мұқият қадағалай білуің керек.

Үлкен жетістікке жеткен жағдайда атаққұмарлыққа салынба, адамгершілік қасиеттерді естен шығарма.

 

Қорытынды бөлім

Қорыта келе, мектепке дейінгі кезеңде адамгершілікке тәрбиелеуде жағымды сезіммен сананың алғашқы элементтерін қалыптастырып, біртіндеп, қарқындап, дамытуға ықпал жасауға көзделеді. Адамгершілік тәрбиесі баланың барлық іс – әрекетіне, әдетіне, мінез – құлқына, тәрт ібіне, үлкендерге, Отанын сүйе білуге, елжандылыққа, еңбекке, қоғамдық мүлікке деген қарым – қатынасының дұрыс болуына бағыт беріп, жөн сілтеп отыратын тәрбие деп тұжырымдаймыз. Әрине, оның себептерін жан – жақтан іздеуге болады. Ата –анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Олардың барлығы бір мақсатта болып, бір ойдан шығуы мүмкін емес қой деген пікір де туындап жатады. Бірақ баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын тәрбиешінің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ол ешқашан да артық болмайды. Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар – ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиенің жемісі. Сонымен, қорыта айтқанда, балаларды адамгершілікке тәрбиелеуді алғашқы қадамын жасау – балабақща  бойынша бұл тәрбиешілердің қабілетін қажет етеді. Сондықтан әрбір тәрбиеші жас ұрпақты  тәрбиелеу борышын терен ұғынып, жауапкершілікті бірдей сезінсе, балабақшамыз – рухани байлықтың ошағы болады және олардан өз елін құрметтеп, келешекте халқымыздың тәлім-тәрбиесін дамытып, жалғастыратын жастарымыз шығатынына сенемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Айжанова З. Құқықтық тәрбие беру арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.// Бастауыш мектеп. 2003, №12.
2. Айжанова З. Салауаттылық – өмір салты. Адамгершілікке тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп.2004, №1.
3.Әбдіжапарова Ж. Мектеп оқушыларына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Алматы: Рауан, 1998.
4.Бала тәрбиесі. Мұғалімдерге арналған құрал. Іс тәжірибесі. Алматы: Мектеп, 1985.
5. Байжанова Ж. Семья бақыты. Алматы: Қайнар, 1990.
6. Бейсенбаев Ж. Әдептілік әлемі. Алматы: Жалын,1982.
7. Қарсыбаева Р. Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту. Алматы: Мектеп, 2001.

 

0
4

Комментарии (0)