kz ru en

Авторизация


Қауіпсіз интернет

        

 

 

Сәуір айының 11-18 аралығында М.Жұмабаев атындағы №39 гимназияда "Қауіпсіз интернет" атты көрме өтті. Бұл көрменің басты мақсаты оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру. 

Интернеттің пайдасы

«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
— Қаржылық операциялар жасауға;
— «Maіl. Ru Агент», «Facebook», «Skype» т. б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп – біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес.

Интернеттің зияны

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл – қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір – бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз. Асыл тастан, өнер жастан – демекші,–қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен   мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де бол са өте қажет, оның пайдасы өте зор, әрі қауіпсіз.!

1
5

Комментарии (1)

Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Рахмет, пайдалы екен.