Сыныпты бір жүйемен басқаратын (CRMS) электронды оқыту жүйесінің артықшылықтары.
Білім беруде ақпараттандыру мұғалімнің ролінің өзгеруіне, оқытудың жаңа түрлері мен әдістері пайда болуына әсер етеді. АҚТ сабақ үдерісінде ойдағыдай қолдану мұғалімнің оқу ортасын ұйымдастыра білу қабілетіне, пәндік білімдерін жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялармен біріктіруіне тікелей байланысты. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. АҚТ-ды сабақтың әр кезеңінде пайдалану әбден мүмкін. Сыныпты бір жұйемен басқаратын (CRMS) электронды оқыту жүйесі. Яғни, барлығыңыз білетіндей JoyClass v7.0 R3 деп аталатын программен жүзеге асады.
Joy Class - ағылшын тілінен аударғанда көңілді сынып деген мағынаны береді. Joy Class бағдарламасы компьютермен қарым - қатынас жасау үшін, арнайы тексеру үшін, оқушының әрекеттерін қашықтықтан (дистанциялық) басқару, білімін тексеріп, файлдар алмасу барысында оқу үдерісіне қажетті түрлі оқу материалдарды (мәтін, жазу-сызу, дыбыс, бейне) пайдалануда тиімді. Joy Class бағдарламасы интерфейс арқылы жұмыс барысында айрықша дағдыларды, интуициялық түсінікті сұрамайды.
Joy Class бағдарламасы сабақтың тақырыбын мәлімдеумен қатар, оқушыларды сабаққа толық қамту үшін мұғалім келесі іс-әрекет түрлерін қолдана алады.
1) Оқып білетін тақырыпты көрсету. (тұсаукесер, бейне құлақтандыру, карталар,сұлбалар және т.б.)
2) Проблемалық жағдаяттар (оқып білетін тақырыпты шешуге алып келетін тапсырмалар,сұрақтар,проблеманы көрсететін тұсаукесерлер.)
3) Сабаққа мақсат қою.
4) Оқып білген тақырып бойынша білімдерін тексеру .
5) Әр пән бойынша жаңа тақырыпты бекіту кезеңдерінде мұғалім жаттығу құрылғысы бағдарламаларын пайдалана алады.
6)Бейне ойнату
7)Окушыны бакылау жане баскару
8) Чатты бастау
9)Тестты кұрастыру
10)Тестті бағалау
11)Құжаттар алмасу
12) Тестты бастау
13) Мұғалім мен оқушының арасындағы тығыз және үздіксіз байланыс.
Joy Class бағдарламасы қолданылған жаттығуларды мұғалім оқушылардың білімін тексеруде пайдалана алады, содай-ақ осындай жаттығуларды дайындауға өз оқушыларын тарта алады. Бұл пәнді өз бетімен үйренуге жағдай жасайды да, оқыту үдерісін серпінді және интербелсенді етеді.
рахмет
Рахмет
рахмет. қызықты