Қазіргі уақыт талабы – білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Жеке тұлға дегеніміз – адамның психикалық рухани мәдениеті. Тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажырлы мен сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі.
Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуы және креативті ойлай алу қабілетін олардың мүмкіндіктеріне орай дамытуда қазақ тілінің мәртебесі арта түседі. Төткүл дүниедегі кез-келген үлкенді-кішілі ұлттардың ұйытқысы болар тұлғалы азаматтарының барлығы ең алдымен ана тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Демек, мемлекетіміздің Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге, іс-қағаздарын жүргізуге міндетті. Тілге деген құрметті дамытуда орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиет сабағын беретін мұғалімдерге түсетін жүктің салмағы ауыр. Жас ұрпаққа сапасы білім мен сапалы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғы шарты. Сондықтан бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты – зерделі, білімді, адамгершілігі мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін, жас ұрпақты тәрбиелеу.
Қоғамдағы жаңалықтар мұғалім біліктілігіне жаңа талаптар қоюда. Біліктілік – білімдегі, тәжірибедегі берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жаңа қабілет, көздеген мақсатқа жетудегі әдіс-тәсілдердің бір-бірімен сәйкес келуі. Мұғалімнің біліктілігіне төмендегідей талаптар қойылады:
Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі, өз бетінше оқып ізденуі.
Ізденушілігі.
Бейімделуі, жаңа шешімдер таба білуі, өзгеріске икемділік танытуы.
Ынтымақтастықта болуы.
Өзіндік жауапкершілік және өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
Рахмет
Тамаша