kz ru en

Авторизация


Қаңлылар туралы деректер

Сынып; 6 (Б)

Тақырыбы: Қаңлылар туралы деректер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету. Және тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып берік білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Өздігімен жұмыс ұйымдастыру, тірек сызба арқылы түсіндіру, топпен жұмыс жүргізу әдісі.

Көрнекілігі: ҚР картасы, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті карта

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Түгелдеу

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа баулу

4. Топқа бөлу

 

І – тур. Таныстыру

1 - топ: «Тиграхауда» - Тиграхауда сақтар дегеніміз не - шошақ бөрік киіп жүретін сақтар.

2 - топ: «Парадарайа» Парадарайа сақтары – теңіздің Солтүстігі, Арал теңізінің маңында, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында.

3 - топ: «Хаумаварга» Хаумаварга хаома сусын дайындайтын сақтар. Мекендеген жерлері: Мургаб аңғарында өмір сүрген.

 

Психологиялық дайындық

«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас»

 

Үй тапсырмасын тексеру (10 мин).

 

ІІ – тур. Үйсіндер әлемінде

Әр топ сұрақ қою арқылы өз плакаттарын қорғау.

1 - топ. Тиграхауда.

Үйсіндер,олардың жазба деректері

2 - топ. Парадарайа.

Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы

3-топ. Хаомаварга.

Үйсіндердің салт-дәстүрі мен діни наным-сенімдері

 

Үй тап сырмасын, бекіту (5 мин)

Әр топ бір-біріне сұрақтар қою, жауап беру

ІІІ – тур.Сурет сайысы

(әр топқа бір шар беріледі,шарды үрлеп,Үйсіндер тақырыбынан кез келген суретті салу және қорғау)

ІV – тур. Тарихқа саяхат

1,Сақ патшаиымы Тамирис,елге қауіп төңгенде әділ шешім қабылдап елін сақтап қалған болатын?

Егер сен оның орында болсаң қандай шешім қабылдар едің?

2, Парсы патшасы Кир сақтарға қарсы жорыққа шығып жеңіліс тапты

Ал егер сен оның орында болсаң неістередің?

3, Сақ жаунгері Шырақ, Парсы әскерін алдап,шөлдалаға алып барған болатын?

Ал егер сен оның орында болсаң неістередің?

 

Жаңа сабақ жоспары. (8мин)

1. Қаңлылар туралы деректер

2. Археологиялық ескерткіштер

3. Қаңлылардың жерлеу дәстүрі

 

1. Қаңлылар ертеден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі, сол ежелгі қонысында қазір де мекендеп отыр. Олар туралы қытай жазбаларындағы деректер және де қоныстары мен зираттарын зерттеп жатқан археолог ғалымдардың пікірлерін баяндау.

2. Археологиялық ескерткіштер. (видео ролик)

Қауыншы мәдениеті Отырар - Қаратау мәдениеті Жетіасар мәдениеті

Мәйіттер киіммен жерленген. Қасына күнделікті тұрмыста пайдаланған заттарды қойылған. Әйелдерің қасына әшекей бұйымдары, ер адамдардың қасына қарулары қойылған Мәйіттер тік бұрышты етіп қазылған шұңқырға жерленген. Шұңқырдың төменгі жағына шикі кірпіш қаланған. Жанына керамикалық ыдыстар, әйелдердің сәндік бұйымдары қойылған Жерлеудің 2 түрі болды. 1) обаға жерлеу. Мәйітті қамыстан тоқылған төсенішке салып жатқызған. Қасына қыш ыдыстар қойылған. Ер кісілердің қабіріне пышақ, семсер, садақ; әйелдер қабіріне сырға, моншақ, білезіктер бірге көмілген.

2) сағаналарға жерлеу. Мәйітті шиге, не киізге орап, сәкіге жатқызған. Айналасына тамақ, ішетін ыдыс - аяқтар қойған. Сыртынан топырақ үйіліп, оба тұрғызылған.

Сергіту сәті (2мин)

Сабақты қорыту кезеңі.

V – тур. Тарихи диктант (2мин)

(Интерактивті тақтада тарихи диктант жазылады,оқушылар диктанты толықтырып жазады)

VІ – тур. Топтық сайыс (10мин)

(Әр топқа 7 сұрақтан беріледі,оқушылар ия немесе жоқ деп жауап береді)

 

Ү. Оқушы білімін бағалау (3мин)

ҮІ. Үйге: §21 оқу, мазмұнын айту

1
2

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Іске сәт!