ХХI ғасырдың табалдырығын аттағанда, білім мен ғылымның дамуында дүние жүзілік өркениетке байланысты, алдыңғы қатарлы озық ойлардың дамып, көптеген өзгерістердің болатыны өзекті деп табылды. Дүние жүзілік білім стандарттарына сай Қазақстанның да жас жеткіншектерді оқу мен тәрбиелеуде өзіндік моделін құру ілгерілей бастайды. Осы мақсатқа байланысты еліміздің ұстаздары жыл өткен сайын өз білімдерін мақсатқа орай жетілдіруде. Сонда мен ұстаз мамандығының заман талабына сай жаңарып, күрделіленіп тағы да бір ерекше қырынан көрінетіне көзім жетті. Курс алдында менде бір қобалжу сәті болды. Өйткені бүгінгі күнге дейін біліктілік арттыру курсынан пән бойынша өткен болатынмын. Басшы ретінде бұл курстың менің көзқарасыма қалай әсер ететіндігі көп ойландырды. Алғаш оқушы, ата-ана, мұғалімдерден курсалды тапсырмалар бойынша деректер жинап, сараптама мониторинг жасаған кезде осы кездегі мектебімнің шынайы келбетін көре алдым. Осы деректерден соң маған өзгеру не үшін керек? Болашақта мектебімді қандай дәрежеде көргім келетіндігі туралы көп ойлар толғандырды.
Міне Қазақстан Республикасының жалпы білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өту барысында алғашқы сезім, құлшыныс өте керемет болды. Себебі табысты мектеп болу үшін нені өзгертеміз, өзгеріс не үшін керек деген сұрақтың жауабын нақты анықтау болатын. Әрбір күнгі сабақ мен үшін маңызды болды. Мектептің оқыту мен оқу тәжірбиесін өзгертемін деп Қазақстанның түпкір- түпкірінен келген мектеп басшылары мен мектеп директорының орынбасарлары сабақ барысында топтаса, жұптаса және жеке өз пікірлерін ортаға салып ынтымақтастықта жұмыстар жүргіздік. Соның нәтижесінде бірінші бетпе-бет кезеңінде өз мектебімізде басқарудың принциптерін, стильдерін заман талабына сай біліп, жүйелеу қолдану тәсілдерін үйрендік. Тренеріміз Толқын Қайырбекқызының әрбір күнгі дәрістері бізді рухтандырып, болшақта мектебіміздің табысты мектепке жеткізуге жігерлендіріп отырды. Осы алған білімімді өз мектебімнің жақсы жетістіктерге жетуіне қолданамын.
Өмір бір орнында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің?!
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің?!
Сондықтан да келеді біле бергім...
Басшының ізденгіш болуы, терең ойлай білуі, қандай істі болсын ынтасымен атқара білуі. Көп білімді қажет етеді. Басшы өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана басшы, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның қызметі жойылады. Сондықтан да біздің елімізде мектеп басшыларының 9 айлық курсты ұйымдастыруы алға жасаған сәтті қадамдардың бірі болды. Осы курста білімімізді өзім қызмет жасап отырған мектептің мектеп мәдениетін дамыта отырып, табысты мектепке айналдырудың жолдарын әріптестеріммен сараладым. Курстан осыншама білім алғаннан кейін мектебімнің ерте ме кеш пе табысты мектепке айналатынна сенімім зор.
Іске сәт! Әріптестеріңіздің қолдауымен алға қойған мақсаттарыңызға әрқашанда жете беріңіздер!
Рахмет
Іске сәттілік тілеймин!
Шығармашылық тілеймін
Это мотивирует классно!
Рахмет!!!!
Шығармашылық табыс тілеймін!
Іске сәт, жақсы.
оқуға қызықты мақала
Көп рахмет
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІН
Рахмет