Кәсіби оқыту және оқушылардың бейіналды даярлық жүйесін дамыту.
Егемен елімізде жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.Қандай болмасын балаға берілетін тәрбие мен білімде басты мақсат-оны өз елінің азаматы,еліне пайда келтіретін дұрыс тұлға етіп қалыптастыру.Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында бағдарлы оқытудың үш бағыты анықталған: жаратылыстану-математикалық,әлеуметтік-гуманитарлық және технологиялық.Бағдар деген сөздің өзі-жасөспірімнің дербес бейімділігіне сәйкес келетін белгілі бір іс-әрекеттер аясын береді.
Бағдарлаудың мақсаты-мектептің жоғарғы сатысының бастауыш,орта және жоғары кәсіби білім беру мекмелерімен сабақтастығын қамтамасыз ету,мектеп бітірушілерді осы оқу орындарына түсуге дайындау.
Бағдарлаудың міндеттері- әрбір оқушы өзін-өзі іс-әрекеттің қай сферасында бейімді және қабілетті екендігін тауып,түсінетіндей мектептер жасау.Бағдарлы дайындық 9-сынып оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына және қоғам өміріне сәтті әлеуметтендірілуіне жағдай жасайтын оқуға деген диференциалды , яғни жіктеу ,саралау әдістерін қолдау мақсатын көздейді.Бағдарлы оқыту-оқушылардың қызығушылығын,бейімділігін және қабілеттілігін толығырақ ескеретін білім үрдісінің құрылымын,мазмұнын және ұйымдастыруды өзгертуге,жоғары сынып оқушыларының кәсіби қызығушылығы мен білімін жалғастыруға ,ынтасына сәйкес оқыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытудың саралау мен даралау құралы.Бағдаралды дайындық пен бағдарлы оқыту ледагогикалық іс-әрекетті оқушының тұлғалық қызығушылығына қарай бұруға мүмкіндік береді.Мектепке бағдарлы оқытуды ендірудегі негізгі жетістіктер:- біріншіден ,жоғары сынып оқушыларының қандай да бір мамандықты таңдауына көмектеседі және соған сәйкес білім негіздерін игеруін анықтап береді;
--- екіншіден ,оқушының талабы мен қабілетін ескере келе олардың қызығушылықтарын,қабілеттіліктері мен мүмкіндіктеріне қарай бағыттайды;
--- үшіншіден,бағдарлы оқыту бүгінгі таңда еңбек нарқында қандай мамандыққа сұраныстың көп екендігін ажырата білуге көмектеседі.
Осылайша жоғары сыныптарда бағдаралды дайындық пен бағдарлы оқыту жалпы білім беретін мектепте оқушылардың мамандық таңдауын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде мектеп мұғалімдерінің әр пән бойынша сапалы білім беруге деген жауапкершіліктерін арттырады.Оқу жоспарының вариативті бөлігінде білім мазмұны мектептің мүмкіндігі мен қажетіне қарай және балалар мен ата- аналардың талап тілектерін ескере отырып таңдалып алынады.Оқу жуктемесінің бұл бөлігінің ішкі құрылымы балалардың жасына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.Бастауыш мектепте вариативтік бөлік әр сыныпта 1-2 сағаттан қосымша сабақтарға бөлінген оқу уақытынан тұрады,ол жалпы мәдени біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған әртүрлі таңдау сабақтары.Бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберіндегі оқыту бағдарларына сәйкес қолданбалы курс бағдарламалары жасалады.қолданбалы және таңдау курстарын оқытудағы мақсат-оқытуды даралау және оқушыны әлеуметтендіруден,яғни оқушының болашақ кәсіби іс-әрекетін саналы түрде жауапкершілікпен таңдауына жағдай жасау.Оқыту мүмкіндіктеріне сүйене отырып,оқушылардың қызығушылығын дамыту,оқу материалдарын өмірмен байланыстыру,практикалық бағытқа басымдылық беру,оқу бағдарламалары мазмұнының келесі оқу деңгейінде оқытылатын білім беру мазмұнымен сабақтастығын ескеру, жоғары сынып оқушыларының қандай да бір кәсіби қарапайым біліктіліктерді үйренуіне жағдай жасау сияқты міндеттерден тұрады.
Бүгінгі күнгі қоғамның жалпы білім беретін мектеп алдына қойып отырған тапсырысы алған білімін күнделікті іс-әректте қолдана алатын,бәсекеге қабілетті,компетенті тұлға дайындау.Әрбір тұлғанаң мектепте алған білімі болашақ кәсіби іс-әректіне негіз болатындай,оқушының оқу жетістіктері мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай болуы кекрек.Кәсіби оқытуға қойылатын талаптар оқушылардың жеке және жас ерекшеліктері,тұлғалық дамуына сай анықталады.Кәсіби оқыту мен оқушылардың бейіналды даярлық жүйесін дамыту үшін дүниетанымдық біртұтас көзқарас қалыптастыратын пәнаралық кіріктіру,тәжірбие мен ынтымақтастық арқылы оқыту,оқушыны өз бетінше ізденуге, шығармашылық зерттеу жұмыстарымен шұғылдануына мүмкіндік жасау керек.Кәсіби оқытудан күтілетін нәтиже оқушы өзінің кәсіби іс-әректін саналы түрде жауапкершілікпен таңдауы үшін қандай білім мен біліктілік ,тәжірбие қажет деген сұраққа жауап бере келе, ең алдымен сол нәтиже оқушының өзі үшін маңызды блуы тиіс.Оқушылардың шығармашылық жетістіктерін бағалау құралы ретінде «Оқушының жетістігін жинақтайтын папка» болуы тиіс.Портфолио бағалаудың тиімді формасы ғана емес,оқушылардың белсенділігін арттыруға,өз бетінше оқуға,өзін-өзі бағалауға ,оқу іс-әрекеттерінде мақсат қоя білуге ,оны жоспарлау мен ұйымдастыру қабілеттіліктерін қалыптастыруға,оқу мотивациясына көмектеседі.Портфолио құрамына-- реферат,пікір беру,зерттеу жұмыстарының үлгілері мен жобалары,баяндама,шығармашылық жұмыстар,практикалық,лабораториялық жұмыстардың есебі,бақылау нәтижелері т.б. кіреді.Сапалы білім –ел экономикасын,саясатын,әлем алдында қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол.Қазіргі заман талабына сай өзгермелі қоғамға бейім,өз қабілеттерін толық көрсете алатын ,өзі үшін де өзгелер үшін де құнды жеке тұлға тәрбиелеу.Мектепті бітірген әрбкр тұлғаның мақсаты айқын,міндеті нақты,өзінің қажеттілігн қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс.Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.Мағжан Жұмабаев: «Тәрбиеден мақсұт hәм сол адамның ,ұлттың,асса,барлық адамзат дүниесін бақытты қылу.Ұлт мүшесі-әрбір адам бақытты болса,ұлт бақытты,адамзат дүниесінің мүшесі-әрбір ұлт бақытты болса,адамзат дүниесі бақытты» деген.Өскелең ұрпақты қоғам игілігі үшін болашақ өмірге дайындау-жалпы білім беретін орта мектептердің басты міндеті. Бұл міндетті іске асыру еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдарлаудың жетілегн жолдары ұдайы ізденісте болуымен байланысты.Кәсіби оқыту мен оқушылардың бейіналды дамыту жүйесінің мазмұны мен негізгі әдістерін егжей-тегжейлі қарастыра отырып,сөзімізді қорытындылай келе, «Кәсіби оқыту-бұл көлемі бойынша мемлекеттік мәселе,нәтижесі бойынша экономикалық,мазмұны бойынша әлеуметтік,әдіс бойынша педагогикалық күрделі де көпқырлы мәселе» деп түйін жасауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті орта білім беру стандарты.Негізгі ережелер.-Алматы,2002.
К.Ө.Қонақова және т.б. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.-Алматы.2006.
«Профильное обучение в Москве:опыт, проблемы,перспективы»
Оқушының оқу жетістіктері мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай болуы керек.
Интересно
жақсы екен
рахмет.