kz ru en

Авторизация


Сабақ, сабақ...

Біздің мектепте жыл бойы мұғалімдер өз-ара сабақтарға қатысып, тәжірибе бөлісіп,инновациялық аймақтарға қатысып жүреді. Бүгін мен біздің мектебіміздің ұстазы Әкімбекова Гүлзира Зейноллаевнаның сабағына  қатысып, мынандай түйін жасадым. Бала тәрбиесіне қай кезде болмаса да үлкен мән беру керек.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:Т.Әбдіков "Қонақтар".  Осы сабақтың тапсырмалары Блум таксономиясы бойынша құрастырылған.

Бірінші деңгейінде оқушылар берілген ойды толықтырып жазып, шығарманың мазмұнын еске түсірді. Екінші деңгейінде   - шығарманың сюжеттік композициялық құрылымын анықтап, дәлелдемелерді жағдайға сәйкес сенімді түрде беріп сызбаға түсірді. Үшіншіде -   "Өрмекші" сызбасын пайдаланып, Ерғабыл карттың мәтіндегі іс-әрекеті, мінез-құқына байланысты топтастырып, дәлелдемелерді жағдайға сәйкес сенімді түрде берді. Кейін әңгіменің тақырыптық-идеялық негізін ашып көрсетті.

Төртінші деңгейінде тапсырманы орындағанда оқушылар "Әке үміті ақталды" немесе "Әке үміті ақталмады" деген екі пікірдің бірін алып, 5 түрлі дәлел жазды. Бесінші деңгейінде - "Рухани мәңгүрттік" дегенді қалай түсінесің? Өз ойларын өрбітіп жазды.

Алтыншы деңгейінде - Сенің ойыңша Сапабек өзінің ата-ана, туған жер алдындағы азаматтық парызын өтей алды ма? Ал сен ата-ана алдындағы перзенттік борышыңды қалай өтер едің? Осы сұрақтарға жауап беріп, оқушылар  өз ойларың ортаға салды.

Осы сабақ адамгершілікке, ата-анасын сыйлауға тәрбиелейді, ертеңгі біздің  болашақ азаматтарының жақсы болуына  маңызы зор. 

14
18

Комментарии (14)

Шәкетаева Майра,
Преподаватель

очень хороший урок!

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Спасибо

Тапенова Айнур,
Преподаватель

мықты!

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Спасибо

Бекмолдина Роза,
Преподаватель

Деңгейлік сұрақтар өте тамаша ойластырылған екен.




Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет

Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Рахмет

Садуова Жазира,
Преподаватель

Сабақты өте тартымды өткізіпті . жақсы жазылған 

Жулбаева Жаннат,
Преподаватель

 Тапсырмалар өте тамаша ойластырылған екен.



Бакыжанова Мейзжан,
Преподаватель

Өте жақсы

Ибраева Жулдыз,
Пользователь

Гүлзира Зейноллаевна ашық сабақтарды көп жүргізетін мұғалімдердің бірі. 

Мықты!

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Еңбегіңіз жана берсін. Әріптестеріңіз биіктен көріне берсін.

Шәкетаева Майра,
Преподаватель

Коллеги, творческих успехов!

НАСІПЖАН ДИАС,
Учащийся

очень класный урок!