kz ru en

Авторизация


Қашықтықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі

Қашықтықтан оқыту – білім берудегі жаңа технологиялардың бірі

 

Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып-білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін  уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер,әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты  жаңартылып отырады. Сапалы  терең  білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың   жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында  жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады.Сол  мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне,біліміне,тәжірибесіне байланысты.

 Кәсіби дамуға ұмтылатын бәсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді.

Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не?

Қашықтықтан оқыту  - ол оқу процессі кезінде осы замандық  компьютерлерге және телекоммуникациялық технологияларға негізделіп дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерді қолданып, сырттай және күндізгі білім түрлер қатарлы білікті білім алудың ең негізгі түрі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің құрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін өркендетудің басты мақсаттарының бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау.

Қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала және мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі – үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық әдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгерімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай әдіс арқылы мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пәндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО» «НИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылар  үлкен қызығушылығын танытады. Тапсырмалары қызықты, сан алуан және олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады.

Оқушыларға арналған олимпиадалардан басқа, мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, сабақтар ұйымдастырылады. Қарқынды түрде қолданыс тауып жүрген ол – республика, облыс көлемінде ата – аналар қауымына арналған жиналыстар. Ата – аналар жиналыстары облыс т.б. қарым – қатынастарды нығайта, бекіте түсуде.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдыларын негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.Қашықтықтан оқыту технологиясы әліде болса біздің елімізде орташа деңгейде енгізіліп отыр.Әліде болса даму деңгейінде сондықтан болашақтан зор үміт күтеміз.Жаңашыл идеялар мен оқытудың жаңа бағдарламалары болашақта өз шыңына жетеді деген ойдамын.

7
8

Комментарии (7)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Қашықтық оқыту технологиясы  - заман талабы.

Әбдікәрім Ардақ,
Пользователь

келісемін

Уралбаева Кызгалдак,
Пользователь

Рахмет

Әбдікәрім Ардақ,
Пользователь

оқып,пікір білдіргеніңізге рахмет!

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Рахмет

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

рахмет

,
Пользователь

Келісемін