kz ru en

Авторизация


Диалогтық оқытудың бірден – бір пайдасы

Диалогтық оқытудың бірден – бір пайдасы

Тіл  үйренуде стратегияларды  қолданатын  оқушылар жоғары нәтижеге қол  жеткізеді. Бұндай стратегиялар оқудың тамаша құралы болып табылады дейді кейбір зерттеушілер.  (Рубин, 1975; О’Малли және Чамот, 1985; Макаро, 2006; Оксфорд, 2011).

Ана тілі тірлігімнің айғағы

Тілім барда, айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшсе тілім, менде бірге  өшемін, — деп  Әбділда Тәжібаев ағамыз жырлағандай біздің ана – тіліміз, қасиетті қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін абыроймен атқарып, міндет жүгін қиналмай көтере алатын аса бай, оралымды да сұлу тіл. Бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыру – менің ең маңызды жұмыстарымның бірі. Бұл әрине бастауыш  сыныптан бастап оқушыларыммен үзбей жүргізілетін жұмыстар нәтижесінде ғана іске асады деп ойлаймын. Бала тілінің жақсы дамып қалыптасуы жоғары жүйке жүйесінің жетілуімен тығыз байланысты. Мен осы диалогтық әдісті пайдалана отырып  баланың айналысындағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл деп айтар едім. Өйткені тілдің негізгі элементі – сөздік қор. Ал, сөздік қор  дегеніміз – тіл құрамының ішіндегі ең тұрақтысы, өзіміздің өмірде кеңінен қолданылатын сөздер жиынтығы.

Ғылыми зерттеу нәтижелері  сабақта  диалогтың  маңызды  рөл атқаратынын атап көрсетті. Мерсер мен Литлтон  (2007)  өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.  Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. (Мұғалімге арналған нұсқаулық бет 38)

Сондықтан мен оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланамын. Диалог негізінде білім беру мен білім алу  әдісін мен мысалы, қазақ тілі сабағында қолданамын. Оқушылар суреттермен әңгіме құрастыру кезінде жұптасып жұмыс жасайды. Бұл кезде жұптық оқыту – екі оқушы  арасында  ұйымдастырылады. Сұрақ-жауап, диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым – қатынастың  ауызша  түрін  дамытуға  себебін тигізеді. Мен оқушыларға жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер жаттату арқылы сөз байлықтарын  дамытамын.

Диалогты оқыту барысында білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда  кеңінен қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтыратыны баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, оқушылармен шығармашылық тапсырмалар орындау болды.  Мысалы, бұрынғы дәстүрлі сабақтарды  өткізген кезде енжарлық танытып отыратын оқушылар күрт өзгеретінін байқадым. Олар топтық жұмыс жасаған кезде белсенділік таныта бастайды. Диалогтық оқыту кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға болады. Мысалы, тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырудың бірден – бір тиімді жолы. Олай болса, тіл дамыту дегеніміздің өзі – оқушылардың сөз байлығын арттырып,  әр сөзді орынды қолдануы, сөйтіп, ойын жүйелі  түрде білдіре алуы. Оқушыларымның әр сөзді орынды қолдануы, ойын жүйелі түрде білдіре алуы — мені қуантты. Әр сабақта осы жұмыстар бойынша тапсырмалар беріп, оқушылардың өзін сөйлетуге тырыстым. Жұптық оқыту  екі оқушының  арасында  ұйымдастырылады. Сұрақ-жауап, диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым – қатынастың  ауызша  түрін  дамытуға  себебін тигізеді. Бұрынғы сабақтарда үндемей отыратын енжар оқушылар ашылып басқа балалармен диалогтық қарым-қатынас жасап, өз ойымен бөлісіп отырды. Бұл диалогтық әдісті кез-келген тақырыпта қолдануға болады.

Мен болашақта диалогтық оқытуды сабағымның кез-келген мезетінде қолдануға тырысамын. Себебі ұжыммен жұмыс істеген кезде оқушылар жеке сұхбаттасу арқылы бір–бірін  үйретеді, сұрақтар қояды. Сұрақтарға нақтылы жауап беру үшін ізденеді. Сондықтан әр сабақ үстінде баламен өзара сөйлесу қарым –қатынасын  шыңдап отыруымыз керек. Жай қарағанда, сөйлеу арқылы қатынас жасау оп –оңай сияқты. Біреу сөйлейді, екіншісі тыңдайды, сөйтіп, өзара ұғынысады. Сабақта диалогтық оқытуды пайдалану өте тиімді екеніне көзім жетті.

«Дьюи  тәжірибе  бір қалыпта тұрақты  болмауы  тиіс; ол бұрынғы бар негізге сүйеніп  үнемі өзгере отырып әрі қарай өсу үшін нақты әлеуетке ие  болуы тиіс. Ол мұғалімнің  қызметі   басқа кәсіптерге қарағанда, көрегендікті көбірек талап етеді» — дейді.

тег: 12345
1
2

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет