kz ru en

Авторизация


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

1. «Болжау» стратегиясы
2. «Екі жақты күнделік» стратегиясы
3. «Топтастыру» стратегиясы
4. «Әдебиет үйірмесі»
5. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1-ші «Болжау» стратегиясы.
Оқушылардың алдына әңгімеден үзінді беру. Яғни, оны оқушылар ары қарай жалғастырып оқиғаны немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.
2-ші «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1. Мәтіннен өздеріне әсер етіп ойында қалған үзіндіні жаз.
2. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап береді деп ойлайсын, соны жаз.
3. «Ананың көңілі – балада.Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?
3-ші «Топтастыру» стратегиясы.
1) Дүниеде не қымбат? (Ана)
- Ана неден қымбат?(Бәрінен)
- «Бәрі» ұғымына не кіреді?
2) Анаға деген махаббат қай күннен басталады?(Құндақта жатқан кезден)
- Құндақта сөзін қалай түсінеміз?
3) Жылап уанбай, шырылдағанда кімді іздейсін?(Ананы)
-Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?
4-ші «Әдебиет үйірмесі» 
• Шағын әңгіме «Менің анам»
• Өлеңді аяқта
• Мәтіннің мазмұнына сай нақыл сөз, мақал-мәтел немесе шешендік сөз жаз.
5-ші «Бес жолды өлең» стратегиясы
1.Зат есім (1 сөз)
2. Сын есім (2 сөз)
3. Етістік ( 3 сөз )
4. Қорытынды ой (4 сөз )
5. Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және дамыту.

                   Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан,  Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда  Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың,  басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері   көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.  

           Сыни ойлау деген не?

      Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін  талап ететін  проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту  идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы  3 кезеңнен  (ERR)  тұрады:

I.-қызығушылығын ояту    ( «көпір жасау»,  ой қозғау)

II.- мағынаны таныту        ( мағынаны ажырату)

III.- ой-толғаныс                ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

             Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын  тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым.                            Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше,  дәстүрлі сабақта  оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы                    мұғалім                     білім

сыни тұрғыдан  ойлау  сабағында  оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім              оқушы             білім  

 СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО  сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы  бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері  басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр

оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

 

           Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.  Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге,  ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына,  үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына  қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.   СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік  лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының  жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

               РАФТ  Бұл стратегияны «кейіпкерге хат»  деп алса да болады. Формасын түрлендіруге  мүмкіндік бар: хат,  хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе  жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

            Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың  сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына  өзі жауап  беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

           Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

           Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен  жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады.  Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

Зейіні

Сөздік қоры

Танымы

Есте сақтауы

Ой-өрісі

2010

 

2011

2011

 

Байқап отырсаңыздар, қай жұмыс болмасын оқу мен жазу қатар жүреді, оқығанын қағаз бетіне түсіру, оқушының қаншалықты білімді екенін, шеберлігін байқатады. Бұдан шығатын қорытынды, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жүзеге асыру - технологияның  басты кілті

тег: 12345
1
6

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет