kz ru en

Авторизация


Мәтінді пішімдеу.

Сыныбы: __________ Мерзімі:____________ Тексерілді:_____________

Тақырыбы: Мәтінді пішімдеу.

Мақсаты : берілген өлшемдер бойынша мәтінді пішімдеуді үйрету.

мәтінді пішімдеудің мәні, пішімдеу режимдері,  символдарды  пішімдеудің пернелер комбинациясы, мәтінді туралау, оны тасымалдау туралы білім беру.

 ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, білік-дағдыларын дамыту, машықтандыру. Өз беттерінш жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету  алғырлық пен білімділікке, жолдастыққа,ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, слайдпен жұмыс, электронды

                                  оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, электронды

                                         оқулық.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топқа бөлу. Психологиялық дайындық

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІV.  Жаңа тақырып

V.Практикалық жұмыс:

VI. Терминология:

VII. Бекіту

VIII. Қорытынды.

IX. Бағалау

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен амандасып, түгелдеу.

- Оқушылардың оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа  аударту.

 

ІІ. Топқа бөлу. Психологиялық дайындық

Үш тілді меңгертудің мақсатында оқушыларға үш тілде ән шумақтары таратылады. Ән шумақтары арқылы 3 топқа бөлінеді.

Сабақ алдында оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Берілген ән шумақтары

 бойынша әр топ ән шырқайды.

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Сұраққа жауап» әдісі арқылы жүзеге асады

 

Paint – қандай редактор?

Paint-тың ең кіші элементі.

Word pad  қандай редактор?

Word pad- тың  ең кіші элементі.

Мәтінді жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

Бас әріпті қалай енгіземіз ?

Мәтінді көшіру үшін қай пернені қолданамыз?

Мәтінді  алмасу буферіне қою үшін қай пернені қолданамыз?

Мәтін бөліктерін қалай ерекшелеуге болады?

 

 

 

ІV.  Жаңа тақырып: Мәтінді пішімдеу.

Мәтінді пішімдеу – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою.
Пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға болады:

- контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту

- пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін немесе енгізілгеннен кейін орындалуы керек

Әріптің кескінін мына батырмамен                            

Әріптердің көлемін, оны үлкейтіп кішірейтуге          өзгертуге болады. Келесі үш батырманың қызметі:

Ж- әріптерді жуандатады, Ctrl+В (В-Bold сөзінен)

К- әріптерді қисайтады (курсив деп аталады), Ctrl+І   (I-Italic сөзінен)

Ч-мәтіннің астын сызады Ctrl+U  

Мәтінді жазғанда дұрыс емес болып қателесіп кеткен жағдайда қобалжымай, жылдам қол жеткізу тақташасынан кері қайту тетікшесін басамыз. Мәтінді толық ерекшелеу үшін Ctrl+5 немесе Ctrl+А пернесін басамыз.

 

Кестеде көрсетілген түймешіктердің атаулары мен рөлдері туралы ақпаратты төмендегі кестеден көріңіз.

 

 

 

 

Мәтін жазу ережелерін еске түсірейік:

 

1.Бас әріпті  немесе символдарды жоғарғы регистрден  енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.

2. Дефис бос орынсыз қойылады: мысалы: жан-жақты,бетпе-бет.

3.Тырнақшаларға немесе жақшаға алынған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды: мысалы: «Информатика» журналы, Целиноград қ. (Кәзіргі Астана қ.)

4. Enter пернесін абзацтың соңында және келесі жолға түсу үшін пайдаланады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде  жүзеге асады.

V.Практикалық жұмыс:

Төмендегі берілген мәтіндерді

 Гарнитурасын- Тimes New Roman

Каріп өлшемін- 36

Түсін  қызыл түске ауыстыр.

 

1 топ тапсырмасы:

 Бүкіл әлемдік «Универсиада 2017» Алматы қаласында өтті.

2 топ тапсырмасы:

Бүкіл әлемдік « ЭКСПО 2017» көрмесі Астана қаласында  өтеді.

3 топ тапсырмасы:

2017 жылы Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады.

 

Демалыс сәті.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса.

 

 

VI. Терминология:

 

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

1

Мәтін

Текст

Text

2

Пішімдеу

Редактировать

To edit

3

Перне

Клавиша

Key

4

Пернетақта

Клавиатура

Keyboard

5

Компьютер

Компьютер

Computer

 

 

VII. Бекіту:  «Күн шуақ» ойыны арқылы жүзеге асырамыз

Ресми құжаттарды  толтырғанда мәтінің пішімдегенде каріпін қандай мөлшерде алу керек.

Ресми құжаттарды  толтырғанда мәтінің пішімдегенде  гарнитурасы қандай  болу керек.

Ctrl+B-пернесін басқанда мәтін қандай болады

Ctrl+U- пернесін басқанда мәтін қандай болады

Ctrl+I- пернесін басқанда мәтін қандай болады

Бас әріпті қалай енгіземіз ?

Бас әріптер режиміне толық көшу үшін қандай пернені қолданамыз?

Курсордың оң жақтағы орналасқан символдарды қандай перненің көмегімен өшіреміз?

Мәтінді тұтастай ерекшелеу үшін пернетақтаның көмегімен қандай пернелердің көмегіне жүгінеміз.

«Сақтау,кері қайту»  бұйрықтары қай  тақташада орналасқан.

«Масштаб» қай жолда орналасқан?

Enter пернесін  қай кезде қойылады?

 

VIII. Қорытынды.  Рефлексия:

Чемодан – Білгенімді ала кетем.

Еттартқыш – Әлі ой-өзегімнен откізуім керек.

Себет – Керегі жоқ тастап кетем.

 

XI. Бағалау: кестеге жиналған смайликтер арқылы бағалау.

 

Үй тапсырмасы: «Мәтінді пішімдеу» тақырыбын оқып келу.

5-сынып пшм.docx
1
4

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Сабақ жақсы құрастырылған