kz ru en

Авторизация


Эффективность использования методов Кембриджской программы на уроках казахского языка в начальном звене

Эффективность использования методов Кембриджской программы на уроках казахского языка в начальном звене

Кембридж бағдарламасы тәсілдерін қолданудың тиімділігі.

 

Қазіргі дамыған өркениетті Қазақстанның болашағы алдымызда отырған мектеп оқушылары. Сондықтан осы оқушыларға жан - жақты білім беру, өз пікірін айта білу, білімді тұлға тәрбиелеу мұғалімдердің міндеті. Білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Соның бірі - Кембридж бағдарламасымен мұғалімдердің біліктілігін арттыратын курстар.     Бұл курстың ерекшелігі - теорияны алдымен өзіміз машық кезінде колданып көреміз. Осылайша, іс жүзінде оқушының жұмыс жасау барысында не сезетінін түсінеміз.Әр модульдің мәнін ашқан сайын, олардың, яғни, жеті модульдің бір-бірімен  тығыз байланыстылығын көрдім. Сабақта диалогты оқытуды қолданып, басқа модульдер мүлдем іске асырылмайды деуге болмайды. Модульдердің тығыз байланыстылығы сонша, қолданылатын әдіс-тәсілдерді модуль бойынша бөліп тастау мүмкін емес. Осы модульдерді сабақтарымызда бұрын пайдаланып жүрсек те, қандай мақсатта немесе кейбір әдіс-тәсілдердің аттарын білмеппіз. Бұрынғы өткен курстардан біз тек теорияны ғана алдық, оны практикаға пайдаланып жатырмыз ба, жоқ па оны ешкім бақылап, бағаламады. Кембридж бағдарламасымен өтіп жатқан курсқа келген күннен бастап, жан-жақтан келген мұғалімдерді бір ортаға топтастыру мақсатында тренер ынтымақтастық атмосферасымен бастады. Сабақтың басынан аяғына дейін тиімді өтуіне ынтымақтастық атмосфераның әсер ететініне көзім жетті.

Жеті модуль идеяларын сабақтарыма кіріктіру үшін орта мерзімді жоспар жасап үйренуге тура келді, мұнда әр сабақтың жеке-жеке кезеңдеріне толық тоқталып, тіпті күтілетін нәтижеге болжам жасадық.   

Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып,мағынаны анықтау үшін дәлелдер айтып, саналы түрде мақсатқа жету жолын таңдайды және олар өзгерістерге ашық болады. Бала сын тұрғысынан ойлана отырып, кез келген мәселеде жауаптар емес, сұрақтар табуға ұмтылады.

Қазақ тілі сабақтарында оқушының сын тұрғысынан ойлауға үйрету дағдысын дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруының маңызы зор. Сын тұрғыдан ойлау – «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талдау және тәжірибені ой  елегінен өткізуді қамтиды.

Сын тұрғыдан ойлау –Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.

Сын тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бақылауға, талдауға және синтездеуге бағыттылған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сын тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдер қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдері енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.

Негізгі деңгейде сыни тұрғыдан ойлау үдерісі:

    релеванттық ақпараттар жинауды;

    делелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды;

    кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;

    ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.

Оқыту мен оқуды сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттірмен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.

Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төиендегідей сипатталады:

бақылау;

талдау;

қорытынды;

интерпретация.

Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стратегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзугеасыруға мүмкіндік мол. Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп отырған қазіргі жағдайда бұл стратегиялардың маңызы зор. Соның ішінде толғануды тиімді етуге лайықталған «Венн кестесі», «Көрнекілік арқылы баяндау», «Семантикалық карта», «Кластер құрау», «БББ» /білеміз-білгіміз келеді- білдік», «Таблица толтыру», «Даналық кілттері», «Жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құрастырыңыз» сияқты стратегиялар мен техникалар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Мәселен: «Даналық кілттері» нің ішінен «Әліпби» кілтін қолдануға болады.

«Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А–дан Я–ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз. А–алма, анар, асқабақ, алмұрт; Б–банан, бұрыш, баялды, бүлдірген; Ж–жүзім, жеміс, жүгері; К–картоп, көкөніс, кәді; Қ–қызанақ, қарақат, қияр, құлпынай; С–сарымсақ, сәбіз, сары өрік; Ш– шабдалы, шие, шалқан, шалғам, шырғанақ.

«Венн кестесі» арқылы өз ойынан қорытып сөз шығару, екі затты салыстырып айырмашылығы, ұқсастығы туралы сөз ойлап табу оқушы үшін үлкен ойды қажет етеді.Бір–бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін обьектілердің сипаттамалары бьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни, салыстыру сияөты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

«Кластер құрау» тәсілі.  Кез келген ауқымды тақырыпты өткеннен кейін, оқушылар тірек-сызба құрастыру арқылы тақырыптың мәнін ашады. Тірек-сызбаларын «кластер» деп атайды. Кластер арқылы негізгі ұғымдар мен түсініктерге мән береді.

«БББ» тәсілі (білеміз-білгіміз келеді-білдік) Бұл тәсілді Донна Огл ойлап тапқан. Бұл жұмысты кест үлгісінде пайдалануға болады.

Қорыта келгенде оқушының сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі. Оқушы талдаудың барасында өзіне берілген мәліметті жүйелеп,жинақтап жеткізуге үйренеді, тірек сызбалар арқылы ойын тұжырымдап айтуға, әрі шығармашылық ізденісіне жол ашады.Сондықтан, болашаққа жаңа қадам жасай отырып жеті модуль идеяларын сабақтарыма кіріктіріп, оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыруға, ерекше қабілеттерін ескере отырып шығармашылықпен жұмыс жасауға жағдай жасай отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізе аламын. Бұл курста танысқан әдіс-тәсілдері алдағы уақытта толықтыра, жетілдіре сабақтарымда жиі қолданамын. Оқушы пікірімен санасып, талантты, дарынды баланы сыни тұрғысынан ойлауға бағыттаймын. Педагогикалық шеберлік порталы арқылы қосымша материалдармен үнемі танысып, желілік қауымдастық арқылы әріптестермен тәжірибе алмасып отырамын деп ойлаймын. Кәсіби білімімді үнемі жетілдіріп, жаңашыл ұстаз болуға тырысамын.

3
9

Комментарии (3)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Рахмет

Круглова Елена,
Преподаватель

Спасибо! Очень полезная информация!

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Жақсы.