«Физика және жаратылыстану» пәні бағдарламасы бойынша тест тапсырмалары 1. Білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты негізгі сауалдардың бірі A) Қазіргі заман оқулықтары қандай? B) Оқытудың тиімді әдістері қандай? C) Пәндерді оқыту міндеттері қандай? D) Табысты оқыту өлшемдері қандай? 2. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламасы бойынша оқушылардың бойында қалыптастыру қажет құндылықты көрсетіңіз A) ғылыми-зерттеу жүргізе алу B) өмір бойы оқуға дайын болу C) проблемаларды шеше білу D) технологияларды қолдана білу 3. Брунер тұжырымдауы бойынша адамның «суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алуын» білдіретін танымдық қабілеті A) бейнелік B) белсенді C) реттілік D) таңбалық 4. Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру үшін мұғалім қолданатын ұсынымдардың бірі A) оқу сабағында қатаң тәртіп орнату B) проблемалық жағдаяттар туындату C) физикалық заңдарды жаттату D) физикалық құбылыстарды баяндау 3 5. Оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі A) бағдарламалы оқу B) белсенді оқу C) дәстүрлі оқу D) қашықтықтан оқу 6. Оқушылардың жоспарлы нәтижеге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін жағдай A) аса қамқорлықпен қолдау көрсеткенде B) жақсы қолдау көрсетуді жетілдіргенде C) өздері білетін дағдыларды ғана қолданғанда D) сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда 7. Дәлелдеу, пікірталас пен келіссөз барысында қалыптасатын білім ретінде қарастыратын көзқарастық оқу A) диалогтік B) модульдік C) монологтік D) пәнаралық 8. Оқушылардың оқудан ләззат алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуі A) өзара мүмкіндік B) өзіндік дербестік C) сыртқы уәж D) ішкі уәж 4 9. Мұғалім жұмысындағы оқушының уәжін өшіретін факторды көрсетіңіз A) әр оқушыға жеке қолдау көрсетуі B) жағымсыз кері байланыс беруі C) пайдалы кері байланыс беруі D) түрлі оқу әдістерін қолдануы 10. Қалыптастырушы бағалау критерийлерін құрастыруда негізге алынады A) оқу мақсаттары B) оқу ерекшелігі C) оқу тақырыбы D) оқу тәсілдері 11. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасының орындалу кезеңдерін сипаттайды A) белгілер B) дескрипторлар C) мақсаттар D) рубрикалар 12. Оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік беретін бағалау түрі A) жиынтық B) қалыптастырушы C) нормативтік D) тоқсандық 5 13. Ортақ тақырыптар бойынша оқу бағдарламасына сәйкес оқушылардың алған білімдері мен ойлау дағдыларының деңгейін бағалау A) жетелеуші бағалау B) жиынтық бағалау C) қалыптастырушы бағалау D) өзара бағалау 14. Тақырып немесе мәнмәтін арқылы байланысатын тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары A) күнтізбелік B) қысқа мерзімді C) орта мерзімді D) стратегиялық 15. Оқу жылына арналған тақырыптар мен бөлімдерді анықтайтын жоспар A) альтернативтік B) қысқа мерзімді C) перспективтік D) ұзақ мерзімді
жақсы
рахмет