Мәңгі Ел болу тамыры тереңнен басталатын ұғым. Осы мәселе соңғы кездері көп талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Әйтсе де, мәселе Мәңгі Елдің ұрпақтарын тәрбиелеуден басталуы тиіс деп санаймын. Балалардың білімділігі, іскерлігімне қоса, өз Отаны үшін жүрек отының әрдайым лапылдап тұруы маңызды емес пе?! сондықтан, сіздердемен сабақта елжандылық сезімді дамыту туралй ой қозғамақпын. Алаш арсытарының бірі Әлихан Бөкейхан жас кезінде білім алып жүргенде әртүрлі ұлттардан құралған ортада ешбір ұлт өкілі көтеруге батылы жетпеген қара тасты көтеріп, мұны көтерген Әлихан емес, мұны көтерген қазақтың намысы деп айтқан. Сабақта акциялар ұйымдастырып, эссе, жоба, рөлдік ойындарды пайдаланамын. Бұл оқушыларымның қызығушылығын ғана арттырып қоймай, негізгі мақсатқа жетуге ықпалдасады. Сондықтан, сабақта оқушылардың өз Отанына сүйіспеншілігін арттыра түтені тағылымды бөлшек болуы тиіс. Өз ойларыңызбен, тәжірибелеріңізбен бөліссеңіздер алғысым шексіз болар еді.
Маңызды тақырып
Дұрыс қойылған сұрақ
Басқа пәндер бойынша мәселеге сәйкес құрастырылған тапсырмалар -
Айнұр, Қола сертификатыңыз құтты болсын!
Жұлдыз мұғалім, көп рахмет сізге! Сіз адамгершілігі өте жоғары адамсыз! Отбасыңызға бақ-береке, бірлік, денсаулық тілеймін!!!