kz ru en

Авторизация


Компьютерлік сауаттылық

Қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу, сол өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде қазақтың ұлттық болмысын қалыптастыру.

Дәстүрлі ежелден дәріптеп, қастерлеп келген технологиялар тарихтың рухани көш – керуеніне ілестіріп отырып оқытуда компьютерлік сауаттылықты пайдалана дәріптеу,  бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау бүгінгі өмір талабы.

Мектеп бағдарламасына сай, ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Мектеп оқушыларының ақпараттық - комуникациялық құзыреттілігін компьютер техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Заман талабына  сай  мамандардың  жоғары жетістікке жетуіне  компьютердегі жұмыстың маңызы жоғары.  Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Қазіргі білімнің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.

Мектеп оқушыларының компьютерге байланысты мамандықты игергендер үнемі білімін жетілдіріп, көш алдында болғаны жөн. Өйткені уақыт өткен сайын техниканың жаңаруы мен дамуына сәйкес бағдарлама пакеттері ескіріп, жұмыстың тәсілі өзгереді. Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді.

Сондықтан  оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану оқытушыға дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір оқытушының ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Компьютерлік сауаттылық оқушыда әлемнің информациялық бейнесі ретінде, оқушының шығармашылық қабілетін, білімін, икемділік және дағды жиынтығын қалыптастыра отырып, болашақта қызметтің қай саласында жұмыс істеу керек туралы сұрақтарға қазіргі заманғы қоғам дамуындағы информациялық технологиялар және компьютерлік техникаларды меңгеру арқылы толық шешім таба алады.

ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігі негізінде, қағидасы «ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс, мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған болуға тиіс. Компьютерлік сауаттылық жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін біз көріп отырмыз.

Компьютерлік сауаттылық-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

 Компьютерлік сауаттылық қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне оның ілгерлігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту ақпараттық - технологияларды қолданумен жүзеге асады.

Компьютерлік сауаттылық ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағымын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпаратық орта жағдайында ақпаратты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады.

Білім беру жүйесіндегі жаңа заман талабына сай компьютерлік сауаттылықтың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі кезде мектебімізде компьютерлік сауттылықты дамытудың жаңаша стратегиясы дамыған, орта техникалық білім беру негізінде информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауына алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл болашақ ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттың мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

2
5

Комментарии (2)

Ауелбекова Кенжекул,
Преподаватель

Заман талаптарына сай келетін әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын  үнемі үйреніп,жаңартып отыру қажет деп ойлаймын.

Ауелбекова Кенжекул,
Преподаватель