kz ru en

Авторизация


Біз қайда барамыз?

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдерінің жұмысының барлық міндетін компьютерлік техникаға міндеттеп қойған. Компьютер,интернетсіз мектепте жұмыс жасау мүмкін емес.Сабақ процесі болсын осы компьютерлік техникасыз іске аспайтын сияқты.Өйткені,мен мектептегі компьютер маманы болғандықтан,әріптестерімнің компьютерге күн санап тәуелді болып бара жатқанын көріп отырмын.Олар сабақ процесінен бөлек,қосымша тапсырмалар мен қоғамдық жұмыстарды да осы бір техниканын көмегімен іске асырады.Өзі білмесе көмек сұрайды.Сабақ процесі демекші,сабақ кезінде электронды оқулықтан қолдану ды да міндетті етіп қойды.Әр түрлі электронды білім ресурстарын ұсынған сайттар.Электронды журнал,күнделік.....

 Тек мектепте ғана емес,бүгін барлық салаларда тек осы компьютер.Бұл заман талабы ма?Әлде адамзаттын кезекті қатесі ма?Бұл сұрақты қою себебім,мен мұнан бірнеше жыл бұрын бір ағылшынның «Computer in the future» яғни «Болашақтағы компьютер» атты кітабын орыс тілінде оқыған едім.Сонда,жазушы фантастика жанрда жазылған осы бір туындысы шындыққа айналып бара жатқан секілді.Есімде қалған мазмұны бойынша тоқталып өтейін.

« ... Адамдардың ойлау қабілеті негізінен өте әлсіз,өйткені олар алдында қазылған ор бар екенін біле тұра,сол жаққа қарай жүгіреді.Алдынғы қатардағылар орды көре берісімен өзін тоқтатқысы келеді,бірақ артқы қатар оларды итеріп,орға құлатады.Болашақта компьютердің дамыған заманы келе жатыр.Ауыр зауыттар мен фабрикаларда компьютерлік техникалармен басқарылатын ауыр роботтар жұмыс жасайтын болады.Әскери базалар мен медицина,білім және басқару жүйелеріде де осы компьютерлік техникаға тәуелді бола бастайды.Көп уақыт өтпей,өзі логикалық мәселелерді шеше алатын,яғни өзін өзі басқара алатын компьютерлер пайда болады.Міне осы дәрежедегі компьютерлерді жарату адамзаттың үлкен қателігі болады.Өйткені,бұл компьютерлер ешқандай қосымша бағдарламаны қажет етпейді,керек кезде өзіне қажетті бағдарламаны өзі түзе алады және оны өзі орындайды.

Қағамда адамзаттын  ролі төмендей бастайды.Өйткені барлық фабрика,зауыттар мен қызмет орындарында өзін басқара алатын роботтар отыр.Әскери базалар мен оларды басқару функтерінде де осы роботтар.Ал адамдар оларға тәуелді.Қазіргідей шешімді адам емес осы роботтар қабылдайды,ал адамдар оларды орындауға міндетті болып қалады.Яғни,әлемді біз емес,біз жасаған машиналар басқарады.........»

Ал сіз қалай ойлайсыз құрметті әріптес.Бұл даму ма әлде біздің қателігімізба?Сонымен біз қайда барамыз?

3
7

Комментарии (3)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Уақыт көрсетеді

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Болашаққа барамыз)))

Акедилова Куралай,
Преподаватель

болашаққа барамыз