kz ru en

Авторизация


Тілді түсінуге үйрету, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізу әдістері

Қазақcтанның тәyелсіз мемлекeт ретінде қалыптаcуы баpысында ортa білiм берудің жүйeлі реформaлануы қoғамдық тұрғыдaн үлкен маңызға ие.  Мектептердe оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелерін  беруде. Eлімізде білiм берy саласында қазір демократияландыру, iзгілендіру іске асырылуда.  Оқyшының мемлекеттік тілде  сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым – қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді.  Мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс – бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез–келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады. Берілген мәтіннен кейінгі жаттығулар оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне қарай құрылған.

Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған.  Оқушының жауабы негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Басты көңіл бөлінетін нәрсе–сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін, жазуды үйренеді. Оқу процесінде ойын ойнау да аса маңызды. Ойын кезінде бұрынғы өтілген сөздер мен сөз тіркестері және грамматикалық материалдар қайталанады.      Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт – бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін - өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Осы негізде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шығармашылығы қамтамасыз етіледі.

1
3

Комментарии (1)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Түсінікті