коучинг
Тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер. Сыныптағы диалогтың маңызы
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Негізгі түйінді идеялар:
Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Коучингтің барысы:
Қатысушылар кірген кезде қолдарына стикер беріледі. «Өзгергіңіз келе ме?» деген сұраққа жауап бере отырып, «иә», «жоқ» деген бөліктерге бөлінген қағазға жапсырады.
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Ақ тілек» түрлі-түсті стикерлерге әр түрлі сөздер жазылады да қатысушыларға таратылып беріледі. Олар өздерінің оң жақтағы әріптесіне стикердегі сөзді қатыстырып тілек айтады.(гүл, аспан, тақта, кітап, т.б)
2.Топқа бөліну:
Жұмысымыз ары қарай жалғасу үшін топқа бөлінеміз. Қолдарындағы стикердің түсіне қарай топтарға бөлінеді.
Әр топ өздерін таныстырады.
Мазмұны:
3. Кембридж бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады (слайд 1)
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
4. Коучинг тақырыбы:
Коучинг дегеніміз не?
Сөзбе - сөз аударғанда – тәлім алу, дайындау, жаттықтыру
Интербелсенді тақтада ертегілер әлемінен суреттер көрсетіледі.
Бағыттаушы сұрақтар:
- бұл суреттерде қандай ортақ мән деп ойлайсыздар?
- Қандай тақырыпта ой қозғаймыз деп ойлайсыздар?
5. Диалогті оқыту дегеніміз не?
Мерсер негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың үш түрі бар
- Әңгіме - дебат
- Кумулятивті
- зерттеушілік
6. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: Төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау.
Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
7. Сергіту сәті «қызыл өрік».
8. Топпен жұмыс: мультфильмнен үзінді. Диалог құрастыру.
9.Қорытынды
1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2. Диалогтік оқытудың мұғалім үшін маңызы қандай?
3. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы.
10.Топтар өзара бағалайды.
Рефлексия? Стикерлер таратылады. «Екі жұлдыз, бір тілек».
құрылымы жақсы.
Рахмет.
Әдістері жақсы таңдалған. Рахмет
Рахмет.
еңбегіңізге жеміс тілеймін.
сұрақ қою түрлері жақсы көрсетілген.
Рахмет.
Жас маман ретінде өзіме қажетті әдіс-тәсілдер алдым. Рахмет.
Рахмет.
Маған ұнады. Жақсы.
Спасибо, хороший коучинг.
и вам спасибо
маған ұнады.
Рахмет.
Диалог
Жақсы
маңызды тақырып