Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: химия
Сыныбы: 9 «а» сынып
Мерзімі: 14.01.2017 жыл
Сабақтың тақырыбы:Кальций және оның қосылыстары
Мақсаты:Оқушылардың ойлау әрекеттерін белсендендіре отырып, кальций және оның қосылыстары туралы білімді меңгеруіне жағдай жасау;
Міндеттері:
Химиялық элементтердің ПЖ-гі оны бойынша кальцийге сипаттама беру;
Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыру;
Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі реттеуге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелері
Химиялық элементтердің ПЖ-гі оны бойынша кальцийдің қасиеттерін сипаттай алады;
Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттерін салыстыра алады;
Топтық жұмыс арқылы өзін-өзі реттей алады;
Модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Стратегиялар, әдіс-тәсілдер:
«кімнің қандай екенін тап», «топтық жұмыс», «ақпараттағы ахуал». «ауадағы жазу», «жұптас-ойлан –бөліс».
Негізгі дереккөздер мен құралдар:
Оқулық 9 сынып, А4, дәптер, қалам, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, слайд, постер, таратпа қағаздар, бағалау парағы, смайликтер, стикерлер,
бағалау, «бағдаршам», «смайлик», бағалау парағы, ауызша бағалау,
Сабақ жоспары:
Сабақ кезеңдері Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау Ресурстар:
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі:
«кімнің қандай екенін тап»
Мақсаты: Оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын
ұйымдастыру«алтын ереже»
Мақсаты: Топта өзін-өзі реттеу, жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.(оқулық, дәптер, қалам, күнделік).
Оқушыларға Кім ешқашан кешікпейді-
Кім ешқашан айқайламайды-
Кім барлығымен өте сыпайы-
Кімнің даусы өте әдемі- т.б
Сөздер жазылған стикерлер таратады.
Оқушылармен бірлесе топта жұмыс істеу ережесін, яғни, «алтын ережені» еске түсіру;
Оқушыларға сыныпта оқудың нәтижелі болуы үшін бірнеше ереже ұсынады:
Мысалы:
1.кешікпеу;
2.бір-бірінің сөзін бөлмей, тыңдау;
3.белсенді болу;
4.көмектесу; т.б
Оқушылар сабаққа қажетті құралдарын дайындайды
Өзіне түскен сөзді жалғастырады.
Өздерінің құрған ережелерін еске түсіреді.
Жарайсыңдар, жақсы.
Стикерлер, маркер,
Тұсаукесер
«топтық жұмыс»
Өткен сабақта берілген үй тапсырмасын сұрайды.
І топ- металдардың физикалық қасиеттерін сипаттау «Ең..... металл»
ІІ топ- Метадардың биологиялық ролі
ІІІ топ- металдарға байланысты мақал-мәтелдер.
ІҮ топ- кальцийдің биологиялық ролі
Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырманы айтады, топ мүшелері толыққтырады
Топ бірін-бірі бағалайды
«бес саусақ»
Тапсырманы жақсы орындаған топқа смайлик беріледі.
Интерактивті тақтадағы Power Point таныстырылымы,
смайликтер,
Қайта топқа бөлу
Сабақ басында берілген стикер түстері арқылы сыныпты топқа бөледі.
Қолдарындағы стикер түсіне байланысты топтасады.
Бағалау парағы топ басшысы-на беріледі.
Бағалау парағы
Тақырыпта ашу
(Кальций деген) күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем,
Артық болмас “Жер металы мен десем”
Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,
Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті, негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы.
Бұл қай металл?
Қай металл жайлы айтылып тұрғанын табады.
Өте жақсы!
Жарайсыңдар!
Интерактивті тақтадағы Power Point таныстырылымы,
Негізгі бөлім
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру периодтық жүйені, презентацияны пайдаланып кальций және оның қосылыстарына сипаттама беру
Күнді, тақырыпты дәптерлеріне жазады Сабақты тыңдап, еске сақтайды.
Интерактивті тақта,слайд
«ақпараттағы ахуал».
Оқулықтағы тақырыппен танысып, талқылауға нұсқау береді.
Оқулықты оқып, мысалдарды талдайды
Түсінген-түсінбегендіктерін «бағдаршам» стратегиясы арқылы білдіреді.
бағдаршам»
Оқулық, бағдаршам
«Практика уақыты»
Топтарға белгісіз (Са, СаО, Са(ОН)2, СаСО3) заттарды ұсынады.Кальцийдің генетикалық қатарын қалай жүзеге асыруға болады?
Белгісіз заттарды анықтап, кальцийдің генетикалық қатарын жүзеге асыру теңдеулерін жазады.
Бағалау парағын толтыру.
Сергіту сәті «Ауадағы жазу»
Мұғалім химиялық элементтер таңбасын айтып тұрады және оны ауада қолмен, мұрынмен, шынтақпен т.б жазу керектігін айтады.
Оқушылар ауада дене мүшелерімен ХЭ таңбасын жазады.
Тамаша!
«жұптас-ойлан –бөліс»
Жұптық жұмыс
Топтарға деңгейлік есептер таратады.
Есепті оқушылар жұптарына түсіндіре отырып шығарады.
Бақылау парағын толтырып отырады
Тапсырма жазылған үлестірмелі ресурстар.
бақылау парағы
Қорытынды
Рефлексия
«-» «+» «қызықты»
«-» «+» «қызықты» стикерге толтыру керектігін айтады.
стикерге жазады
Ауызша бағалау
стикерлер
Үйге тапсырма
§32,33 оқу, А-2, В-2-есепті шығару 151-бет.
Тапсырманы жазып алады
Оқулық, күнделік
Жақсы сабақ, рахмет.
Сізге де рахмет. Еңбегіңіз жана берсін.
жақсы әдіс-тәсілдер қолданылған. Жақсы.
Сізге де рахмет. Еңбегіңіз жана берсін.
еңбегіңізге жеміс тілеймін.
Мазмұны мен құрылымы жақсы құрылған.
Жас маман ретінде өзіме қажетті әдіс-тәсілдер алдым. Рахмет.
Сізге де рахмет. Еңбегіңіз жана берсін.
Сабақ мазмұны ұнады.
рахмет. Еңбегіңіз жана берсін.
Спасибо, хороший урок.
и вам спасибо
Сабақ жоспары маған ұнады.
Тағы сабақ жоспарларын саламын, тағы көріңіз.
Жақсы құрылған сабақ
Тиімді әдістер
өте қажетті мағлұмат!
Өте жақсы сабақ,