kz ru en

Авторизация


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Аңдатпа. Мақалада болашақ мұғалімдердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін әлеуеттері мазмұндалған. Іс-әрекет, кәсіби іс-әрекет ұғымдары тұжырымдалып, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті «субъект-субект» тұрғысында айқындалған. Ағылшын тілінің мәдениет аралық және этносаралық коммуникация құралы ретіндегі рөлінің күшеюі туралы теорияларға шолу жасалып, оның әлемдегі өскелең танымалдылығы тарихи-географиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық және лингвистикалық факторлармен байланысты қарастырылған. Сондай-ақ, болашақ мұғалімдерге ағылшын тілін меңгертудің мақсаттары нақтыланған. Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік әлеуетін ағылшын тілін меңгертудегі мәселелер талданған, әрі олардың ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерулерінің нәтижесінде қол жеткізетін мүмкіндіктері тұжырымдалған. Түйін сөздер: болашақ мұғалім, тұлғалық әлеует, ағылшын тілін оқытудың мақсаттары, ағылшын тілі, коммуникативтік әлеует.

Оқытудың қазіргі заманғы тенденцияларыжоғарыбіліктімамандаярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие. Жоғары білім берудің сапасы дегеніміз – жоғары оқу орнының қызметтерінің барлық қырларын қамтумен қатар, оның негізгі си- паттарын анықтайтын көпқырлы ұғым. Осы ретте оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз етуде әлемдік білім беру жүйелерінің озық үлгілерін қолданысқа ендірудің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін жетілдіретін фактор болып табылады. Бүгінгі күні ағылшын тілі өзінің коммуникативтік әлеуетіне байланысты халықаралық интеграция мен кросс-мәдени өзара әрекеттесудің иілгіш құралына айналуда. Ағылшын тілін білудің қажеттілігі жоғары білім беру мен нарық талаптарымен де негізделеді. Еңбек нарығында жоғары әлеуметтік мобильділігімен сипатталады, әрі ағылшын тілін меңгерген мамандар үлкен сұранысқа ие. Әрі ағылшын тілін меңгеру пайдалы деп саналып, болашақ мамандар кәсіби өсу, халықаралық қауымдастықта өздерін танытуда орасан зор мүмкіндіктер ашады.

Ағылшын тілінің әлемдік деңгейге көтерілуінің келесі белгілері халықаралық және ұлтаралық коммуникация, экономика, ғылым, жоғары технологиялар, коммерция және т.б. салалардағы заманауи ғаламдық үдерістермен көрініс тапты. Ағылшын тілінің әлемдегі өскелең танымалдылығы тарихи-географиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық және лингвистикалық факторлармен байланысты [2]. Бұл аталған факторларға қысқаша тоқталайық. ХХ ғасырда әлемде ағылшын тілінің халықаралық қатынас тілі ретіндегі қалыптасу үдерісіне оң ықпал еткен бірқатар әлеуметтік-мәдени оқиғалар болды. Оның ішінде саяси және экономикалық бағытта Ұлыбритания мен Америка құрама штаттарының колониальдық державаға айна- луы мен осы елдердегі ғылыми-техникалық даму аталады. Бұл үдерістер саяси, мәдени және экономикалық, технологиялық салаларға тікелей қатысты. Осыған орай, Б.Качру (B.Kachru) ағылшын тілінің әлемде таралуын сипаттайтын үш шеңбер күйінде көрсетілген «үш контентрациялық дөңгелек» теориясын ұсынды, олар: ішкі шеңберге енетін ел тұрғындары үшін ағылшын тілі туған ана тілі болатын елдер (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австра- лия, Жаңа Зеландия және Ирландия); сыртқы шеңбер ағылшын тілі мемлекеттік тілмен қатар арнайы статусқа ие елдер. Олардың қатарында Индия, Сингапур, Малайзия және т.б.; кеңейетін шеңбер бұл ағылшын тілі білім беру ортасында негізгі шетел тілі ретінде оқытылатын елдер [3]. Белгілі лингвист Д.Кристал «кеңейетін шеңбер» термині 1980-жылдары ендірілгендіктен нақтылауды қажет етеді деп тұжырымдап, оны «кеңейген шеңбер» деп атауды ұсынады [4]. Әрі оның себебін қазіргі кез- де аталған үдеріске саяси, экономикалық, әлеуметтік факторлар есебінен барлық дерлік елдердің қатысып отырғандығымен түсіндіреді. Аталған шеңберлердің шекара- сы өзгермелі деуге болады себебі ағылшын тілін шетел тілі ретінде пайдаланушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Қазақстан Республикасы ағылшын тілі халықаралық коммуникация құралы ретінде қарастырылатын Б.Качрудың аталған моделіндегі кеңейетін шеңбер құрамына енетін елдердің қатарында деуге болады

6
6

Комментарии (6)

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

жақсы

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

рахмет

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Бізге пайдасы бар

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

рахмет

Абуталипова Орындык,
Преподаватель

жақсы ақпарат


Байзақова Інжутас,
Преподаватель

рахмет