kz ru en

Авторизация


ОТБАСЫ МӘРТЕБЕСІНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа

Мақалада Президенттің Қазақстан халқына жолдауларында белгіленген және қоғамда орын алған отбасы құндылықтары мен қағидалары талданады. Отбасыларының әлеуметтік өмір салты сапасын арттыру мәселелеріне баса назар аударылады. Қазіргі күні әлемде отбасы институтының дағдарысы байқалады және ол қоғамға өз әсерін тигізуде. Автор ҚР алғашқы Президентінің иде- яларына негізделген, өскелең ұрпаққа отбасы құндылықтарын сіңіруге көмектесетін идеяларды ұсынады. Түйін сөздер: отбасы, қазақстандық отбасылар, толық емес отбасылар, отбасы институты, халықтық педагогика.

         Бүгінгі отбасы елдің болашақ азаматының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыратын қоғамның ең маңызды институты екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Себебі, бүгінгі отбасының табы- сты болғаны, әлеуметтік-экономикалық , моральдық-психологиялық жағдайының жақсарту ұлт пен мемлекеттің болашағына елеулі әсер етеді. Қоғамның ең алғашқы әлеуметтік ұясы ретінде отбасы зерттеушілерді ежелден қызықтырып келеді. Сонау Платон, Ари- стотельден бастап, О.Конт, Г.Спенсер, әл- Фараби, Баласагуни және басқалар отбасына соқпай кете алмады. Аристотель мемлекеттің пайда болуын тікелей отбасының кеңею үдерісімен байланыстырған [1]. Отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық негізін жасауда көп ұлес қосқандар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский. Маңызды пікір білдірген этнопедагогтар: Қ.Б. Жарықбаев, С.А. Ұзақбаева, С.Қалиев, К.Қожахметова, Қ.Бөлеев, І.Халитова, Ж.Наурызбаев, Ә.Табылдиев, С.Ғаббасов, т.б. еңбектері. Олар халықтық педагогиканың мәселелерін жан-жақты зерттеп, педагогиканың этнографиямен және социологиямен ынтымақтастығының кеңеюіне үлкен үлес қосты.

        Отбасы институтының дағдарысы. Қазіргі қоғамдағы отбасы қатынастарын зерттеушілер отбасы дағдарысқа ұшырады дейді. Бұған туылымның азаюы, әр түрлі тұрмыстық жағдайлардан ажырасудың көбеюі. Бүгінгі отбасының, ерлі-зайыптылардың қоғам, ұрпақ алдындағы жауапкершіліктері елеулі төмендеді. Бұл, әсіресе жас отбастары үшін дағдарыс жағдайын туды- рып отыр. Мұның ақыры жастардың ажыра- суына апарып жатыр. Елімізде үйленгендердің үштен бірі ажырасады, 500 мың әйел күйеусіз бала тәрбиелеп отыр Жүз жыл бұрын еркек пен әйел орташа 1,5 жылдай баласыз тұрса, қазір шамамен 20 жыл тұрады. Бүгінгі ерлізайыптылар некелік өмірдің 54% ор- нына 18% ғана балалар тәрбиесіне арнай- ды. Қолдағы мәліметтерге қарағанда, 15 және одан жоғары жастағыларды алғанда ерлердің 62,3 және әйелдердің 55,6 пайы- зы некеде тұрады екен. Ерлердің 30,4 және әйелдердің 21,6 пайызы некеде тұрмағандар. Ал 30 және одан жоғары жастағы ерлердің 20,2 және әйелдердің 19,9 пайызы некеде болмағандар. 20-29 жастағылардың 54,3 пайызы үйленбегендер. Ал қыздар ара- сында бұл көрсеткіш – 33,9 пайыз.

         Елбасының Жолдауында оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қжеттігі және париотизм, мораль мен парасаттылық сияқты құндылықтарды барлық оқу барысында сіңірілуге тиістігі міндетелді. Сондықтан, барша қоғам болып, ең алдымен әр отбасы- мен және мектептермен бірлесе отырып, осы бағытта жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Ұлттық комисияның мүшелері жастарға руханй-адамгершілік тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға қатысуды дәстүрге айналдырған. Отбасы мен некеге қатысты өекті мәселелерді тал- дау үшін әрдайым халықпен жүздесіп ой- пікірлерді ортаға айтып ,тиісті органдармен бірлесіп жұмыс істеуде. Қазіргі кезде отбасы мен некенің тазалығын сақтаудың халықтық озық тәжірибесін қарастырып, халық арасында және ең алдымен жастардың ортасында дәстүрлі отбасын қалыптастырғандағы ұлттық құндылықтарды насихатап жұмыстарын кеңінен ұйымдастыру; балабақша мен мектептерде салт-дәстүрді, отбасы құндылықтарын на- сихаттайтын арнайы сабақтар оқыту үрдісін енгізу керек деп санаймын. Отбасылық құндылықтар мен неке ин- ституты сыртқы жарнама түрі – билбордтар арқылы кеңінен насихатталуда. Бұл бағытта Ұлттық комисия биыл төртінші рет билборд- тар байқауын өткізді. Бала тәрбиесінде адамгершілік, азаматтық пен отаншылдықтың жоғарғы сезімін қалыптастыруға, отбасы құндылықтары мен әдет-ғұрыптарды нығайту жұмыстарына өңірлерде құралған Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Ардагерлер кеңесі сияқты ұйымдардың әлеуеті кеңінен пайдаланылуда.

Жапонияда “Отбасылық өмірге даяр- лау” пәні бастауыш мектепке енгізілген және оның міндеттері балалардың бойы- на күнделікті өмірде, отбасылық өмірде қажетті мағлұматтарды сіңіру болып табы- лады. Осы мақсатта балалар киімдерін, үйді күту және шаруашылықты жүргізуге байла- нысты мағлұматтар алады

4
4

Комментарии (4)

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Отбасындағы тəрбиенің маңызы зор

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

ия, ол рас

Махамбетова Айнур,
Преподаватель

жақсы

Байзақова Інжутас,
Преподаватель

рахмет