kz ru en

Авторизация


Жетістікке жету жолдары

Өмір теңізі телегей толқындарымен, бұрқанған  дауылдарымен көрікті.Ал мұнда тек өлі балықтар ғана ағыспен бірге  ілесе  бермек.Әр адамның санасында жетістікке жету жайлы ең үлкен үміттер мен алуан қорқыныштар шоғыры ұя салған. Кез-келген жетістіктік шыңын бағындырушының тарихына үңілсек, олардың асқақ арманды табанды мақсатпен ұштастыра отырып  тер төккенін байқаймыз.Бұл тұрғыда Билл Гейтстің оқудан қуылса да жасымай еңбекке араласуы, Армериканың қара нәсілді президенті Нелсон Манделаның көптеген жыл темір торға тоғытылса да рухы сынбай,жігері жасымай, өз мақсатына деген беріктігі мысал бола алады.Сонымен, жетістікке жетудің бағдарлары қандай?

Әлемдегі кез келген табысқа жетушінің ең бірінші бойындағы қасиеті күн сайын өзін-өзі дамытып отыруы.  «Ең жақсы инвестиция – ақшаны яхтаға немес көлікке жұмсау емес,өзіңді дамытуға құю».

Екінші, «ақша керек пе, бар болғаны сатуды үйреніңіз». Белгілі ғалым Әбу Ханифа түске дейін саудамен айналысса,түстен кейін шәкірттерге сабақ берумен, білімін жетілдірумен  айналысқан.Яғни сауда жүйесі, сату жүйесі ежелден қалыптасқан ұтымды табыс көзі болып табылады.

Үшінші, қаншалықты табысты болғыңыз келсе, соншалықты білім алыңыз. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «білім бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ әлдекімнің азығы» деген қанатты сөзін есепке алар болсақ, расында білімдінің беті жарық.Әлем  тілдерін  біліп, озық ойлы шығармаларын оқу арқылы жетістікке деген табандылық та сенім де арта түседі.

Төртінші, уақытты дұрыс пайдалан білу. «Уақыт – ең құнды валюта». Араб ғалымы Абул Фарадждың «уақыт қылыш секілді, сен оны кеспесең, ол сені кеседі» дейтін тәмсілі бар. Жетістікке жетушінің әр уақыты жоспарлы түрде бекітілсе, мақсатқа жету жолы да жақындай түспек.

Бесінші, әр күнге жоспар құру. Асауға тұсау қажет секілді,уақытқа жоспар қажет.Ертеңгі күннің жоспары бүгінгі кештен бастау алады.Кім сананы тізгіндеп, ішкі қажетсіз қалауын жеңе алса, сол ғана арманын бағамдай алмақ.

Әрбір жетістікке жетушінің ұйқы сағаты 5-6 сағаттан аспаған.Әрі олар жалқаулық пен еріншектік секілді ой кеселдерінен бойын аулақ ұстаған.

Ал, сіз неден бастамақсыз?

9
10

Комментарии (9)

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Көп рахмет, ең қымбат нәрсе - уақыт

Ауелбекова Кенжекул,
Преподаватель

Өмір – мұхит, уақыт — толқын. (Абай)Уақытты босқа өткізу — ең ауыр шығын. (Ж.Бюффон)Адам баласының табиғаты қызық қой, — байлығынан, бақ-дәулетінен айырылғанда қатты налиды, ал асыл уақытының мән-мағынасыз өтіп жатқанын елең қылмайды. (Абул-Фарадж) Ұйықтар алдында өткен күніңді, өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен бір өткізбей тұрып, көзіңді жұмушы болма. (Пифагор) Уақыт – біздің ойымыздан да жүйрік. (Анжелика Миропольцева) Уақыт күтпейді. (Вальтер Скотт) Әркім өз уақытын еңбегінің көлемімен өлшегені ең дұрыс жол. (В.Г. Белинский.)Жастық өз уақытын білмейді. (Р. Хорезми)Минут ұрыс тағдырын шешеді. Сағат шайқас тағдырын шешеді. Күн бүкіл мемлекет тағдырын шешеді. ( А.В. Суворов).Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. (Гете).Ал, біз өз уақытымыз былай тұрсын, басқалардың уақытымен де санаса бермейміз. Мысалы, шақырылған жерге 2-3 сағат кешігіп келеміз, бір шаруаны бірер аптада немесе біраз күннің ішінде бітіреміз деп жобалай саламыз. Бірде «Мені жарты сағаттан кейін оятыңыз», – деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынықсын деген оймен бір сағаттан соң оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатына қараған ғалым уақытында оятпаған қызметшісіне: «Жарты сағатымды қайтарып беріңіз», – деп жатып кеп ашуланған екен.

Ауелбекова Кенжекул,
Преподаватель


Ауелбекова Кенжекул,
Преподаватель

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?Бәрі өтеді дәуірлер, замандар да.Менің жаным ашиды мына өмірдіӨтпейтіндей көретін адамдарға.Өтеді ғой...Өтеді ғой барлығы да.Күн арқалап кетеді таңды мына.Менің жаным ашиды барлығынаТаң нұрына, адамның тағдырына.М. Мақатаев.

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Өте жақсы

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

рахмет

,
Пользователь

Толықтай келісемін

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Жетістікке жету үшін көп мәлімет алдым. Рахмет

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

жақсы. рахмет