Тақырыбы: Көміртек оксидтері және олардың қасиеттері
Сыныбы: 9
Мақсаты:
Оқушыларға көміртек оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын ажырата отырып, теория мен практиканы ұштастыруға, өз ойларын ортаға салып жеткізе алуға жағдай жасау.
Міндеттері:
- Оқушылардың бойына заңдылықтар мен ережелерді пайдалана отырып, химиялық теңдеулер мен есептер шығаруды меңгерту;
-Оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтай білуге, көміртек оксидтерінің қасиеттерін меңгере отырып, алыну жолдарын қарастырып, өмірде маңызды ролін ескере отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
- Жұптық,топтық жұмыстар арқылы көміртек оксидтерінің қасиеттерін меңгере отырып, алыну жолдарын және олардың қолданылуы туралы танымдарын кеңейту.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылардың бойына заңдылықтар мен ережелерді пайдалана отырып, химиялық теңдеулер мен есептер шығаруды меңгереді;
-Оқушыларды қауіпсіздік ережесін сақтай білуге, көміртек оксидтерінің қасиеттерін меңгере отырып, алыну жолдарын қарастырып, өмірде маңызды ролін ескереді;
- Жұптық,топтық жұмыстар арқылы көміртек оксидтерінің қасиеттерін меңгере отырып, алыну жолдарын және олардың қолданылуы туралы танымдарын кеңейеді.
Қолданылатын модульдер:
Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқытуда АКТ-ны пайдалану, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
Стратегиялар:
«ойлан- жұптас- бөліс», «өкіл», «кластер», «постер», «ауызша мадақтау», «жапондық бағалау», «өзін өзі бағалау», « өлшемдік бағалау», «рефлексия».
Сабақ кезеңдері
Уақыты Жоспар мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті Бағалау
І. Кіріспе
Психологиялық ахуал Тұлғааралық байланысты орнату
Формулалар арқылы топқа бөлу
Мақсаты: топта жұмыс жасауға үйрету
Оқушылармен амандасып, жүрек арқылы бір-бірлеріне тілек білді.
Топқа бөлу: Ал оқушылар таңдаған формулаларын арқылы заттың қай класқа жататынын ажырата отырып өз топтарыңызға жайғазыңыздар.
Оқушылар бір- біріне жағымды жылы сөздер арқылы тілек білдереді.
Оқушылар формула таңдау арқылы топқа бөлінеді.
«Жақсы» «Жарайсыңдар!»
«Алтын ереже» жазылған флипчарт
ІІ. Тұсаукесер
білу«ойлан- жұптас- бөліс»
Көміртектің периодтық орны бойынша сипаттама бер:
а) периодтық жүйедегі орны
ә) атом құрылысы
б) электртерістігі
в) мүмкін болатын тотығу дәрежесі
г) тотығу тотықсыздану қасиеттері
д)көміртектің қосылыстары
Оқушылар топта отырып тапсрманы жұппен орындайды.«Жақсы», «Жарайсыңдар»
АКТ (компьютер)
Түсіну«кластер»
Көміртек оксидтерінің физикалық қасиеттерін сипаттап, кластер сызбасы түрінде бейнеле.
2. фотосинтез құбылысын түсіндір.
Топтық жұмысты орындап, әр топ қорғайды.
Ватман, фломастерлер
ІІІ. Негізгі бөлім қолдану «Араб грамотасы»
1.Көміртек → кмртк (ІІ) оксд→ кмртк (ІҮ) оксд →кмр қшқл →кльцй крбнт →
кмртк (ІІ) оксд → мгнй гдркрбнт
Араб грамотасын жетекшілікке алып, берілген
айналымды жүзеге асыратын химиялық реакция
теңдеулерін жазыңыз.
2. Ос кнг дмғн қл аусндғ кмртк (ІІ) оксднң мксмльд рқст етлгн кнцнтрцс 10мг/м3. Ос қлдғ клм 1500м3 блмдг кмртк (ІІ) оксднң мссс қндй?
Әр топтан бір өкіл шығып берілген тапсырманы қорғайды.
талдау «өкіл»
Көміртек толық жанғанда не бөлінеді және оның «ғаламдық жылулыққа» қалай әсер ететіндігін дәлелде.
Тақтада жауабы шығады.Өзара бағалау.
жинақтау «Постер»
СО адам ағзасына әсері қандай және онымен уланған жағдайда қандай алғашқы көмек ұсына аласың?
Ауыл жағдйында пеш жаққан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
«Жарайсыңдар!» «Жапондық бағалау»
«Постер"
Көмірқышқыл газының атмосферада жиналуы өте зиянды ластануға айналып, парникті эффектінің түзілуіне алып келеді. Массасы 100 г полиэтиленді (100 дана қолданылған қапшық) жаққанда, атмосфераға көмірқышқыл газының қандай массасы бөлінеді?
Парникті эффектің түзілуіне қандай газдар әсер етеді?
Парникті эффектің зияны мен пайдасы қандай?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Тақтадан дұрыс жауабы шығады өзін өзі бағалау.
ІV. Қорытынды
«Бағалау парағы» Мақсаты: топ мүшелерін бағалау
Оқушылардың жұмысына баға беріледі
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні балл Дискриптор Балл
1 Элементті ПЖ орны бойынша сипаттай алу
Көміртек оксидтерінің физикалық қасиеттерін ажырата алуы
Есептің шартын түсініп,реакция теңдеуін жаза білуі
Көміртек оксидтерінің маңыздылығын білу
Алғашқы көмек көрсету жолдарын білу
Жаратылыстану ғылымдарын бір- бірімен байланыстыра алуы
Экологиялық мәселені анықтап, болжау жасап,өз бетімен сәйкес қорытынды жасай алу
Жалпы балл Балды бағаға айналдыру кестесі
Баға
18-17 «5»
14-16 «4»
13-10 «3»
9-0 «2»
Әр топ басшысы бағалау парағына балаларды бағалайды
Рефлексия
әр топ басшылары бүгінгі сабақтан не білемін не үйрендім маған ұнағаны.
Үйге тапсырма:
Көміртектің табиғаттағы айналымы және оның маңыздылығы туралы эссе.
Жақсы құрылған сабақ.
Қажетіңізге жараса ризамын
Өте жақсы.
рахмет
маған ұнады сабақ.
👌👌
Жақсы сабақ
Жақсы
Өте жақсы құрылған сабақ
сабақтың құрылымы ұнады
Рахмет
жақсы құрылған
Рахмет.
Жақсы əдіс-тəсілдеріңізбен бөліскеніңізге рахмет.
Рахмет пікіріңізге.
Бөліскеніңізге рахмет.
Қажетіңізге жарасын.
Тиімді əдіс-тəсілдер қолданылған.
Рахмет