kz ru en

Авторизация


әдебиет пәні

9А сынып           қазақ әдебиет пәні

Сабақтың тақырыбы: Ш.Қанайұлы «Зар заман»

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс - тәсілі:  « БжС »  технологиясы                                                                                                

Картасы: «Ауызша-1»

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі  логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық  құзыреттілілгін дамыту.

Шортанбай Қанайұлының өмірі мен «Зар заман» өлеңі бойынша мағлұмат беру, меңгеруге ынталану және  қызығушылық таныту.

Міндеті:

1. Ш.Қанайұлының  өмірі мен шығармасының тақырыптық - идеялық   өзектілігін тану ,білу.

2. Жырларын оқу, түсіну.

3. Ақын поэзииясының құндылығын ұғыну.

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

 

1

 

Ұйымдастыру кезеңі мотивация

Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Тақырыптарды оқу барысында уақытты үнемдеуге және «Ауызша сабақ-1» картасында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет беремін.

Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.

Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс.

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі-қарсылы сұрақ қою. ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі.

1. ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы жырауларды ата. Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? (Туған ел, елге деген сүйіспеншілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі)

2. Асанқайғы нені армандады? (ел тыныштығын)

3. Қазтуған жырау өз жырларында нені дәріптейді?  (батырлықты, ерлік, елдік)

4. «Еділдің бойын ен жайлап...»-деп армандайтын жырау кім?  (Доспамбет)

5. Шалкиіз жырау бірлік, ынтымақ тақырыбында қандай тілек айтты? (малыңды бер де,...)

6. Бұқар өмір сүрген кездегі қазақ елінің тарихи жағдайы қандай еді?  (Жоңғар қалмақтары қазақ жерін басыпалған)

7. Жырау мен жыршының айырмашылығы неде? (Жыршының бәрі бірдей ақын болмайды)

8. Бұқар толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген? ( ел бірлігі)

9. Бұқар өз толғауларында халыққа өнеге боларлық қандай ойлы пікірлер ұсынады? (замана , өмір жайлы)

10. Д.Бабатайұлының шығармашылығының негізгі сарыны не деп ойлайсың. (заман жайы)

11. Әмірің қатты Есім хан,

     Бүлк салып бұйырдың,- деп ханға өктем сөйлеген жырау кім?-(Жиембет жырау)

12. Жылқы малының қадір-қасиетін ерекше жырлаған жыршы кім? (ақтамберді)

13. Үмбетей жыраудың алғашқы ұстазы кім? (өз әкесі)

Біріншілік белгілеу. барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.

 

 

 

 

3

 

Қабылдауды ұйымдастыру2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде  саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі

Сабақ басталмас бұрын тақтаға оқытылатын тақырып бойынша  14 кілтті сөздерді жазылады. Тақырып кілтті сөздерді басшылыққа ала отырып түсіндіріледі.

1.Реалист ақын

 

3.«Жаңа низам»

5.Ел бірлігі

7.Қазақ байлары

8.Діни ұғымдар

9.Зар заман

10.Хандықты аңсауы

12.Орыс

13.Абақты

14.Бостандық

 Кілтті сөздер жабылады. Оқушылар тақтадағы барлық сөздерді естерінде сақтауы тиіс. Берілген уақыт аяқталысымен сөздерді жасырып қоямын және оқушылар сол кеткен уақыт аралығындағыдай уақыт ішінде естеріне сөздерді түсіруі тиіс. Сұрақ-жауап жүргізіледі, нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына қосу белгісі қойылады.

Екіншілік белгілеу.

Есте сақтауға уақыт нормативі

14 сөз-1 мин-

15 сек.

 

8 оқушы-63%

4

 

Ұғынуды ұйымдастыру

Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы мәтінді 3 минут ішінде оқып шығуы тиіс. Оқушылардың материалды оқыған  білімдеріне қатысты сұрақ-жауап алатыны жайында ескертіледі.

мәтін бетіне

4 минут.

5

 

Түсінудің біріншілік тексеруі

 Қисын сұрақ қою. ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде  сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұраймын.

1. Патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін сынаған реалист ақын кім?(Ш.Қанайұлы)

2. «Зар заман» өлеңінің құрылысы қандай?

3. Өлеңде ақын қазақ ауыл тұрмысына жаңа ене бастаған айырбас сауда қатынасына не себепті шошына қарады? (ақша биледі)

4. Жаңа дәуір қазақ халқына қалай әсер етті?  (ауыл ішіне жік түсіп, бір-біріне қарамай ыдырай бастады)

5. Шортанбай заманның өзгеруіне қандай баға берді? (Халықтың адамгершілік нормаларын  бұзатын құбылыс ретінде бағалады.)

6. Өлеңде жергілікті әкім- шенеуліктерінің іс-әрекетін қалай әшкереледі? (заңсыздықты қазақ даласында еркін жүргізген пара алып, қарсы шыққандарды түрмеге жапқан, орыс патшасынан бастап жергілікті әкім- шенеуліктерінің іс-әрекетін аяусыз әшкереледі)

7.   Ақын өлеңде заман өзгерісіне сай адам бойында қандай құндылықтардың жоғалып, қандай жаман қылықтардың шығып жатқанына қынжылады? (ізгілік, әділдік, үлкенді сыйлау, бірлік)

8. Қазіргі заман мен Шортанбай өмір сүрген заманның айырмашылығы неде? (еркіндікте, тәуелсіз ел болуы, ал Шортанбай өмір сүрген заман орыс еліне тәуелді болып, ақшасы барлар  билеген заман болды.)

9. Бұл өлең зар заман деп аталды. Ақын заманның тарылғанын қандай белгілері арқылы сипаттады? (отаршылдықтың салдары деп түсінді)

10.  Шортанбай не себепті дінге сүйеніп, құдайдың құдіретіне бас июге шақырады? (адамдардың пиғылының өзгеруіне)

11. Өлеңде қазақ ауылының тұрмысын қалай суреттеді? (қазақ елінің дағдарысқа душар болған аса ауыр кезеңі болды)

12. Адам болу үшін қандай ақыл кеңес берді? (үлкендерден ақыл кеңес ал, батасын сұра.

13. Шортанбайдың осы бір  «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды? (халқының басына түскен қасіретке қапа болып, зарыға, тарығуынан)     

Үшіншілік белгілеу.

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.

6

 

 

 

 

 

Біріншілік бекітуді ұйымдастыру

Қарама-қарсы сұрақ қою. Тақырыпқа сай ретсіз оқушылардан ООМ арқылы сұралады.. Сұрақтар меңгеру сапасын тексеруге арналған тұрғыда болғаны абзал. «Иа» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар болмауы тиіс.

1. 1868 жылы қазақ еліне тәуелсіздік орнады. (жоқ)

2. Шортанбай дүйім жұрттың саудаға жұмылғанын байқап қамықты. (иә)

3. Ш.Қанайұлы 1818 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданында дүниеге келді. (жоқ)

4. Қазақ байлары билікке таласты. (иә)

5. Шортанбай елді орыс әкімдерінің басқарғанын қолдады. (жоқ)

6. «Зар-заман» өлеңінде жандарал, князь, тілмаш және жергілікті әкім-шенеуліктердің іс-әрекетін әшкереледі. (иә)

7. Жастарды адамгершілік жолға тәрбиеледі. (иә)

8. Заманның өзгеруі заманға байланысты деді. (жоқ)

9. Құдай жолын дін жолын ұстауға уағыздады.(иә)

10. Ш.Қанайұлы өз заманының ақыны. (иә)

11. Шортанбай дүние, қоғам, табиғат бір қалыпта болады деді. (жоқ)

12. «Жаңа низам» заңының елге еш әсері болмады. (жоқ)

13. «Зар заман» өлеңінің авторы

 Шал ақын. (жоқ)

Төртінші белгілеу.

Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.

7

 

Талдау

Уақыт 5 минут

 Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі.                                        Төмендегі тақырыптар негізінде ой   толғау, эссе, әңгіме жаз        

«Ел қамын ойлаған ақын» 

 

Бесінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша  қосу немесе алу белгілері қойылады.

63 сөзден жоғары болу тиіс.

8

 

Түйсіну

1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап, «Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін айтады.

 

9

 

Журналға баға қою келесі норматив бойынша жүзеге асырылады:             - 4- 5 белгі – 5ұпай.

- 3 белгі – 4 ұпай.

  -2 белгі – 3 ұпай.  

 -1 белгі – 2 ұпай.

Сапа нормативі: оқушылардың  63%

 5 ұпайдан алуы тиіс. 3 кестені қара.

 

10

Үй тапсырмасы

4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады.

Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңін жаттау

7
9

Комментарии (7)

,
Пользователь

сабақ жоспары сауатты құрылған

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Жақсы 

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

БжС технологиясы сынып оқушыларын  толық қамтуға жақсы.

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Пікірлеріңізге рахмет

Темирова Айнаш,
Преподаватель

Жақсы құрастырылған сабақ

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Рахмет 

Абдыкова Самал,
Преподаватель

Біздің мектеп те БжС технологиясы бойынша жұмыс істейді. Қазақ тілі сабағына "Ауызша-1" картасы тиімді, сондықтан оны жиі қолданамыз. Сіз ұсынып отырған сабақ жоспарының құрылымы өте сауатты әрі мазмұнды. Бөліскеніңізге рахмет!