Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет]
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Жаңартылған білім мазмұны бойынша бағалауыңыз тиімді
Толық келісемін. Тəжірибеңізге табыс тілеймін
Дұрыс, келісемін
Критериалды бағалаудың екі жақты екенін ұмытпаған жөн
Таныстырылымыңыздың практикалық мәні зор. Рахмет!
Бөліскеніңізге рахмет.