«Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі»
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.
Әдісі: ой қозғау, пікірталас
Жоспар:
1. Тренинг: «Шаттық шеңбері»
2. Топқа бөлу
3. Кіріспе сөз: «Әкелер мектебі» туралы мағлұмат беру
4. Топтық жұмыс
5. Психологиялық тренинг
6.Қызықты сұрақтар.
7. Рефлексия
Құрметті әкелер! Біз сіздермен семинар тренингте кездескенімізге қуаныштымыз. Біз бен сіздерді байланыстырып тұрған әрине балалар. Сол балаларымыз аман болсын! Балаларыңыз тек сіздерді жақсы қылықтарымен қуанта берсін дей келе бүгінгі семинар тренингімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
«Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» атты семинарымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
1.Тренинг
«Мен өзімді мақтаймын».
Әкелер ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Сағат тілі бойымен әрқайсыңыз есімдеріңізді айтып, өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды сұраймын. Қазір көп мақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Мен бастаймын, сіздер қостайсыздар: «Мен өзімді еңбеқорлығым үшін мақтаймын» және т.б.
2.Топқа бөлу
3. «Әкелер мектебі» туралы мағлұмат беру
«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала әкеден ақыл алып өседі.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі семинарымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.Ендеше, сіздерге сұрақ:
-Сіз қандай әкесіз?
4. Топтық жұмыс. «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі»
5. Психологиялық тренинг
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.
6. Қызықты сұрақтар.
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1 - сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
6. Баладан ата-анаға жаднама
7.«Сиқырлы қобдиша»
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
8. Рефлексия
( стикерге семинар тренингтен алған әсерлерін жазып, «Білім ағашына» жапсырады)
жақсы құрастырылған
Өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Мысалы, менің сыныбымда әкелері жоқ балалар көп, оқушылардың жалпы санынан 70% құрайды.
Пайдалы акпарат! Самалдын пiкiрiне косыламын. Өзекті мәселе.
Тəрбие мен сапалы білім беруде үштік одақтың маңызы зор.
Өте қызықты тренинг
Рахмет
жақсы
Тағы бір іс-шараға ой салдыңыз. Рахмет!