Сабақты бақылаудың жадынамасы
(үлгіні өзіндік талдау үшін де қолдануғы болады)
- Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы (сырт қарағанда);
- Оқушылардың сабаққа ішкі, психологиялық дайындығы;
- Мұғалімнің ұйымдастырушылық әрекеті (қажет болған жағдайда);
- Мұғалімнің сабақ мақсатын айқындай алуы;
- Блум токсономиясының деңгейлерін қолдана алуы;
- Оқушыларға білім беруде проблемалық әдістерді қолдану;
- Сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекеттерінің қатынасы (байланысы);
- Оқушының өзіндік жұмысының көлемі мен түрлері, продуктивті (өнімді), репродуктивті (өнімсіз) өздік жұмыстарының қатынасы;
- Мұғалімнің оқушы білімінің маңызды даму деңгейі мен кезекті даму аумағын есепке алуы;
- Оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру жолындағы іс-әрекеті;
- Мұғалімнің проблемалық жағдай туғызуы, проблемалық сұрақ қоюы, проблемалық сұрақ құруы, оларды шешу жолдарын көрсетуі;
- Оқулықты қолдануы, онымен жүргізілген репродуктивті, жартылай ізденушілік жұмыстар қатынасы;
- Таңдалып алынға көрнекі құралдардың оқыту талаптарына сайлығы;
- Оқушылардың арнайы, жалпы білімділік біліктіліктерін қалыптастыру;
- Оқушыларда танымдық біліктіліктердің болуы: болжамды құрып, негіздей алу, -болжамды дәлелдеу(жоққа шығару) жолдарын табу, шешімнің дұрыстығын тексеру;
- Оқушылардың логикалық әрекеттерді орындай алуы;
- Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту (оған дәлел);
- Жалпы сынып оқушыларына, жеке оқушыларға кездескен қиындықтар мен олардың себебі, шешу жолдары;
- Оқушылардың үй тапсырмасын орындауында талаптарының орындалуы: қандай тапсырмалар берілді (сыныпта басталған зерттеуді жалғастыру, жаңа ұқсас емес тапсырма орындау, негізгі білім, біліктерін жаңғырту үшін тапсырма беру, білімдері мен біліктерін жаңа жағдайда қолдану үшін, өзіндік теориялық ұғынуға берілген тапсырмалар);
- Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін, дайындық деңгейін ескеруі, деңгейлік тапсырмаларды ұсынуы;
- Сабақ оқушылардың еркін, ой өрісін, тілін, есте сақтау қабілетін, сезімін, танымдық қызығушылығын дамыту жолында сабақ не берді;
- Сабақтың жалпы нәтижелілігі.
Сізбен келісемін, рахмет
өз ойыңызбен бөліскеніңізге рахмет
Пайдалы ақпарат.
Рахмет
Жадынамамен бөліскеніңізге рахмет.
Жақсы ақпарат
Сабақтың жалпы нəтижелілігіне байланысты жасалған жадынама. Рахмет сіздерге.
Рахмет
Жақсы
өте жақсы