Сабақтың тақырыбы: «Тұлпарым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Ақынның өмірі , шығармашылығына шолу жасай отырып, өлеңнің тақырыбының идеясын ашуға жағдай жасау.
Сабақтың тақырыбына байланысты міндет:
«Тұлпарым» өлеңін мәнерлеп оқи алады.
Өлеңнің идеялық мазмұнын аша біледі.
Өлеңнің құрлысына талдау жасай алады.
Сын тұрғысына байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.
Көрнекіліктер: интерактивтік тақта , маркер , плакат , портрет , қосымша материалдар .
Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы
Әдіс-тәсілі: Стратегиялар «Ой қозғау», « Терминдер арқылы болжау»,
«Ой толғау», «Әдебиет үйірмесі»
Пәнаралық байланыс : Тарих , география , қазақ тілі .
Пайдаланған әдебиеттер :
1.Қазақ әдебиетіне арналған хрестоматия (3-кітап ) С.Т Елікбаев
2. Тарихи тұлғалар
3. Б.Кенжебаев « Жылдар жеңісі»
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. (2 мин)
І. Қызығушылығын ояту сатысы «Ой қозғау», «Кластер»
Сакен Сейфуллин жайлы не білесіздер?
1- топ « Ақынның өмірбаяны»
2- топ « Ақынның шығармалары»
3- топ « Ақынның достары , қоршаған ортасы» (7 мин)
Оқушылар ойы тыңдалады
ІІ. Мағынаны таныту сатысы « Терминдер арқылы болжау»
1
Суреттер бойынша сіз не ойлайсыз?
Өз ойыңызды дәлеліңіз?
Өлеңдегі ақынның қозғаған өзекті мәселесі
Темір тордағы ақын бостандықты армандайды
1-2-бағандар бойынша оқушы пікірі сұралады. (3 мин)
- мәнерлеп оқу ( бірнеше оқушы ) (суреттер, дыбыс) (5 мин)
- Жоғарыдағы кестенің «Не болды?» бағаны толтырылады, оқушылардың бастапқы пікірі мен өлең мазмұны салыстырылады. (3 мин)
«Әдебиет үйірмесі»
Бейнелеуші: Ақын асау тұлпардың шабысын қалай суреттейді?
Дәнекер: Көз алдарыңа кең даланы, жасыл жайлауды елесте отырып қандай әсер алуға
болады?
Іздеуші: Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтап, өлеңнің бір
шумағын құрылысына қарай талдаңдар.(8 мин)
Топ пікірлері тыңдалады.
Ой-толғаныс сатысы
Ой толғау.
Сендер Сәкен аталарыңның ісін қолдайсыңдар ма ? Егер қолдасаңдар ақынға ашық хат жазыңдар.
( 8 мин)
Кері байланыс парағын толтырады (3 мин)
Үйге тапсырма: «Тұлпарым» өлеңін жаттау (1 мин)
Бағалау
Жақсы
Рахмет
Өте жақсы
Рахмет
жақсы
Пікір білдіргендеріңізге рахмет.