Бүгін теледидарды қарап отырып, осы мақала аттас отандық фильмін көріп қалып, пульттың унопкасын басуды тоқтаттым. Өйткені, бұл туындының тәрбиелік мағынасы мен бірге бейнеленген түсірілімі өте керемет. Қызыға қарап отырғанымды көрген балам, жаныма келіп ол да қарауға кірісті.
Осындай фильмдер саны бізде жеткілікті ме? Жалпы, Қазіргі уақытта балаларға ертегі айтыла ма? Әріптестер, пікірлеріңізбен бөліссеңіз..
Тағы да фильмдер немесе он жасар балаға қызықты болатындай ертегілермен бөліссеңіздер..., қуана қабылдаймын
Патриоттық бағыттағы фильмдер жеткіліксіз. Балаларға ертегі айтар əжелер қазір жоқ десе де болады
Бүгінгі таңда елімізде "Жау жүрек мың бала" сияқты тәрбиелік мәні зор, жасөспірімдерді қызықтыратын, сапалы түсірілген кинофильмдер көп емес. Бірақ соңғы жылдары отандық киноиндустрия өркендеп келе жатыр, сондықтан жақын арада жақсы-жақсы кинолар шығады деп сенімдімін.
Рахмет, Самал. Ия, ондай сенiм менде де бар. Коре жатармыз.
Келешекте осындай фильмдер болады деп сенемін
Қазір кішкене балалар Балапан каналынан көреді қазақша ертегі мультфилмдерді. Бұрын біз кітаптан оқитынбыз.