kz ru en

Авторизация


Химия әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: интеллектуалды ойын (химиядан сыныптан тыс жұмыс)
Өтетін орны: химия кабинеті
Көрнекіліктер: мультимедиялық тақта, слайд - презентациялар, үлестірмелі қағаздар, көрермендерге арналған жұмбақтар;
Жүргізуші:

Химия мен медицина дамыған
Өндірісте химияны таныған
Химиясыз кірмес жердің құнары
Мұндай ғылым әркез биік тұрады деп бүгінгі кештің жоспарымен таныстыра кетейін:
1. Сұрақ - жауап бөлімі
2. «Жұмбақ - арал»
3. «Ғажайып шеңбер»

4. «Химия қызықтары»
5. «Шығармашылық сәт»
Оқушыларды екі топ іріктеліп алынады. Ойынға екі топ қатысады.
Топтың жинаған ұпайларын есептеп отыру үшін есепші сайлап алайық:
1. «Сұрақ - жауап» бөлімі, әр дұрыс жауап - 1 ұпай
1 - топ:
1. Қай элементтің жетіспеуі тіс ауруына ұшыратады
2. Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар
3. Ең қиын балқитын металл
4. Аспен келетін тамаққа дәм беретін зат
5. Қай элементтің бейнесі айдаһар пішінді
6. Өнеркәсіптің негізгі металы
7. Адамзат баласы қандай элементті алғаш өндірді (мыс)

8.Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
9. Сұйық металл
10. Ең қатты минерал

2 - топ:
1. Грек тілінен аударғанда бұл газдың аты «иісті» деп аталады
2. Ең ауыр металл.
3. Адам ағзасында сүйектің құрамына кіретін металл.
4. Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.
5. «Өндірістің наны»  деп аталатын қышқыл
6. Бұл газдар арқылы ток өткізсе,әрқайсысы өз түсімен сары,көк,қызыл,жасыл жарқырай түседі.Бұл қай газдар?

7. Үш түрлі күйде кездесетін зат.
8.адам қан жоғалтқанда тамырына құятын 0,9%-тік физиологиялық  ерітінді
9. Медицинада   адам  есінен  танғанда  қолданылатын  сұйықтық
10. 4.Үндістанға жорығында Ескендір Зұлхарнайынның әскербасылары солдаттарға қарағанда іш ауруларымен жиі ауырмаған.Неге?
Ойынымыздың екінші кезеңі «Жұмбақ - арал» бөліміне өтейік.
Бұл бөлімде топтарға жеке - жеке жұмбақтар жасырылады. Жұмбақты шешіп, сол элемент жайлы қысқаша мәлімет беру керек. . Қарсылас топ та жауабын дайындап отыруға болады. Топтағы оқушылар дұрыс жауап бере алмаған жағдайда қарсылас топ ойыншылары жауап беріп, ұпайларын көбейтуге болады. 1 - сұраққа дұрыс жауап - 10 ұпай
1 - топ:
Өзі жылтыр күмістей,

   Жұмсақтығы тағы бар.

   Жеңілдігін ескерсең,

Пайдаланар жері табылар.
2 - топ:
Күміс түсті металмын,
ақ бор, әктас, ғанышпын.
Тіршілікке қажет металл   атандым.
Жер қыртысында мен    кездесем,
Артық болмас жер металы  мен десем.
1 - топ:
Сұрғылт түсті кәдімгі металмын,
Механикалық әсерге берілмейтін   қаталмын.
Негізгі пәтерім 24-ші, 6-шы     көшеде болса да,
Кендерім Мұғалжарда, тауда жатамын.
2 - топ:
Ертеден белгілі жетеудің бірімін,

Электротехника саласында     ірімін.                               

Көптеген құймаларға кіремін,

Әдемілігім жөнінде алтынмен  бірге жүремін.
 

    Есепшіге сөз беріп, қоржынға жинаған ұпай сандарымызды бір біліп алайық.
Енді ойынымыздың үшінші кезеңі «Ғажайып шеңбер» бөліміне жеттік. Бұл бөлімде шеңберде берілген заттарды пайдаланып, әр түрлі қосылыстардың формулаларын құрастырыңыздар. 2 минут уақыт беріледі. Сіздер ойланғанша ойынымызды көрермендермен жалғастыра берейік.
«Көрермендер көрімдігі»
«Мен кіммін?» ойыны:
1. Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау. (азот)
2. Бірінші бөлігім «алда бол» деген бұйрық рай, екінші бөлігім сан есім (озон)
3. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салатын белгі. (селен)
4. Жазылуым бойынша оқысаңыз элементпін, керісінше оқысаңыз – өткізгішпін (мыс - сым)
Оқушылардың «ғажайып шеңбер» бойынша орындаған тапсырмалары тексеріліп, ұпай сандары беріледі.

4-кезең «Химия қызықтары» деп аталады. Бұл кезде оқушылар өздерінің дайындап келген қызықты химиялық  тәжірибелерін көрсетеді.
Ойынымыздың соңғы бөлімі: «Шығармашылық сәт» деп аталады. Мұнда оқушылардың шығармашылық қабілеттері анықталып, тиісті ұпайлары беріледі.

1. Берілген сөздердің ішінен қажеттісін тауып алу.
(киік, темір, жұт, бүркіт, су, жалбыз, күн тұтылуы, інжугүл, борсық, сілті, мыңжапырақ, қараторғай, сел, өрт, дауыл, жауқазын, көкек, құйын, шағала, озон, қарсақ, құрғақшылық, түйеқұс, сынап, жер сілкінісі, түймедағы, боран, ас тұзы, алюминий, аю, мақта, алабота, кәмшат, бозторғай, хлор, үйрек, темекі, күріш, ілбіс, фосфор).

2. Өздеріне ұнаған бөлім бойынша өлең жолдарын құрастыру.

Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде.
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде,- дей отырып, ұпай сандарымызды анықтау үшін сөз кезегін есепшіге  береміз. 
Ойын - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын - толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып - деп бүгінгі «Химия әлеміне саяхат » атты ойынымызды аяқтаймыз.
Қатысқандарыңызға көп - көп рахмет!!!

8
6

Комментарии (8)

,
Пользователь

сауатты құрылған сабақ

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Пікіріңізге  рахмет.

Әлменова Гүлназ,
Преподаватель

Өте жақсы

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Рахмет.

Тасмурзаева Шынар,
Преподаватель

Қызықты

Ташетова Гулбаршын,
Преподаватель

Тиімді. Рахмет.

Махамбетова Айнур,
Преподаватель

өте жақсы

Кулжабаева Сымбат,
Преподаватель

Рахмет.