"Жаратылыстану пәндері" апталығы аясында 10-сынып оқушылары мектеп оқушыларына химия кабинетінде әр түрлі химиялық тәжірибелер көрсетіп, оның жүру барысын түсіндіріп берді.
Қызықты тәжірибелер алаңы
1.«Газды» су алу, оны «сүтке» айналдыру
Кешті басқарушы оқушыларға қарап – «Мен сіздерге «Сиропты-газды су» алып, оны лезде сүтке айналдырудың жолдарымен таныстырамын» - дейді де, химиялық ыдыстарды реттей бастайды. Үстел үстінде тұрған химиялық үш «таза» стақанды төңкеріп, олардың ішінде еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Содан соң бірінші стақанға «су» құйғанда ол кезде «сиропты суға» айналады да, осы «сиропты суды» екінші стақанға құйғанда ол түссізденеді. Бұдан кейін оны оқушыларға көрсетіп үшінші стақанға құяды. Жаңағы түссіз суағарып, сүтке айналады. Осықұбылыстарды оқушылардан сұрайды, егер олар білмесе теңдеуін жазып, өз шешеді.
2. Құтыдан көпіршік (пена) шығару
Марганцовкаға ұсақталған гидропирит қоссақ, ол қайнай түсіп, қара түсті ерітіндіге айналады, егер осыған сұйық сабын қоссақ, ерітіндіден бөлінген газ көпіршіктерді көтеріп, ыдыстың сыртына дейін шығарады.
3. Түрлі –түсті спектр
Жайпақ ыдысқа майлы сүт құйып, оған әр жерінен түрлі тағамдық бояулар саламыз. Осыдан кейін сұйық сабынға малынған мақталы таяқшаны ортасына апарсақ, әдемі түрлі түсті спектр пайда болғанын көреміз.
4. Марганцовканың өздігінен тұтануы
Марганцовкаға аз мөлшерде глицерин қосып, қағаз сүлгіге орап қоямыз. Осы кезде ол өздігінен тұтанып жана бастайды.
5. «Пепси» сусының түссізденуі.
Сусынға сүт тамшыларын тамызамыз. Осы кезде ол іри бастайды. Қайтадан сүт тамызсақ, сусын түбіне тұна бастайды да түссізденеді.
6. «фараон жыланы»
шынымен қызықты тәжірибе екен
рахмет.
қызықты
Оқушылардың пəнге деген қызығушылықтарын арттырудың ең тиімді жолдары. Сізге көп рахмет
Дұрыс айтасыз.
жақсы
жақсы
өте жақсы
жақсы
Рахмет